Президент оразаның басталуымен құттықтады
Хижра бойынша бүгін Рамазан айы басталды. Осыған орай Мемлекет басшысы халықты құттықтады.Фото: sputnik.kzҚымбатты отандастар!Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашақ…



