Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Орал қаласында Жайық суының деңгейі 862 см болды. Қауіпті мөлшер - 850 см

Жайықтың суы Батыс Қазақстан облысына бүгін келеді деген болжам айтылып отыр.
undefined
Орынбордан шыққан нөпір су Батыс Қазақстанға бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар.
Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62 сантиметр болды. Қауіпті деңгей - 850 сантиметр.

Нөпір су алдымен Орынбормен шекаралас Бәйтерек ауданындағы Январцев ауылына жетеді. Елді мекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 30 сантиметрге көтеріліп жатыр.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
309

Былтыр 6,5 жылға сотталған қазақ актері жақында бостандыққа шыға ма?

Белгілі актер Асқар Жұмабектің әлеуметтік желідегі парақшасында "Қараңғы бөлмеге түскен күн сәулесі үміт бергендей" деп жазылды. Желі қолданушылары бұл жазбаны жақсылыққа балап, актер жақында түрмеден босатылуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған пікір білдірушілердің барлығы Асқар Жұмабекке осындай тілектерін жазған. Актер мен тағы 6 жігіттің сотталуына 2022 жылы 28 желтоқсанда Алматыдағы Little Brazil мейрамханасында болған оқиға себеп еді. Онда бір топ жігіт төбелесіп қалған. Abai.kz-ның жазуынша, төбелескендердің арасында олигарх Бахаридин Аблазимовтың ұлы Нұрмұхамет Нұғман, Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы Жармұхамед Аппаз болған.Мейрамханада Жармұхамед Аппаз бен диджейдің арасында жанжал шығып, Ыдырысовтың ұлы досы Альберт Крушельницкиймен бірге диджейді дәлізге алып шығып ұрып тастайды.…

0
0
1391

Қазір еліміздегі эвакуациялау пункттерінде 8,8 мыңнан астам адам бар

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (21.04.2024 ж.)

undefined

Эвакуациялау пункттерінде 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала бар. 22 734 адам үйлеріне оралды.

11,2 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 4,6 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2 114 қоңырау түсті.

0
0
326

Астанада Айкөл Манас ескерткіші ашылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Астанадағы Айкөл Манас ескерткішін салтанатты түрде ашты.Мемлекет басшысы шарада сөйлеген сөзінде елордада мұндай еңселі ескерткіштің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі екенін атап өтті."Екі жыл бұрын Бішкекте ұлы Абайдың ескерткіші ашылғанын білесіздер. Мен сол шараға арнайы барып қатыстым. Мұндай игі бастамалар екі елдің достық байланысын нығайта түсетіні сөзсіз", – деді Қазақстан Президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев мыңжылдық тарихы бар "Манас" жырын барша адамзат руханиятында өзіндік орны бар бірегей мұра ретінде атап өтіп, оны тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы деуге болатынын айтты."Әйгілі жырдың заман сынағынан аман өтіп, бүгінгі күнге жетуіне қазақ ғалымдары з…

0
0
404

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиғаны үшін жазаланған имам туралы не білеміз?

Астанадағы республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминнің жақсы адам екені айтыла бастады.Ал кеше кезінде экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың некесін қиған Қанат Қыдырминді ҚМДБ жазалағаны туралы ақпарат тараған еді.  Олардың некесін қию рәсімі 2022 жылы 17 қазанда аталған мешітте өткен. Сол кезде имам жас жұбайлардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәліктерін сұрағанда, Бишімбаев пен Нүкенова «әлі жасалып жатыр» деп жауап берген.«Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ.Қыдырминге тә…

0
0
371

«Тоқта, вандал!» Астанада қоғам мүлкін бүлдірушілерге қарсы акция өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Астанада вандализмге қарсы бағытталған «Тоқта, вандал!» акциясы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.Астанадағы «Тоқта, вандал» акциясын еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары, аудан әкімдіктерінің және қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, мәслихат депутаттары қолдаған. Осы іс-шара аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Вандализм жасағандар жазасыз қалмайды.«Вандализмнің қоғам мүлкіне зияны тигізу ғана емес, со…

0
0
1008

Роза Рымбаева мен Алтынбек Қоразбаев Қырғыз Республикасының Халық әртісі атанды

Бүгін ҚР Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті.Салтанатты іс-шара барысында Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов мәдениет және өнер өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттау ғасырларға ұласқан достықтың, ортақ мәдениеттің, дамып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуына бағытталған қадам ретінде қарастырылуы керек екенін сөз етті.Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, көрнекті ақын, дипломат, Қазақс…

0
0
360

Апат аймақтарынан эвакуациланған адамдардың саны 118 мыңнан асты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі ақпарат (19.04.2024 ж.)

undefined

Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар.

10,5 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,4 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылды.

Жедел желі телефонына 1971 қоңырау түсті.

0
0
293

Астанада мектеп оқушыларына қауіп төнді ме?

Мессенджерлерде, соның ішінде Теlegram-да Астанадағы мектеп оқушыларын және олардың ұстаздары мен ата-аналарын шошытатын жазба тарады. Жазбада "19 сәуірде ол мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайын" делінген. Осыдан кейін тәртіп сақшылары қаладағы білім ошақтарын тексерді. Сөйтіп, Астана Полиция департаментінің өкілдері мектептерге лаңкестік қаупі төніп тұр деген хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. "Лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын естеріңізге саламыз", — делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.#SatzhangramАйта кетейік, биыл қаңтар айында Теlegram-да Ақтөбеге де қатысты тура осы тектес жалған ақпарат…

0
0
385

Еліміздің миллиардерлері Президенттің сөзіне құлақ асты

Қазақстанның миллиардерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға бірінен кейін бірі, бірінен бірі асырып қаржы құйып жатыр.Kaspi.kz-ның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе еліміздің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 20 миллиард теңге аударады. Бөлінген қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы үйлерді қалпына келтіруге, сатып алуға және салуға жұмсалады.Наурыз айының соңында Kaspi командасы Kaspi.kz қосымшасында онлайн сервис ұйымдастырды. Енді әрбір қайырымды азамат зардап шеккендерге көмектесу үшін Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аудара алады. Kaspi.kz компаниясының өзі бұл қорға жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғыштар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмек сатып алуға деп 620 миллион…

0
0
699