Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Адасқан шағала

Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,

Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.

От-суы мол осынау байтақ алқап,

Сая болған батырға, патшаға да.

Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат.

Қимай мені келдің бе туыс санап?

Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы,

Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап.

Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,

Аялайды, әлдилеп мидай далам.

Толқынға қонақтаған ерке-тотай,

Толқынсыз қара суға қимай барам.

Кім екен саған еткен зорлық, қысым,

Адасқан Атыраудан зарлықпысың?

Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған.

Адасқан Отанынан зарлық құсым.

Қонбасыңды білемін қыр басыңа,

Толқының жоқ жаныңмен сырласуға.

Бөрі де табылар-ау бүл өмірден,

Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа...

0
0
681

Ғалымдар ісік ауруын қоздырушы тағамдарды анықтады

Франция мен Бразилиядан келген ғалымдар тобы жоғары деңгейдегі өнімдерді пайдалану мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы байланысты анықтады. Бұл туралы MedicalXpress порталына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.Нан және тағамдар, газдалған сусындар, қант, жартылай фабрикаттар және қайта жасалған ет өнімдері, қанты бар жүгері қоспалары «өте өңделген» деп саналады. Мұндай азық-түлікте қант, май және тұз көп, бірақ витаминдер мен талшықтарға кедей.Ғалымдар мұндай өнімдерді пайдаланудың және кеуде, ішектің және простата қатерлі ісігінің өзара байланысын талдады. Мұны істеу үшін олар орташа есеппен 43 жастағы 104 980 ер және әйел адамға зерттеу жүргізді. Оларға кем дегенде екі тәулік бойы онлайн-сауалнаманы толтыру сұралды. Сұрақтар 3300 түрлі тағам өнімдеріне қатысты. Сонымен қатар,…

0
0
324

1 наурыздан бастап Алматыдағы Beeline абоненттері автобустарда 1 теңгемен жүреді

1 наурыздан бастап «Beeline Қазақстан» компаниясы қоғамдық көлікте жолаушылар тек 1 теңге ғана төлейтін акцияны іске қосады. Бұл туралы Beeline Қазақстан корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Алексей Бендз мәлімдеді.Акцияның басталуына екі апта қалғанда, Веб-торапта түсіндірмелер салынған плакат пайда болды, алайда Beeline әзірге сервис жұмыс істемей тұрғандығын ұмытпауды сұрайды.«Алматыда қоғамдық көліктерге қатысты 1 теңгеге акцияны сипаттайтын плакаттың электронды нұсқасы Интернетте бізге екертілмей таратылды. Қазіргі уақытта біз Алматы қаласының тұрғындары арасында «Beeline» мобильді қаржылық қызметтерін пайдаланудың артықшылығы туралы ақпараттандыруға бағытталған осы жарнамалық кампанияға дайындықты аяқтаймыз», - деп хабарлайды Informburo.kz.Постерде жолаушылар осы қызмет…

2
0
537

Қазақстанда 9 мың сайт бұғатталды

«Өткен жылы лаңкестік, экстремизм, зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейтін тоғыз мыңға жуық веб-сайт жабылды, 230 мыңдай материалдар жойылды», - деді министр.

Министр 2017 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 137 елдің ішінен 36-орынды иемденіп, интернет-пайдаланушылар саны бойынша бес пунктке көтерілгенін атап өтті.

Интернетті пайдаланушылар саны жалпы халық санының 77 пайызын құрады (2016 жылға қарағанда 4 пайызға өскен). Министрдің пікірінше, 2018 жылға жоспарда желі пайдаланушылары үлесін 78 пайызға дейін арттыру.

0
0
306

Өлең

Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не болды?» – демейтін Жан сүйгенім – ол да өлең, Жете алмасам, жолда өлем! Жанымның жаны, Тәнімнің қаны, Тіршілігім сенімен. Ойландым – тоймадым, Іздедім – қоймадым, Кеңес біраз менімен. Естісе сені – жан иір, Бағаң білмес көп сиыр!

0
0
483

Қасымды қабылдамаған адам хақында

Кез болатын наурыз айы сән құрған, Дала жатты есі шығып жаңбырдан. Сол далада... жол үстінде бұралаң Жасы алпыстың әуізіне құлаған Машинаға қол көтерді бір адам.Қиял құсы қалықтап, Шат сезімі шарықтап өңіндегі Жүргізуші ерекше көңілді еді. - Көрші ауданға жеткізсең, ұлым, мені, Шексіз алғыс айтар ем күні ілгері, - Деп жолаушы қулана күлімдеді.- Жырақ әрі шет екен қонысыңыз, Сізге кінә тақпайық ол үшін біз. – Жүргізуші күлімдеп есік ашты: - Қартты сыйлау - қашанғы борышымыз.Ұзақ жүрдік. Жол шеті көрінбейді, Керім дала қасарып берілмейді. Сыр тартыспақ болсақ та одан-бұдан, Әңгімеміз шашырап өрілмейді.Дәрігердей іздеген жүрек емін, Кенет жерден тапқандай тілегенін. Жүргізуші көзінен от ұшқындап Жатка соқты Қасымның бір өлеңін.Лезде дәмді аузының тұзы құрып: - Ә, Қасым ба, - деді шал тыжырын…

0
0
942

Ұшақ үстіндегі ой

Шаңқай түсте, Яки нұрлы ақ таңда, Нән ұшақпен самғап бара жатқанда, Көз салсаңыз төменге: Біртегіс боп көрінеді жыралар, Тереңінде жыланы бар ұралар, Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Бұққан сансыз құпиялы ойларға, Біртегіс боп көрінеді сайлар да. Біртегіс боп көрінеді Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен, Сәулет беріп жатқандай далаға кең. Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды Сырт көздерден бүркелеп қалады екен. Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп, Назарымды жан-жаққа шашып жүріп, Байқамаппын жаныңның жыраларын, Жылан бұққан зымыстан ұраларын. О, тағдырым, Тірек бол тілегіме, Сабырлы ойдың қашырма сұрқын тіптен, Қас пен достың қажырлы жүрегіне Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер! Ал егер мен жақыннан қателессем, Жақын келген бақытқа қуанбасам, Жақын тұрған биікке…

0
0
504

Абайдың қара сөздері. Төртінші қара сөз

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір ор…

0
0
1916

Шет елдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға қалай қарайсыз?

Бір болашақ, ортақ мақсат, өмірдің барлық қызығы мен қиыншылығын бөлісу. Басқа адамнан өз жан дүниеңді көру. Ал сол басқа адам басқа ұлт өкілі болса ше? Өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып Қазақстанда қалатындар бар да, шет ел асып кететіндер бар. Осыларда айырмашылық бар ма? Көбінесе неліктен шет ел асып кететіндерді қатты сынап жатады, бұл қанымызға сіңген көре алмаушылықтан емес пе деген сауал туындайды. Ал еліміздегі аралас некелерді теледидардан көрсетіп жататынын бәріміз білеміз. Әсіресе, ұлттар достығы, Наурыз мерекелері қарсаңында. Аралас неке... Яғни әйелі немесе күйеуі өзге ұлт өкілі. Сонда ер адамдарға басқа ұлттан әйел алу ұлтқа жанашырлық болып табылады ма? Жалпы өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, шет ел асып жатқан қыздарымыз көп екені белгілі. Мәселен, «Елімізде жылына орта есеппен…

4
3
3308

Митхун Чакраборти Шымкентке келеді

Үндістанның ең танымал, әрі ең қымбат актері Митхун Чакраборти таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына түсірілімге келеді. Ол тарихи лентаның құрылымына қатысады."Біз сәуірде фильм түсіреміз, Чакрабортидің қатысуымен таза үнді фильмі. Үлкен қамал соғамыз және фильмнің Шымкентте түсірілгені барлық жерде айтылады", - дейді Мира Қарсақпаева.Сонымен қатар, таяуда қазақстандық режиссерлар тұңғыш рет Лондондағы кинофестивальге қатысады. Мира Қарсақпаеваның айтуынша, 2016 жылдан бері түсірілген толықметражды кез келген фильм қатыса алады. Кинофестивальдің басты қонағы Голливуд жұлдызы Бред Питт болады.Митхун Чакраборти 200-ден аса фильмге түскен актер. Ең танымал әрі жалақысы жоғары төленетін актерлердің бірі. 1982 жылғы шыққан «Disco dancer» фильмінен кейін оның атағы жер жарды. Ол үнді актрисасы Йо…

1
0
571