немесе таксидегі қызық оқиғаФото: profi196.ruЖаңбыр құйып тұрған соң, амал жоқ, такси шақырдым. 1 минутта келеді деген такси 10 минуттан соң келді. Үлгерермін деп үндемедім. Құйғытып олай жүрді, бұлай жүрді, Шумахер санай ма өзін, ұқпадым, аварияға өзі тіленіп жүргендей. Үндемедім. Бір кезде:- Ә, бәсе, қатын екен ғой, үйінде отырмай ма тамағын істеп, байы бағады ғой! - деп қойып қалды. Бұл жолы шыдамадым да:- Күйеуі жоқ шығар? - дедім. Ары қарай "әйел затынан ала алмай жүрген өшіңіз бар ма?" деп жалғастырмақ болғам, оған жеткізбеді: - Онда таксиге мінсін!- Мынадай таксиге қалай мінеді, жолаушыны сыйламайды, жүрісі қауіпті, сосын жаңа ол емес, сіз ереже бұздыңыз, негізгі жолдағы көлікті өткізіп жіберуіңіз керек еді, - дедім салмақты үнмен, өзімше сабыр сақтап. Ұялып қалды-ай, кәдімгідей Со…