Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Ақтөбе облысында су басқан ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

Еліміздің Төтенше жағдай министрлігінің құрылымдары су басқан елді мекендерден адамдарды алып шығу ісін жалғастырып жатыр.

Осы сәтте Ақтөбе облысының Қанай ауылында жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Мұның себебі - еріген сулар мен жауын-шашынның көп болуы.

Айта кетейік, АҚО (Азаматтық қорғау органдары) қызметкерлері мен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері жүзу құралдарының көмегімен азаматтарымызды қауіпсіз орындарға жеткізеді.

t.me/qr_tjm

0
0
265

Бишімбаевқа қатысты сот процесі тікелей эфирден көрсетілетін болды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырыстарын бүкіл ел халқы онлайн режимде бақылап отыра алады. Бұл туралы Жоғарғы сот өкілдері хабарлады.

"Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді. Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар", - делінген хабарламада.

Бұл іс бойынша ертең алқабилер іріктелетінін бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
258

Алматыда сәбиді автобуста ұмыт қалдырып кеткен (видео)

Алматыда автобустан кішкентай бала табылды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада коғамдық көлік жүргізушісінің сәбиді алып, патрульдік полиция қызметкеріне беріп жатқаны көрсетілген. Видеоға «Миы ашып жүрген біреу автобуста баласын ұмытып кеткен» деп жазылыпты.

«Ағасы келе жатыр. Осы жерде тұра тұрыңызшы», – дейді жүргізуші тәртіп сақшысына.

Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек те сәбидің туыстары тез табылғанын хабарлады.

«Ата-анасы бірнеше минутта табылды. Оларға баланы беріп жібердік. Бәрі жақсы», – деді ол.

0
0
257

Еліміздің Ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасының 31 жолдамасын иеленді

Франция астанасы - Парижде алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.Фото: © SOPA Images Франция жеріндегі додаға әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар (бокс (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1,…

0
0
294

Ертең экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер іріктеледі

Осы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы жасақталады. Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

0
0
351

Ән салып, трактормен тестке кеттік!

Әлеуметтік желіде оқушылардың трактордың тіркемесіне отырып алып, ҰБТ тапсыруға кетіп бара жатқан видеосы тарады.

«Бұл жұмысшылар емес. Бұл – БҚО Бөкейорда ауданының Мұратсай кентіндегі 11-сынып оқушылары.

Олар сынама ҰБТ тапсыру үшін Орал қаласына қарай осылай жолға шығады. Негізі, тіркемесі бар трактор оларды Оралға апаратын күре жолға дейін ғана жеткізіп салады. Оған дейін 18 шақырым. Ал қаланың өзімен ара қашықтық – 550 шақырым. Сұрақ: Енді олар ары қарай қалай жетпекші?

Оқу-ағарту министрлігі, әкімдіктер, сіздер айтыңыздар!», – деп жазады Сырым Итқұлов.

0
0
315

Ұлытау облысында 360 жылқы қырылған. Енді оның еті қымбаттай ма?

Ұлытау облысында жаппай қырылған жылқылардың кейбірінің иелері табылмай жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Коллаж: qaz365.kz-

Оның айтуынша, аталған өңірде 360 жылқы арам қатқан. Енді жергілікті билік олардың кейбірінің иелерін іздеп жатыр.

Сондай-ақ Сапаров 2023 жылы Ұлытау облысында мал азығын субсидиялауға 1,4 млрд теңге бөлінгенін, әкімдіктің жем-шөп жеткілікті деп есеп бергенін алға тартты.

Қазір бұл өңірде Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен АШМ департамент директоры жүр екен.

Министр «жылқының осыншалықты қырылуына байланысты оның еті қымбаттап кетпей ме?» деген сауалға да жауап берді. Ол бұл салада баға өспейтініне сенімді.

«Қазақстанда жылқы етін өндіру ісі жақсы дамыған. Елде шамамен 4 млн жылқы бар», – деді Айдарбек Сапаров.

0
0
354

Павлодар облысында 20 мыңнан астам тұтынушының құқығы қорғалды

Павлодар облысында табиғи монополия саласындағы заң бұзушылықтар анықталды.

undefined

Фото: pavlodarenergo.kz

Облыс прокуратурасы монополистер - «Павлодарэнергосбыт» ЖШС және «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-інің жаз мезгілінде іс жүзінде ыстық су үшін абоненттік төлемақыны есептеген заңсыз қызметіне жол бермеді.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді, яғни наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады.

Табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

Павлодар облысының прокуратурасы

0
0
293

Шет елде дұрыс көліктің бағасы біздегі қатты соғылған көліктің құнымен бірдей

21 наурыз күні құдам Грузияға кеткен. Бес күн демалысты пайдаланып көлік әкелмекші. Ұшақпен барып, базарды аралап жүріп 7 млн теңгеге сүліктей қара мына Камри-70 көлігін алыпты. 2019 жылғы, жағдайы зың дейді. Ұрылған, соғылғандарын 5-6 млн теңгеге де алуға болады екен. Ал, бізде бұл көліктер кемі 12-13 млн теңге тұрады.

Қазақстанда 7 млн теңгеге камри іздесең табуға болады. Бірақ “но”-сы бар. Мәселен, екінші суреттегі мордасы жапырылып қалған камри-55 7 млн теңгеге сатылады екен. Жасауға тағы 2-3 млн кетеді. Міне утильалым мен первичканың кесірі. Елдің балалары АҚШ-тан арзан көлік мініп, артылғанын қазақтарға сатуда. Ал, біз мұрны бет болған көліктерді жамап-жасқап мініп жүрміз. Қалтаны ғана ойлаған үкімет қауіпсіздікке бас қатырып отырған жоқ.

Диас Нұрақынның жазбасы

0
0
317

Кипрмен арада берік саяси диалог бар - Тоқаев

Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды. Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді. Константинос Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм сала…

0
0
273