Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Түркістан облысында темір жол көпірінің бөлігі құлады

Әлеуметтік желіде темір жол көпірі құлады делінген видео тарады.

Видеода көрініп тұрғандай, пойыз өтіп бара жатқанда көпірдің бір бөлігі құлайды. Желі қолданушылары құлаған көпірдің бір шетіндегі жазу екенін айтады. Және де бұл Шымкент пен Ақсукент арасындағы тас жол деп жатыр.

Құдай сақтап, темір құлаған кезде көпір астында адам да, көлік те болмаған.

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
312

Елімізде жолдардағы жағдай туралы ескерту жасалды

Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет жария етілді. 

Фото: egemen.kz
Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көрініс шектелуі мүмкін.
Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады.
Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

#QAJ

0
0
253

Швейцарияда 13-ші зейнетақы берілетін болды. Ал айлық зейнетақы қанша?

Швейцарияда жалпыхалықтық референдум кезінде дауыс берушілердің 58,2%-ы 13-ші зейнетақы беруді қолдады.

Фото: depositphotos.com

Deutsche Welle-нің хабарлауынша, осындай заң жобасын жергілікті кәсіподақтар мен солшыл партиялар ұсынған. Референдумға сайлаушылардың 58%-ы келген. 26 кантонның (Швейцариядағы ірі аумақтық-әкімшілік бөлініс) 16-сы қолдапты.

Айта кетейік, Швейцарияда орташа айлық зейнетақы жалғызбастылар үшін 2450 швейцар франкі (шамамен 1 251 950 теңге), ал жұбайлар үшін 3675 франк (шамамен 1 877 925 теңге).  

0
0
299

Әли Оқапов ұлының тұсауын кестірді

Роза Рымбаеваның баласы, әнші Әли Оқапов ұлының тұсауын кестірді.

"Құрметті @azamatc@dulyga_akmolda_official aғаларым! Біздің өтінішімізді жерге тастамай, қолдап, Зейіннің тұсауын кесіп бергендеріңіз үшін мың алғыс🙏🏽 Зейіннің танымал актер болып кететін түрі бар😂 Отбасымыздың атынан басымызды иеміз, рахмет!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. 

0
0
361

Студентті ұрып-соғып, алып кетпек болғандар ұсталды

Студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталды.

19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан.
Полицейлер жүргізілген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
382

Тәжікстанның бір бөлігі мен астанасы жарықсыз қалды

Тәжікстанның әжептәуір бөлігі мен астанасы Душанбе бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды.

Қазір Душанбенің біраз жерлерінде электр қуаты қалпына келтірілген.

Ел билігі әзірге не болғанын айтпай жатыр.   

0
0
448

ҰҚК есірткі зертханасын жасағандарды ұстау барысының видеосын көрсетті

ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады.Бұдан басқа, Астана қ. басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған.Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-б…

0
0
443

Телефонды Айжанға беріңіз!

Бүгін банктің байланыс орталығына телефон шалдым. Оператормен арадағы әңгіме:- Сәлеметсіз бе. Мен мынандай мәселемен хабарласып тұр едім.- Телефонды Айжанға беріңіз.- Не? Мен ғой - Айжан.- Айжанның өзіне беріңіз телефонды.- Мен - Айжанмын.- Сіз Айжан емессіз!- Неге?- Дауысыңыз келмейді. Айжанның дауысы - басқа. Біз білеміз. - Айжандікі қандай екен?- Ол - ересек адам. Ал сіздікі...қыз баланың дауысы!- Мен - ересек адаммын. Видеоны қосыңыз, тексеріңіз. - Видео жоқ. Айжанға беріңіз, өзімен сөйлесейін.- Мен - Айжанмыыыын! Сізбен ойнап тұрған жоқпын.- Айжанға беріңіз телефонды! - ....- Айжанға беріңіз телефонды!- Айжан өзі сізге хабарласады.Айжанмын ба, Айжан емеспін бе?!Фото: #boscoverticale - Миландағы "Вертикалды орман" тұрғын үй кешені қасында. Бұл екі үй 900 ағаш, 5 000 бұта, 11 000 шөп ж…

0
0
312

Алғыс айту күніне әдемі тілектер

Мен бірнеше алғыс айтқым келеді! Әрқашан жақын болғаныңыз үшін рахмет. Қолдау мен қамқорлық үшін, қиын уақытта тыңдау және көмектесу мүмкіндігі үшін. Менің өмірімде болу арқылы оны жақсартудасыз. Шын жүректен-рахмет!Сіз жасаған барлық ісіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Әр кеңес, тілек және қолдау үшін. Түсіну, үміт және сенім үшін. Қажетті уақытта менімен бірге болғаныңыз үшін рахмет. Сіздің көмегіңіз мен үшін баға жетпес және өте маңызды. Сізге шын жүректен алғыс айтамын және сізге тек жақсылық тілеймін!Жылы сөздер мен тілектер үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді! Менің қарапайым мекен-жайыма келген барлық жылы тілектеріңіз мың есе көбейсін! Сау, бақытты болыңыз және Құдай сізге армандайтын барлық нәрсені берсін.Сізге шын жүректен рахмет. Сізге осындай адам болғаныңыз үшін рахмет-мейірім…

0
0
4671

Еліміздің құтқару қызметіне - 30 жыл

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына 30 жыл

 1994 жылғы 28 ақпанда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен республикалық жедел-құтқару жасағының бірінші мемлекеттік құтқару бөлімшесі құрылды.
Осы жылдар ішінде жасақ қызметінің арқасында 7323 жедел шығу жасалды, 5787 адам құтқарылды.
Жасақта  кең бейінді мамандар, құтқарушы-сүңгуірлер, кинологтар, шағын көлемді кемелердің жүргізушілері, халықаралық деңгейдегі құтқарушылар жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Республикалық жедел-құтқару жасағы-әлемнің кез келген жерінде ең күрделі авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға қабілетті күштер тобы.

0
0
290