Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды (видео)

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның денесі табылды. Ол қарама-қарсы тұрған көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті.
undefined

"18.05.24 сағат 22:50 шамасында табылды. Енді оқиға қалай болғаны жөнінде полициядан хабар күтеміз. Дәлелсіз әртүрлі әңгімеге ермеңіздер. Медициналық сараптама жүргізеді. Нәтижесін күтейік", - деп жазды блогер Gani Museraliuly.

Асылым 16 мамырда жоғалған болатын.

"Таңғы асты ішіп біткен сәтте үлкендер әрлі-берлі жиналғанша ізім-ғайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді", - деп жазған еді журналист Гүлмира Әбіқай.

0
0
594

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталған. ІІМ осы жағдайға байланысты ата-аналарға үндеу жасады."Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды. Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді. Өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқасаңыз, елеусіз қалдырмаңыз. Мұның бә…

0
0
376

Қырғызстандағы шетелдік студенттер жаппай Қазақстанға келгелі жатыр ма?

ҰҚК баспасөз қызметі осы сұраққа жауап беретін хабарлама таратты.
undefined

Фото: dw.com / Қазақ-қырғыз шекара бекеті
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр", - делінген хабарламада.

0
0
590

Авторларды ешкім менсінбейді...

Байқағаным, авторларды ешкім менсінбейді екен. Ақын, жазушы, композитор, мүсінші, суретші қауым! Сіздер бәрінен биіксіздер! Сіздерге деген баға да, құрмет те жоғары болуы керек! Вы же творцы!Белден басып, шығармаларымызды пайдалана береді.Менің де көп әндерімді кавер жасатып, немесе проекттерінде пайдаланып жүр. Рұқсат сұрағаны аз. Сұрамақ түгілі, You Tube-қа салғанда авторын мүлдем көрсетпейді де, жазбайды да. Бұл - біріншіден, авторды сыйламау, құрметтемеу және түскен қаламақыны авторға түсірмеудің бір айласы.Бірер жыл бұрын "Асыл ананы" бір өте белгілі фармкомпания социальный роликтерінде пайдаланыпты. Сәкен рұқсатын беріпті. Ал мен контрактқа отырып, компаниядан қаламақы өндіріп алдым."Ағалардан рұқсат алдық" дейді жаңа бір жігіт, менің бір әнімді киноның эпизодына пайдаланбақшы екен.…

0
0
369

ҰБТ-дан өте алмадым деп, өзін өлімге қиған

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, Талдықорғанда жас қыз ҰБТ-ның нашар нәтижесінен кейін өз-өзіне қол салған. Жергілікті полицияның түсініктеме беруін сұраймыз.

Алдағы уақыттарда мектеп бітірушілер ҰБТ үшін күйзеліске ұшырайды", - деп жазады t.me/egovpress.

Ал осы жазбаның астындағы пікірлерге салынған дауыстық хабарда қызыдың ата-анасына "Кешіріңдер, мен ҰБТ-ны тапсыра алмадым" деген хат жазып қалдырғаны және оның ата-анасы әлі табылмағаны айтылған.

0
0
566

Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуінің ұрып-соққанын айтып шағымданды  

Әлеуметтік желіде Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелінің шағым айтып отырған видеосы тарады. Онда әйел өзін бұрынғы күйеуінің ұрып соққанын айтады.Фотоколлаж: kaztag.kz «Мен, Атырау қаласының тұрғыны Үмбетқалиева Ақмарал, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болып отырған бұрынғы күйеуім, спортшы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Ринат Хисаұлы Ибрагимовтың үстінен шағым айтқым келеді. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен (материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) қылмыстық іс тергеліп жатыр», – дейді видеодағы әйел.Үмбетқалиеваның айтуынша, оны Ибрагимов 11 жыл бойы балаларының көзінше ұрып-соғып, азаптап келген.«2021 жылы түнгі сағат төртте ішіп алған Ринат мені…

0
0
426

«Медеу» табиғи паркінің құны 3 млрд теңге болатын жер телімдері қайтарылды

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.Фото: kaz.orda.kzЕрекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер, жеке меншiкте бола алмайды.Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 га 10 жер теліміне меншік құқығын тіркеген.Бұған, Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «…

0
0
488

«Атамекен» мен ҚМА бизнесті қорғау шаралары туралы келісімге келді

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) басшысы Дмитрий Малаховпен кездесу өткізді. Тараптар Ұлттық палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қабылдап жатқан шараларын, сондай-ақ бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау мәселелерін талқылады.Райымбек Баталов ҚМА басшысына адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға жол бермеу бойынша жүйелі жұмысы үшін алғыс білдірді.«Атамекен» ҰКП «Бизнесті қорғау» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Басты мақсат – кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу және қызметтеріңізге деген сенім деңгейін арттыру. Шағымдарды қарау үшін бірлескен жұмыс тобы құрылып, өңірлік палаталардың алаңдарында кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, оң пікірлер алынды. Нәтижесінде кәсіпкерлерге қатысты тіркелген істердің саны…

0
0
247

Топан судан зардап шеккен аймақтардың балалары жазда белсенді демалыспен қамтылады

Аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары аяқталды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады.Биыл 3 млн-нан аса баланы белсенді жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оқушылар үшін 10 мыңнан аса лагерь қызмет көрсетпек. Балаларға демалыстан бөлек жас ерекшеліктеріне қарай түрлі танымдық шаралардың ұйымдастырылуы биылғы жаз мезгілінің басты өзгешелігі болмақ.Бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуы үшін мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемек. Одан бөлек, әр түрлі танымдық шаралар қарастырылып отыр. Мәселен, Атырау облысында «Kids university» жобасы шеңберінде балалар уақытша «студенттік билет» алып, бірнеше күн ерекше сабақтар арқылы ғылым әлеміне бойламақ.Орта сынып оқушылар…

0
0
284

Құмар ойын мен бәс тігуге қарсы іс-қимылға 81 млн теңгеге жуық қаржы бөлу көзделген

Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар Ашық НҚА порталына талқылауға шығарылды.Фотоколлаж: egemen.kzКешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілетін болады:- құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар саны 350 000-нан 201 600 адамға дейін төмендейді: 2024 жылы – 35 000 (10%), 2025 жылы – 63 000 (20%), 2026 жылы – 50 400 (20 %);- мемлекет есебінен тегін емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту бойынша көмек алған, құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды қамтуды 13-тен 300 адамға дейін ұлғайту: 2024 жылы – 50 адам, 2025 жылы – 150 адам, 2026 жылы – 300 адам;- бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын 4…

0
0
346