Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

600 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

He пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген. Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды, Жауымнан жасыра алмай қастығымды. Жанымды аямаған жауларымнан, Ала жатар едім ғой жастығымды. Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін, Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің. Алайда, аласапыран тіршіліктің, Алдында күресе алмай тек сілейдім! Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың, Бірақта не бітірдім, не тындырдым. Шөп жинаған ініне суырдайын, Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым. Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! Туған жер сағындырды, келді есіме, Өзім кепіл енді оны көрмесіме. Тағыдай тауда өскен тарлан едім, Таңылдым емхананың бөлмесіне. Кім кепілдік береді өлмесіме! О, дәу…

0
0
862

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау - шапан, Мынау - атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?

Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

...Тойланбаса тойланбасын,

He етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін...

1
0
768

Президент ескі үйлерді бұзу туралы: бұл халық денсаулығы мәселесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ескі үйлерді бұзу қажеттігін айтты.

«Қолжетімді баспана туралы әңгіме қозғалып отырмыз, адамдар ескі үйлерінде тұрыпғ жаңа үйлерін жалға беруде, ақша табу үшін. Адамдар тұрғысынан бұл қалыпты жағдай да болар, алайда біз ескі үйлерді бұзуымыз керек», - деді президент.

Сонымен қатар, ол үйлердің бұзылуын іскерлік сектор үшін пайдасы болатындай етіп шешуге шақырды. «Төрт қабатты Хрущевкалардың тұрғанына 60-70 жыл, енді оларды бұзып, жерді бизнеске беру керек», - дейді ол. «Қала орталығында жақсы жер бизнеске де жақсы әсерін тигізеді, ол қаланың сыртқы көрінісін әдемі етеді. Адамдарға өмір сүру үшін жақсы орынға көшуге мүмкіндік береді. Бұл денсаулық мәселесі, халықтың әл-ауқаты», - деді Назарбаев.

0
0
352

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

Су тартылған теңізден, жылғалардан,

Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,

He бар дейсің, өмірге тұлға болған

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқылы кетеді таңды мына

Менің жаным ашиды барлығына;

Таң нұрына, адамның тағдырына

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен

Енді сендер өмірден өтпендер деп.

Бәрі өтуде

Күн батып, кеш кіруде,

Жаңаруда дүние, ескіруде

Болашақтан - бейтаныс, ұрпағымыз,

Босат деп тұр орнымды,

Естідің бе?!

0
0
1191

БАӘ-не қазақстандықтар үшін визасыз режим қашан күшіне енетіні белгілі болды

Енді Қазақстан тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктерінде визасыз 30 күн жүре алады, режим ағымдағы жылдың 10-наурызынан бастап күшіне енеді.

«10-наурызда Қазақстандықтарға 30 күнге дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде визасыз жүруіне рұқсат берілетін режим күшіне енеді. Біз Қазақстан халқын осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз. БАӘ-не сапарларыңыз сәтті болсын», - делінген Қазақстандағы БАӘ елшілігі твиттерінде.

1
0
769

Түс дегеніміз не?

Түсімде жардан құлап бара жатқандай болып оянып кетемін. Бала кезімде осындай түстер жиі болатын. Кейін өсе келе баспалдақпен көтеріліп келе жатып, баспалдақ бітіп қалғаны не болмаса жете алмас алыста жалғасатыны бар еді. Оянғанда тағы да бір өкініш пайда болатын. Сонымен бізді тус көруге не итермелейді? Ғалымдар түс біздің күндіз болған оқиғаны санамызда қорытып түнде түс ретінде көруіміз деп айтады. Солай болса да кейбір түстер тапсырыс бойынша болатындай. Мысалы, мемлекеттік емтихан тапсырар кезде Андронов мәдениеті деген билет алғаным бар түсімде, емтихан кезінде тура сол билет түсті.Түсінде ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар қаншама? Периодикалық кестені ойлап тапқан Д.И.Менделеевтің мысалын бәрі біледі, ол түсінде кестені көрген, оянғанда жаңалық ашқанын сезген. Айта берсек жаңалықтарын…

4
0
4055

GetContact қосымшасы заңнамаға қайшы келеді – ҚР АКМ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы GetContact қосымшасына қол жеткізу шектелген, себебі жеке деректер туралы заңның бұзылуы болып табылады. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес Министрлік байланыс операторларына және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-на Қазақстан Республикасының аумағынан пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталғандығына байланысты «GetContact» қосымшасын пайдалануды шектеу қажеттігі туралы бұйрық шығарды», - деп «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Басқа адамдардың контактілер тізімінде қала й сақталғандығыңды көруге мүмкіндік беретін қосымша жақын арада Қазнетте танымал бола бастаған еді. Алайда, па…

0
0
811

Футзалдан Қазақстан командасы Евро-2018 полуфиналында есе жіберді

Ойын 8 ақпанда кешке (Астана уақытымен 8-9 ақпан) өтті. Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақыттарда команда 5: 5 есебімен тағы бір рет қарсылас қақпасын соқты. Біздің команда құрамында Тянь, Игита, Таку, Дуглас және Серік Жаманқұловтың голдарына қол жеткізді.

фото: sports.kz

Матч өте тартысты және жоғары деңгейде өтті. Рикардо Какау тәрбиеленушілері испандық әріптсетеріне қарсы шықты. Алайда, пенальтилерде испандықтар мықтырақ болды - 3:1.

Матч турнирдегі Қазақстанның ең үздік кездесуі болды. Какау командасы қорғаныста да, шабуылда да автоматизмге қол жеткізді.

0
0
398

Абайдың қара сөздері. Он бесінші қара сөз

Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол…

0
0
1857

Абайдың қара сөздері. Он алтыншы қара сөз

Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?

0
0
2760