Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

ШҚО-дағы балабақшада бюджет миллиондары жымқырылғаны анықталды

Алтай ауданындағы «Катюша» бөбекжай-балабақшасын штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы тексеру кезінде балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді аударғаны анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасындағылар хабарлап отыр. Ол өз есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударған.Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, одан әрі іс жүргізуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қызметі жүргізді.Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі адамға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жән…

0
0
240

Елімізде енді мемлекеттің тұрғын үй саясаты айтарлықтай өзгереді

51 мың отбасыға арендалық баспананы «қалдық құнымен» сатып алуға мүмкіндік берілгелі жатыр.
undefined
Фото: egemen.kz

Бүгін Мәжілісте мемлекеттің тұрғын үй саясатын айтарлықтай өзгертуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда қаралады.

Онда жағдайы нашар азаматтардың мемлекеттен үй алуына барынша мүмкіндік беру көзделген.

0
0
292

Ұлытау облысында екі бірдей басқарманың басшылары ұсталған

undefined

Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантүсіпов екі айға қамауға алынған. Оған қатысты су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ал Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова үйқамақта отыр. Ол қоластындағыларға сыйақыны заңсыз бөлген көрінеді.
Екеуі де қызметінен шеттетілген.

Бұл туралы t.me/orda_kz ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.

0
0
700

2022 жылдың қаңтарында Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясын басып алғандар сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздік пен шабуылға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алды, сондай-ақ билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті (272-бап, 269-1-бап 3-бап 380-бап) деп айыпталған 11 сотталушының ісі қаралды.  2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге — Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция басылымына заңсыз кірген. Сотталушылардың қылмыстық әрекеті мүліктің жойылуына ұласып ауыр зардаптарға әкелді.Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті.Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты т…

0
0
268

Бишімбаевқа қатысты істі апелляциялық сот қарайтын болды

Әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді.
undefined
Енді экс-шенеунікке кесілген сот үкімі қайта қаралады. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен онымен бірге істі болған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі биыл 13 мамырда шыққан болатын.

0
0
365

Құмар ойынға миллиондап ақша шашып, алиментке бір тиын да төлемеген

Жетісу облысының прокурорлары алиментін қасақана төлемей жүрген ойынқұмарларды анықтады.Коллаж: Azattyq RuhyАталған өңірде 50 азамат үнемі құмар ойын (интернет-казинолар, букмекерлік кеңселер) ойнап, оған  150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Ал олардың балаларына 60 миллион теңге алимент түріндегі қарызы болыпты.Мәселен, Талдықорғанда жарты миллион теңге алимент бойынша берешегі бар борышкер Д. онлайн букмекерлік кеңседегі есепшотын 52 миллион теңгеге толтырған.Прокурорлардың жүргізген талдауы бойынша Әділет департаментіне борышкерлерге қатысты шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді.Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 87 баланың берешек алименті бойынша 63 миллион теңге қарыздың орнын толтыруға қол жет…

0
0
282

Қарағанды облысында екі жасқа толмаған бала көкжөтелден шетінеп кетті

Оған екпе салынбаған екен.

undefined

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, еліміздегі халықтың популяциялық денсаулығы өте әлсіз.

«Соңғы бірнеше жылда жинақталып қалған екпесіз балалардың аз ғана тобының өзі аурудың осылай өршуіне себеп болады. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында көжөтелден бір өлім тіркелді. Бұл жерде баласына екпе салдыратын немесе салдырмайтын ата-аналардың ортақ жауапкершілігі болуы керек деп санаймын», – дейді Ақмарал Әлназарова.

Шетінеген сәби бір жас 11 айлық болған.  

0
0
239

Бектенов халық бір жарым жылда 100% ауыз сумен қамтылуға тиіс екенін мәлімдеді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі екенін айтты. Ал оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалды.
undefined

Фото: gov.kz

«2025 жылдың соңына қарай біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы тиіс. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру керек», — деді Премьер-министр.

https://t.me/KZgovernment

0
0
299

Алматыда 26 қайырымдылық мекемесінің заңсыз әрекеттері тоқтатылды

Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше көңіл бөледі.2024 жылдың мамырында прокуратураның «Жібек Жолы» Қайырымдылық мекемелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне 26 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күшін жою және тарату туралы талап-арызын қанағаттандыру жөніндегі шешімі заңды күшіне енді.Бұрын жүргiзiлген тексерулер, мекемелердiң жұмысы iс жүзiнде олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетінін және олардың кейбiреулерi бiлiм беру қызметiн лицензиясыз жүзеге асырғанын анықтаған.Балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары, айтарлықтай бұзылған.Тексеру барысында мекемелердің діни бағыты расталған және Қазақстан Республикасының Мұсылмандар діни басқармасы «Жібек жолымен» жасалғ…

0
0
384

ТЖМ басшысы Есілдің жағалауын тексерді

undefined

Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.

Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, елордалық жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ҚР ТЖМ

0
0
256