ТЖМ басшысы Ақтөбе қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде қала мен өңірдің қауіпсіздігін жақсартудағы маңызды қадам болған, көптен күткен жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Салтанатты рәсім аясында жаңа пәтерлер мен заманауи техниканың кілттері табысталды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және азаматтық қорғау ардагерлері қатысты. ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру бөлімі қала мен оған іргелес аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ қызмет қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. «Осы игі іске атсалысқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Биыл еліміздің түрлі өңірлерінде 9 заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды, қазір бұл тізімде Ақтөбе де бар. Қызметт…
