Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Алматыда тауға шыққан екі адам жоғалып кетті

Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті.

Осы минуттарда Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданына Үлкен Алматы шатқалына бет алды. 19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы бейнероликті ұсынды. Құтқарушылар іздестіру орнына шықты. ТЖМ ескертеді: егер сіз тауда адасып қалсаңыз, 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

t.me/qr_tjm

0
0
407

Енді елімізде телефон мен мессенджерлердегі барлық сөйлесулер жазып алына ма?

What’sApp мессенджерінде «ертеңнен бастап» барлық қоңыраулар мен мессенджерлердегі хат-хабарларды жазып алуға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін «жаңа коммуникация ережелері» қолданысқа енгізілетіні туралы ақпарат тағы да тарады. Бұл фейк.Бұл ақпарат Қазнетте 2022 жылдың қаңтарында кеңінен тараған болатын. Ол кезде хабарлама ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан ұсынылған еді. Ведомство мұның бәрі өтірік және «елімізде жаңа коммуникация ережелері жоқ» деп мәлімдеді.Сондай-ақ бұл ақпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атауынсыз Ресейде таралған болатын. Ол да жалған деп танылып, ақпарат жоққа шығарылды.Айта кетейік, қазіргі кезде таралып жатқан мәтінде фейк ақпараттың барлық белгілері бар. Онда «жаңа коммуникация ережелері» енгізілетін күн, мем…

0
0
388

Елімізде А гепатиті өршіп жатыр

ҚАЗАҚСТАНДА А ГЕПАТИТІМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІ ТІРКЕЛДІ2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары.                                       А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫА вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІАурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.А гепатитімен ауыра…

0
0
301

Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері судан шығарылды

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты.

22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті. 23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.

0
0
329

"Канделаки тағы қуып жүр". Ресей терактіден кейін кімге соқтығарын білмей отыр

Мәскеудегі оқиғаға қатысты бір ғана сұрағым бар. Егерде дәл осы сәтке дейін (Мәскеу уақыты бойынша 22:40) «Крокус сити холл» әлі де террористтердің қолында болса, ғимаратқа бірде бір полиция не ФСБ өкілі әзірге кірмесе, онда олар дәл 40 адамның өлгенін қайдан біліп отыр? Ішке кірмей жатып ондай нақты ақпараттан хабардар болудың бір ғана жолы бар. Ол - терактыны өздері ұйымдастырып, өздері басқарып отырса ғана.Тинаш Канделаки тағы қуып жүр. Бұл сылқымның не шегетінін білмеймін, бірақ кеше ол «Абай болыңдар, Ресейде терактлер болуы мүмкін, халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүріңдер» деп ескерткен АҚШ пен Ұлыбританияны Мәскеудегі атысты ұйымдастырған солардың өздері емес екеніне кепілдік бар ма деп лағып отыр.. Неткен идиотизм десеңші. Осыдан кейін жақсылық жасап көр бұл нақұрыс елге. Ерте…

0
0
332

Бүгін - Тазару күні

Бүгін 23 наурызда Наурызнама аясында Тазару күні аталып өтіп жатыр.

undefined

Фото: gov.kz

Бұл - наурызнаманың қорытынды күні. Яғни бұл күн жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алуға арналады. Сөйтіп, Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция, сенбілік өтеді.

0
0
353

Наурыз туралы

22-ші март – Наурыз мейрамы. Күншығыс халқына тегіс мейрам қылып өткізу – салт болған күн. Мұны көп білгіштер «дін мейрамы деп жиреніп, лажы болса, құртып жіберу керек», – деп сопышыланып, аңқау елге арамза молдалық соғатын қазақ коммунист жолдастардан бар екен. Наурызға арналған намаз жоқ. Наурызда құрбан шалынып, Құран оқылмайды. Наурыз – жыл басы. Наурыз – күн мен түннің теңеліп, күннің асып кетіп бара жатқан уағына дәл келетін мейрам. Наурыз мұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз – ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарттарына тұрмыс көбірек байланысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қиыншылықтан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, аман қалған малы балалап, қорасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғатт…

0
0
322

Елімізде соңғы алты айда 36 қаржы пирамидасы анықталған

Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы іске қосылды. Басты мақсат - алаяқтық жобалардың өмірлік циклын және оларға тартылған салымшылар санын қысқарту.IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде.Ағымдағы жылы бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидаларының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді.Тек соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды.Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды. Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық…

0
0
209

СҚО-да екі оқушы зейнеткерді өрттен құтқарды

undefined

СҚО Шағалалы ауылында көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт алаңы 1 ш.м. Өрт ерікті өрт құралымының күштерімен жойылды.
Өрт болған жерге өрт сөндірушілер келгенге дейін Чаглин орта мектебінің 16 және 17 жастағы оқушылары 68 жастағы азаматты құтқарды.
Өрттің себебі - жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

0
0
243

Бүгін - Наурызнама бойынша Жыл басы

22 наурыз – Жыл басы. Наурызнама онкүндігінің тоғызыншы күні. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Астананың орталық алаңында, Қазақ елі және Бәйтерек монументтерінің жанында, Астаналық саябақ аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді. Алматыда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Арбатта Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады. Елімізде Наурыз мерекесі биылдан бастап 10 күн бойы аталып өтіп жатыр. Наурызнамның онкүндігінің әр күнінің өз мәні бар, ол мейірімділікті, руханилықты, ынтымақтастықты, жасампаздықты, жаңаруды…

0
0
224