Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Әлеуметтік қордан азаматтарға 50 мың теңгеден төленетіні рас па?

1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.Қазақстан Ре…

0
0
664

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті журналистер!Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі.Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді.Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтері…

0
0
777

Шымкент тұрғындары Қошқаратаға түсіп, ыстық күннен қорғанып жүр

Шымкент тұрғындары 40 градус ыстықтан қорғанудың жолын өзен-сулардан іздеп әлек.

Осы тұрғыда Қошқарата өзеніне шомылу үшінші мегаполистің көп халқы үшін жазда демалудың дәстүрлі амалына айналған.

Тұрғындар бұл өзеннің суы ыстық күнде адамды бір сергітіп тастайды деп отыр.

t.me/otyrarkz

0
0
554

Сенат адам саудасы құрбандарының құқығын қорғайтын заңды мақұлдады

Енді адамды құлдыққа салу, құлдыққа сатумен байланысты қылмыс бойынша жаза күшейеді. ІІМ дерегінше, елімізде жыл сайын осындай 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Оның ішінде адам саудасы құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың да заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі. @qazaqstantv

0
0
702

Президент БАҚ қызметкерлерін ертеңгі кәсіби мерекесімен құттықтады

Ертең 28 маусым - елімізде БАҚ қызметкерлерінің күні. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы кәсіби мерекеге орай құттықтау сөз сөйледі. «Көпшілігіңіз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауыңыз. Нағыз журналистер әсіре әуестіктен, бос сөзден және әлеуметтік желіде өзіне-өзі масаттанудан ада болады. Олар әрдайым оқиғаның ортасында жүреді. Халықты алаңдататын өзекті мәселелерді көтеріп, мазмұнды материалдар әзірлейді. Дәл осындай белсенді әрі пайдалы іс атқаратын тілшілер қауымы отандық журналистиканың бет-бейнесі саналады. Олар еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Қазір жаңа медиа дәуірі басталды. Бұқаралық ақпарат құралдары жасанды интеллект технологиясын тиімді пайдаланып жатыр. Мұны шын мәнінде жаңашылдық пен жасампаздықтың көрінісі деуге болады. Әр адам…

0
0
413

Алматыда тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап өлген әйел туралы жаңа дерек айтылды

Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматыда биіктен құлап өлген әйелге қатысты түсініктеме берді.

Қожаевтың айтуынша, марқұм Қырғызстан азаматы болған. Ол жақында тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап кетіп, қаза тапты.

"Оның мінез-құлқында өзгешеліктер болыпты. Психикасы дұрыс емес. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жай-жапсары анықталады", - деді министр орынбасары.

0
0
289

Бас прокуратура ата-аналарға ескерту жасады

Фото: egemen.kzКәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.А.ж. 5 айда 2 474 тұлға 14 646 711 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту түрінде жаза тағайындалған.Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл жеті айлық есептік көрсеткішті құ…

0
0
371

Алдағы оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны айтылды

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Оқу-ағарту министрлігіндегілердің хабарлауынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп екен.Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:I немесе II топ…

0
0
372

Өз халқын сорлы қылып көрсетуден бірінші орын беруге болады

Шанхай кинофестивалінде «Алтын кубок» алған «Талақ» фильміі туралы жазбаКешелі бері мына кино Қытайдан жүлде алып келіпті деп жатыр. Олар не үшін бергенін білмеймін жүлдені, бірақ мына суреттерге қарап бұл киноға қазақты қорлаудан бірінші орын беруге болатын шығар деп ойлап отырмын.Б.Майлиннің «Талақ» әңгімесі Айдарбек пен Зейнептің арасындағы сезім мен діни ұғымның, түсініктің арпалысуы туралы. Айдарбек ашу үстінде әйеліне «Атаңа нәлет! Сен не қылмадың... Қараңды батыр, кет! Мен сенен талақ!» - деп айтып қалады. «Құдай! Құдай! Не жаздым құдай!» - деп Зейнеп өкіріп жылайды. Бірақ артынан Айдарбек өкінеді. Екеуі де қиналады. «Ашумен кісі не айтпайды, ашумен айтқан сөзді періште жазбайды» деп, сол күні кешкісін-ақ екеуі татуласады. Болды.Әңгімедегі кейіпкерлер мына кинодағы сияқты ел көрмей…

0
0
391

Министр шегірткеден шығын келмегенін мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегіртке жайлаған өңірлерді өзі аралап, жағдайды қатаң бақылап отырғанын жеткізді.

undefined

Фото: tengrinews.kz

Оның айтуынша, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті. Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ, оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты. Жалпы, биыл зиянкестермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

@qazaqstantv

0
0
293