Мазмұнға өту
Qogam

Qogam

667 жазбалар5 тіркелуші

Азаматтық қоғам - экономика, мәдениет аясында демократиялық қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамушы қатынастардың жиынтығы

Астанада қазақша қақпайтын балалар өсіп келеді

Жеделсатыда болған жағдайдан кейінгі жедел ойӨте бір жайсыз, тіпті, қорқынышты көрініске куә болдым. Жағдай мұндай мүшкіл деп ойламағанмын. Өзім тұратын үйдің лифтіне менімен жарыса екі бала мінді. Түрлері қазақ болғанда да, қап-қазақ енді. 7-8 оқитын балалар-ау. Кіре, төртінші қабатты басты.- Сегізді баса қойшы, - дедім. Қолым бос емес еді. Екеуі алақ-жұлақ етіп бір-біріне қарады. - Се-гіз, - деп нақтылап қайталадым. Біреуі жетіні басты. Түсінбей тұрғанын енді ұқтым.- Ол жеті, маған сегіз керек. Саусағымен сандардың үстін тағы бір айналып шықты. - Сен орыссың ба? - дедім орысшалап. Шын сұрадым. Кәріс болуы да мүмкін ғой.- Нет. - Атың кім?- Мирас.- Мен Сережа әлде Саша деп ойладым, - дедім. Жас бала ғой, неге айтып тұрғанымды ұқпады, білемін. Лифт олардың қабатына жетті де, екеуі құтылған…

0
0
482

Мусин: "Менің компаниям болса, мәселені бір күнде шешіп берер едім"

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі кезінде "Қазақтелекомға" қатысты осылай депті. Бүгін ол соның компаниясы болды ғой. Көрейік енді қалай болатынын...

0
0
627

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болып ресми түрде тағайындалды

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды.Фото: tengrinews.kzБұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын бұрынырақ жазғанбыз. Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда дүниеге келген. 2004 жылы Сүлейман Демирел университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер».2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» респуб…

0
0
309

Астанада Құрбан айт күні қоғамдық көліктер тегін болады

16 маусым – Құрбан айт мерекесі күні елордадағы қоғамдық көліктермен жолаушылар ақы төлемей-ақ жүре алады.

undefined

Астана әкімдігінің шешімімен алдағы Құрбан айт мерекесінде қаланың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағыттары) жол жүру тегін болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қоғамдық көліктердің жұмысы сағат 06:00 басталады.
Түнгі № 201, 202, 203 тағыттарында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Жолаушылар олардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.

0
0
425

Алматыда жол салу кезіндегі былықтар анықталды

Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) қадағалау актісі енгізілді, оны орындау үшін Басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстар…

0
0
265

Кәрім Мәсімов Президенттен кешірім беруді сұрады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді.Фотоколлаж: golos-naroda.kzБұл туралы Informburo.kz жазды.Интернет-басылымның хабарлауынша, қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде ҰҚК тергеу қапасында отыр.«Оның (Кәрім Мәсімовтің – ред.) 2024 жылдың наурызында сол мекемеде отырып Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім беру туралы өтінішхат жолдағаны рас», – делінген ҰҚК-ның басылым сауалына жауабында.Сондай-ақ, онда Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-пункті (Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге мүлікті заңдастыру (ізін жасыру) және 366-бабының 4-бөлігі (Ірі көлемде пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған…

0
0
479

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды қолдайтын петицияға 50 мың қол жиналды

Бұл петицияға қажетті қол саны тез жиналды. Оны ғаламторға қоғам белсендісі, Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаева биыл 29 мамырда жариялаған еді.

undefined

Ал қажетті 50 мың қол кеше жиналып бітті. Бұл туралы петиция авторы өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады.    
«50 000 қол жиналды! Баршаңызға Алла разы болсын! Ұрпағымыздың болашағы үшін қосқан әрбір үлестеріңіз үшін екі дүниеде де жақсылығын берсін!
Алла адастырмай, азғындыққа жол бермей, өзіміздің ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ұстай білсек, ҰЛТ ретінде де, МЕМЛЕКЕТ ретінде де ешкім бізді, іштен де, сырттан да ыдырата алмайды!» – деп жазды Бағила Балтабаева.

Енді бұл петиция Мәдениет және ақпарат министрлігінде қаралуы тиіс.

0
0
369

Мүфтият ай есебін де білмей ме?

Астрономиялық есеп бойынша күн мен айдың шығуы, батуы, тууы, көрінуі сағат, минутына дейін бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын есептеледі және бұл есепте жаңылысу болмайды.Осындай есеп бойынша мұсылман мерекелері және жылдың әр уақытындағы бес мезгіл намаздың уақыты да алдын ала белгіленіп жамағатқа хабарланады. Осындай есепке сүйенген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Ораза, Құрбан айт мерекелерін бірнеше ай бұрын хабарлайды. Өткен жылдың күзінде Ораза және Құрбан айт мерекелерінің қашан басталатыны хабарланды. Бұдан бір-екі айдай уақыт бұрын да Құрбан айттың 17 маусымда басталатыны туралы ақпарат пайда болды. Осыған орай үш күн қатарынан демалыс болатыны туралы да айтылып жатты. Осы күнге орай көпшілік өздерінің демалыстарын және басқа өңірлерге баратын сапарларын белгіледі, кейбіре…

0
0
357

Ақтөбеде жоғалған баланы іздеуге тікұшақ тартылды

13 жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы көкке көтерілді.

Бүгін ТЖМ құтқарушылары жоғалған жеткіншекті әуеден іздей бастады. 

"Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен Кинологиялық қызмет төртінші тәулікте жер үсті жұмыстарын жүргізуде. Олар баланың болуы мүмкін барлық жерлерін мұқият тексеруді жалғастырады. Сонымен қатар, сүңгуірлер Ақтөбе қаласының аумағындағы су нысандарын тексереді", - деп жазады t.me/qr_tjm.

Аутизммен ауыратын баланың бүгін төртінші күн іздестіріліп жатқанын бұрынырақ хабарладық. Кәрім Жетіру 4 маусымда үйден шығып кетіп, содан оралмаған.

0
0
1834

Құрбан айт 16 маусымда басталатын болды

Бүгін һижра жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Сондықтан биыл арапа 15 маусымға, Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға сәйкес келеді. Сурет: muftyat.kz"Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді", - делінген Қазақстан мұсы…

0
0
736