Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Шымкентте маргиналды жастар ұсталды

Шымкентте маргиналды жастардың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды.

Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кешенді іс-шаралардың нәтижесінде аймақтағы жедел жағдайға теріс әсер ететін он адамнан тұратын топты ұстады.

Олар қару пайдаланып, бұзақылық және бопсалаумен айналысқан. Құрықталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін. Тұрғылықты жерлерін тексеру барысында атыс қарулары, оқ-дәрілер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жайттары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
201

Түркістан облысында жұмыспен қамту саласында қыруар қаржы жымқырылған

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам жымқыру схемасын анықтады.Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға жалған тартып отырған.Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын "Қазпошта" АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған.Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан.Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кіта…

0
0
264

Ақмола облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

undefined

2024 жылғы 27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады.
Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік «заңдағы ұрылар» деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша «Бурабай» курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.
Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
198

Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның әріптестері жазып жатыр. "Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл Ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты…Өкінішті…Сөз жоқ…Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген сәби болмысты Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп.Жақсылар шетінен кетіп жатыр…Сізді сағынатын болдық…Бақұл болыңыз, Аға…Біз Сізге әлі ораламыз…" -- деп жазды Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан. Жұмабай Шаштайұлы 1950 жылдың 10 қазанында Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Коммунизм жолы" газетінде, 1980-87 жылдары республика "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" г…

0
0
251

Бишімбев әйелін жалаңаш видеоға түсуге мүжбүрлеген

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы жалаңаш видеоға түсугі мәжбүрлеген. Бұл туралы бүгінгі сот барысында прокурор мәлімдеді.

«2023 жылғы сәуірде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында оның беті көгергенін көрстететін фотосурет бар екенін білген. Өзін осы суретпен бопсалауы мүмкін деп ойлаған ол Нүкенованың жалаңаш видеоға түсуін талап етеді. Соны өзіне кепіл қылғысы келеді. Бишімбаевтан қатты қорыққан Нүкенова осы талапты орындауға мәжбүр болған», – деді мемлекеттік айыптаушы.  

0
0
316

Бишімбаевты сот залына алып келді

Фото: tengrinews.kz-

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты Астанадағы сот залына алып келді. Бүгін алдын ала тыңдау болады.

Бұл іс бойына судья Айжан Көлбаева. Ол бұрын да атышулы істерді қараған.

Бүгін прокурор оған тағылған айыптар бойынша баптарды айтады.

0
0
287

Қостанайлық жасөспірім сүйіктісімен ұрсысып, Астанаға аттанған

"Қызымен ұрысып қалған". Қостанай облысында полицейлер жасөспірімді ата-анасына қайтарып берді.

10 наурызда 16 жасар қостанайлық ата-анасына досының үйіне түнеуге барғанын айтты. Кешкі сағат 10 шамасында ватсапп арқылы ол өзінің сүйіктісімен татуласу үшін Астанаға бара жатқанын жазған.
Алаңдаған ата-анасы бірден полицияға қоңырау шалды. Қостанай облысы ПД кезекшісі "Қостанай - Әулиекөл - Сұрған" автожолында мобильді пост қою туралы шешім қабылдады.
Октябрь ауылының жанында Әулиекөл ауданының патрульдік полицейлері Альфард автокөлігін тоқтатты. Оның салонында 16 жасар жігіт болды.

Полиция жасөспірімді ата-анасына аман-есен қайтарып берді.

0
0
217

Былтыр гүлге ақша төлемей қойған жігіт енді біреудің телефонын тартып алды

undefined

Былтыр флористі қайшымен қорқытқан экс-полицей бейтаныс әйелдің телефонын тартып алды.
Масаң күйде отырған экс-полицей бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алған.
Осындай дөрекілігімен көзге түскен ол бұл жолы да жазаға тартылған жоқ.

0
0
281

Салық органының қызметкері бірнеше интернет-алаяқтық жасаған

Қосшы қаласында салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет.

Ақмола облысының прокуратурасы

0
0
267

Ақтөбе облысында 11 балықшы құтқарылды

undefined

Бүгін Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы Желтау а/о аумағында Қарғалы су қоймасының маңында 3 балықшылар көлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабар келіп түсті. Боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінді.

03-30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
t.me/qr_tjm

0
0
269