Қалада күндіз көліктің шамын жақпағандарға енді айыппұл салынбауы мүмкін
Қала аумағында күндіз автокөліктің жарық шамын жақпағандар айыппұл салынбауы мүмкін, яғни тек ескерту жасалады. Фото: dzen.ruБұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде мәлім болды.«Көлік жүргізушілері арасында үлкен тақыға түскен, қарсылық танытқан бір мәселе болды. Яғни күндіз жарық шамын қалада жағып жүруге қатысты осыған дейін біраз уәж айтылды. Барлығын міндеттеп, жақпағандарға айыппұл салынды. Енді қазір сол айыппұлдарды Әкімшілік кодекстен алып тастау ұсынылып отыр. Жалпы, бұл шешімге не себеп? Расымен, күндіз қалада жарық шамын жағып жүру талабы жылдар бойы нәтиже…




