Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Астанада өтіп жатқан велотректен Әлем чемпионатында төрт Әлем рекорды орнатылды

Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Велотректен жастар арасындағы Әлем чемпионатында спринттік жарыста германиялық қыздар 33.962 нәтиже көрсетіп, 2012 жылы Ресей құрамасы орнатқан Әлем рекордын жаңартты. Ал, финалдық жарыста германиялық қыздар өздері орнатқан рекордтық көрсеткішті 33.899 нәтижемен тағы жаңартты.

Командалық жарыста британиялықтар 2013 жылы 4.36 нәтижемен рекорд орнатқан болса, Жаңа Зеландиялық спортшылар Астанада 4.35 көрсеткішпен жаңа рекордты тіркеді.

Ерлер арасындағы командалық спринтте Ресей құрамасы 44.825 нәтиже көрсетіп, Әлем рекордың жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекорды Жаңа Зеландияға тиесілі болатын. Олардың нәтижесі – 60.312.

Айта кетейік, Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

0
0
207

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

Алғашқы ойын бүгін (жұма күнге қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді.

Ал, «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те ойналады.

Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

0
0
248

Азамат Болатұлы: Жеңіске бір себеп – мықты қолдау

Үндістаннан жүлделі оралған кикбоксинг бойынша Азия чемпионы Азамат Болатұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Жеңіске бір себеп – мықты қолдау. Бапкерлеріміздің «Намысты қолдан берме!» деген сөзінен кейін, сенімнен шығуға тырысасың. Оған қоса, елден барған жанкүйерлердің де болысуы жанға демеу екен»,-дейді жеңімпаз. Кез келген сайысқа жан-жақты дайындалатынына тоқталған Азамат Болатұлы: «Жарысқа физикалық бағытта дайындалу өз алдына, психологиялық дайықдық аса қажет»,-дейді.

Спортшы сонымен қатар, таңғы бағдарламада  кикбоксингпен айналысатындардың тамақтану режимі, бос уақытын қалай өткізетіндерімен де бөлісті.

0
0
297

Мәдина Сәдуақасова: Маған дауысы «құлақтан кіріп, бойды алатын» әнші керек!

Әнші өзіне қажетті дауыс иесіне қояр талабын ашық айтты.

«Мен үшін ең алдымен қатысушы – мықты вокалист болуы керек. Дауысы керемет кең диапазонды болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар дауыс болса.

Бір естігенде елең еткізетін, тыңдағанда құлағыңнан кетпейтін, әнді орындағанда «құлақтан кіріп, бойды алатын» әнші керек».

0
0
512

«Конституцияға 20 жыл». Арнайы жоба

Ата Заң туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:05-те көре аласыздар. «Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да, біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құрметпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей қадір тұту». Нұрсұлтан Назарбаев. 30-тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын атап өтеді. 1993 жылы Қазақ елі алғашқы Конституциясын қабылдаған болатын. Кейін араға екі жыл салып, егемен елдің елеулі екінші Конституциясы дүниеге келді. Алғашқысының соңғысынан ерекшелігі мазмұнының сапасында еді. 1995 жылғы Ата Заң жүйелі енді. Кез келген тармақ, тармақшасында теңдік, еркіндік, бостандық туралы айтылатын Ата Заңның ерекшеліктері туралы бүгін 19:05-те «Конституцияға 20 жыл» арнайы жобасынан…

0
0
1721

Астанада «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы басталды

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы аясында елордада «Мейірімді алақан» қайырымдылық шарасы басталды.

Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы орталық базарда және  «Жаннұр», «Евразия», «Магнум», «Green» сауда орталықтарында портфель істпетті арнайы контейнерлер орнатылған. Оған кез келген қала тұрғыны киім-кешек пен кеңсе тауарларын сала алады.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы басталғалы бері жалпы саны 31 мыңнан астам балаға көмек көрсетілген.

Қайырымдылық шаралары 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

0
0
578

Арай сауда үйінде бомба қойылды деген жалған ақпарат берілді

Павлодар қаласындағы «Арай» сауда үйіне бомба қойылған деген жалған ақпарат таратқан ер азамат қолға түсті. Оқиға Тамыз айының 17 жұлдызында сағат 12.55-те орын алған.

***«102» операторының пультіне ер азаматтың ұялы телефонынан Исиналиев көшесі бойындағы  «Арай» сауда орталығына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шұғыл түрде дүкенге арнайы бөлініс қызметкерлері жіберіліп, ғимараттағы адамдар сыртқа шығарылды. Абырой болғанда, бұл хабардың жалған екендігі мәлім болды. Тәртіп сақшыларына 38 жасар, бұрын сотталған ер адам қоңырау шалған екен. Жалған ақпарат тарату барысында азаматтың мас болғандығы анықталды. Қазір, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

0
0
227

Аллергияның асқынған маусымы

Аймағымызда аллергиямен ауыратын адамдар қатары жыл санап артуда. Сала мамандарының мәліметінше, олардың саны 20 мыңнан асып жығылады. Дәрігерге кеш қаралатындықтан, науқастардың көбі ауруын асқындырып алады. Сырқатқа тосқауыл болмаудың тағы бір себебі өңірімізде аллерголог мамандар тапшы. Осы және өзге де мәселелер арнайы брифингте мәлім болды. Аллергиямен ауыратын науқас окулист, отоларинголог, педиатр, терапевт пен дерматолог сияқты дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Ал сырқаттың нақты диагнозын анықтайтын аллергологтардың саны аз. Өңірімізде бар жоғы 7 маман бар. Оның біреуі Ақсу қаласында жұмыс істесе, қалған алтауы Павлодарда қызмет көрсетеді. СТАНИСЛАВ КИМ, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллергологы Өкінішке орай, өңірімізде аллерголог мамандардың тапш…

0
0
328

«Ордабасы» командасы бапкерсіз қалды

Шымкенттің "Ордабасы" командасы бапкерсіз қалды. Команданы бұған дейін баптаған бас бапкер Виктор Кумыков клуб басшылыгғымен келісе алмай, алғашқы үшттікке кіруден үмітті боп тұрған шақта команданы орта жолдан тастап кетті. Айтып өту керек, соңғы кездері "Ордабасы" командасына бас бапкер тұрақтамай жүр. Соңғы біржарым жылда команданы үш бапкер баптап көрген. Көп ретте мұндай жағдай клуб басшылығы мен бапкер арасындағы қаржылық келіспеушіліктерден туындайтыны жасырын емес. Қазақ футболын дамытуда қазақстандықтарды тарту, ала допты қазақ спортшыларына тептіру мәселесі ұдайы көтерілетіні де бар. Легионерлерден қағанағы қарқ бола қоймаған командалар жайлы да аз айтылмайды. Бұл мәселе енді бапкерлерге де қатысты болып отыр. "Командамен бірге өмір сүретін, бірге қартаятын бапкер іздестірлуде. Ә…

0
0
284

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Ғабидулла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды Ғабидулла Әбдірахымов Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген, деп хабарлайды inform.kz 1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі…

0
0
269