Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Елімізде үйге тіркелетін адам санына келесі жылы шектеу қойылуы мүмкін

Заңдарға осыны қарастыратын түзетулер енгізілсе, пәтеріңізге мыңдаған тұрғынды тіркеп қойып отыра алмайсыз.Фото: info.homsters.kz«Көңіл сыйса, бәрі сыяды» дейтін қазақпыз ғой, Астанада тар пәтеріне мыңға жуық адамды «сыйдырып» жіберген «көңілі кең» кісінің сотталғаны туралы жақында жаздық. Мұндай мысалдар бұған дейін де одан да көп көлемде талай болды. Бірақ осы жолы ұсталған азамат 35,7 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтеріне 937 жанды енгізе салған «ақпейілділігі» үшін істі болған жоқ еді. Оған «заңсыз көші-қонды ұйымдастырды» деген айып тағылды.Ал үйіңе адам тіркеуге осы уақытқа дейін құқық жағынан шектеу болған емес. Мұндай шектеу Алматы мен Астанада ғана бар екен. Тек оның өзі мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген және мемлекеттік немесе аймақтық тұрғын үй бағдарламалары бойынша алынған…

0
0
564

Алдағы оқу жылының қалай өтетіні белгілі болды

Бұл жаз да ортасынан асты.Сурет: gov.kzОқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының қай күні басталып, қай күні аяқталатынын және балалардың қанша уақыт оқып, қанша күн демалатынын бекітіп берді.Сонымен, алда мектептегі сабақтар осы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, келер жылдың 25 мамырында бітеді.Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылмақ. Күзгі каникул 28 қазан мен 3 қараша аралығына белгіленген. Демалыс – бір апта.Балалар екінші тоқсанда да сегіз апта оқиды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен  2025 жылдың 8 қаңтары аралығында өтеді. Оқушылар 10 күн демалады.Үшінші тоқсан жылдағыдай ұзақ. Ол кезде он апта сабақ өткізіледі. Каникул – 11 күн (21-31 наурыз аралығы).  Төртінші тоқсанда да оқу сегіз апта екен. Бірақ мамырдағы мамыражай күндермен және оқу жылының аяқталуымен бұл к…

0
0
878

«Барахолка» неге өртене береді?

Алматыдағы «барахолка» атанып кеткен ірі базарда кеше кешке қарай тағы да алапат өрт болды. «Тағы да» дейтініміз, ресми түрде атасақ, «Алатау» көтерме және бөлшек сауда орталығын қызыл жалынның шарпуы бірінші рет емес.  Құдайға шүкір, аспашамдар сақталған екі қабатты қоймада болған бұл өрт те түнге қарай толық сөндірілді. Адам шығыны жоқ. Ешкім отқа күймеген. Тек тауар күйіп кетті. Қызыл жалын 2300 шаршы метр аумақты шарпыпты.   Әлеуметтік желіні аңдыған жұрттың біразы «бас аман болсын, тауардың орны толар» деп отыр. Солайы солай ғой, бірақ «тас түскен жеріне ауыр» демекші, аспашам сатып күн көріп отырғандарға бұның оңай соқпағаны анық.   Сонымен, тілсіз жау неге тек «барахолканы» ұзағынан шыр айналдырып кетті? Жаңылмасақ, мұнда өрт 2013 жылы күзге қарай жиілей ба…

0
0
522

Бопсалағыш блогерлер

Блогер деген кім өзі? Оның жұмысы тек өтірік ақпарат тарату, теңгеге жалданып мақала жазу, адамдардан алдап немесе бопсалап ақша алу ма?Көрнекі фото: arnapress.kzОлай дейтініміз, соңғы кездері олардың арасында әлгіндей әңгүдік әрекет жасайтындар тым көбейіп кетті. Бүгін ғана сондай жағымсыз жағдай туралы ақпарат тарап жатыр.Қызылордада блогер мен оның әріптесі жергілікті құрылыс салушыдан 10 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталыпты. Бұл ақша ақпаратты таратпау үшін берілуі тиіс ақшаның жартысы көрінеді. Яғни аванс ретінде берілген.Негізі, 44 жастағы азамат кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалапты. Мұншама мол ақшаны ол жұмысқа шетелдіктердің тартылғаны туралы өз арнасында хабарламау үшін талап еткен.Блогер қасындағы 37 жастағы танысымен бірге уақытша ұстау қапасына қамалды.Міне, елде жу…

0
0
504

Семей орманын тонағандар жаппай ұсталды

Ұстау шарасы «Семей орманы» резерватында былтыр жазда болған алапат өртке байланысты жүргізіліп отыр. Өйткені осындай кезде үнемі ағаштарды отау үшін оларға әдейі от қойылады деген әңгіме шығып жатады. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, аталған мекеме филиалының директорынан бастап 20-дан астам адам қолға түскен.«9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ қызметіне тосқауыл қойды... Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді» – дейді Қуандық Алпыс.Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау қапасына қамалды.…

0
0
465

Астана тұрғыны пәтеріне мыңға жуық адамды тіркеген. Ол сотталды

Оның 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтеріне 937 адамның тіркелгені анықталған. Бұл жайында қала прокуратурасындағылар хабарлады.Фото: total.kzОсыдан кейін «резеңке» пәтердің иесіне қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органның бұл әрекеті оның өз баспанасына соншама адамды тіркегені үшін жасалып отырған жоқ. Өйткені пәтерге немесе үйге қанша жанды тіркесең де өзің білесің. Яғни елімізде заң бойынша оған шектеу жоқ. Ал мына тұрғынға заңсыз көші-қонды заңсыз ұйымдастырды деген айып тағылған.Сонысы дәлелденген ол ҚР Қылмыстық кодексі 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген.Бір қызығы, прокуратура хабарламасында тұрғынға нақты қандай жаза кесілгені айтылмайды. Бірақ жоғарыда келтірілген 394-баптың 1-бөлігінде былай делінген.«...мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық…

0
0
600

Президент олимпиадашыларға туды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды табыстады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Мемлекет басшысы Ұлттық құрамадағы спортшылармен кездесу кезінде биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол үздіктердің үздігі бақ сынайтын бұл ойындарға ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын алға тартты.«Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желб…

0
0
655

Халықтың МӘМС-ке төлеген ақшасы қайда сақталады?

Еліміздің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) өкілдері осы сұраққа жауап берді.Фото: sputnik.kzМӘМС дегеніміз, тарқатып айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бұл жүйе ел тұрғындарының денсаулығын сақтау саласында олардың мүддесін әлеуметтік тұрғыда мемлекет тарапынан қорғауға арналған. Ол МӘМС-ке ақша төлеп отырғандарға дәрігерлік және дәрі-дәрмек жағынан дер кезінде, қолжетімді, сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге кепіл бола алады.  Оған салып отырған қаржымыздың қайда сақталатыны баршамызға қызық болары хақ. ӘМСҚ бұған толық жауап дайындапты.    Сонымен, барлық жарналар мен аударымдар еліміздің Ұлттық банкінің (ҰБ) арнайы шотына келіп түсіп, сонда сақталады. Ал одан ары қарай қаржы халыққа көрсетілген қызметті төлеу үшін медициналық ұ…

0
0
597

Болат Назарбаевтың балалары байлықты бөлісіп жатыр

Бұрынғы президенттің інісінің байлығы бөліске түсіп жатыр. Кім көбірек алады екен?Фото: FacebookБолат Назарбаев өткен жылы 13 қарашада қайтыс болды. Оның артында қалдырған байлығы содан бері сөз болуда.Bes.media осы тақырыпты қозғапты. Онда нотариус 2024 жылы 3 қаңтарда Исабаев ашқан № 1/2024 мұрагерлік іс келтірілген.Мұраны сұрап сотқа жүгінгендер қатарында Болат Әбішұлының ұлы Нұрбол, жұбайы Динара және көптеген балалары бар.Олардың тізімі мынадай: Назарбаев Нурбол Болатович, 1983 жылы 14 қарашада туған. Назарбаева Динара Кемелхановна, 1986 жылы 4 желтоқсанда туған.Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда туған.Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылы 21 қыркүйекте туған.Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылы 18 мамырда туған.Назарбаев Елнур Болатович, 2013 жылы 19 тамызда туған.Назарбаев…

0
0
868

Черчесов кешірім сұрасын!

Фото: UEFAҚазақстан футбол құрамасына бас бапкер боп тағайындалғаннан кейін ресейлік БАҚ-қа берген бірінші сұхбатында Станислав Черчесов «неге бұл команданы таңдадыңыз?» деген сұраққа: "Бөтен тілдік ортада жұмыс істегім келмеді. Кейінгі екі жылда Венгрияда жұмыс істедім, онда футболшылармен негізінен ағылшынша, немісше тілдесуге тура келді. Енді Ресейде, өз тілдік ортамда жұмыс істесем деп келген едім. Ал Қазақстан – орыстілді ел ғой, бәріміз КСРО-дан шықтық, бұл тұрғыда [Ресей мен Қазақстанның] еш айырмасы жоқ", – деп жауап берген еді.Ал кеше С.Черчесов Астанада алғашқы баспасөз мәслихатын өткізіпті. Жиын барысында журналист Нұрсұлтан Құрманның қайта-қайта қазақша сұрақ қойғаны ресейлік маманға ұнамай қалыпты. Оның бастапқыда қазақша қойған сұрағын ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов орысш…

0
0
466