Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

2016 жылғы Ораза 6 маусымда басталады

Рамазан - он екі айдың сұлтаны Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді». Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару. Рамазан айы – сабырлыққа шақыратын , құлшылық жасауға, амалдарымызды игі істермен толтыруға арналған қасиетті айлардың бірі. Азаннан кеш батқанша дейін тамақтан бас тартқанымен, рухани азықпен сусындайтынымыз анық. Бір сөзбен айтқанда, Рамазан айы адамның өз нәпсісімен күресетін уақыты. Ал егер кімде кім бұл айды осылай қабылдамаған бол…

4
0
3273

Мөлдір Әуелбекова — Бірге жанымыз сөзі

Мөлдір Әуелбекова - Бірге жанымыз Әні мен сөзі Шын бақыттың бағың, аралатып жаным Бір жандым... Түсінетін күнде, күрсінетін бірге Сен жаным... *** Шарықтаттың көкке мені Өзің байлап қанат... Шын бақытты еттің мені Сыңарыңа санап... Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға Бір іргеміз! Біз біргеміз мәңгілік! *** Ең бақытты шағым, ата-анам әнім Сол барым... Сүйеп жүрген тірек Тілеуімді тілеп қолдадың... Еркелеткен, әркез мені Күнде теңеп балға Ақ кемеме желкен еді Жүздіретін алға *** Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға Бір іргеміз! Біз біргеміз мәңгілік! *** Қадам бастым мен сеніменен, тірегім бар... Елім десе елжіреген менің жүрегім бар Сенсің халқым, жүзің жарқын аман болшы Екі көзің мөлдіреген үміт о…

1
0
23800

Айдана Меденова — Менімен биле сөзі

Айдана Меденова - Менімен биле Сөзі және әні Ұнатамын, өзгелерден сені, қызғанамын бағым Бар болғаныңа мен қуанамын, Білмейсің бірақ, жүргейсің жырақ Сағындым *** Сені сүйдім, Ғашық еттің мені қатты - қатты сүйдім Күндіз түні сені іздеймін Білмейсің бірақ, жүргейсің жырақ Сағындым *** Қайырмасы: Өмірдің мәні - мәні Тағдырдың бағы - бағы Жаным-ау бір өзің Айтамын тағы - тағы Өмірдің мәні - мәні Тағдырдың бағы - бағы Жаным-ау бір өзің Жүрегім лүпілдеп соғады сен деп Дүрсілдейді сен деп Сені ғана іздеп Іздеп сені ол шөлдейді Бөленейік бірге, қуанышты күйге Қысылмашы, сен келші Меніменен биле-биле *** Сені мендей Көздеріңнен шын бақытты көремін мен Сенемін мен балғын сезімге Бөлеймін сені, теңеймін сені бағыма *** Сені іздеймін Тулағанда толқын- толқын теңіздеймін Тек үзбеймін күдерімді мен К…

1
0
38782

20 жасыңызда Сіз не істедіңіз?

Жастарға мотивация ретінде, 20 жасында қазақ зиялылары қандай қасиеттерімен ерекшеленіп, нендей жетістіктерге қол жеткізгені жайында қысқаша ақпарат. 1. Әл- Фараби- әлемнің екінші ұстазы жиырма жас кезінде Отырарды тастап, білім алу мақсатында Бағдатқа қоныс аударды. Ол онда аудармашы, түрлі ғылымдар салаларының зерттеушісі болып еңбек атқарды. 2.Шохан Уәлиханов- 19 жасында алғашқы "Тоқтамыс ханның жарлығы" атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" ж…

3
0
1423

Қазыналы қазақтың мақалы мен мәтелі

Қазақ дана халқымыз мақал-мәтелдерге өте бай. Ол ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан халықтық асыл мұра. Оның мағыналары оюмен өрнектелген сөз шеберлігі іспеттес. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Соның ішінде адам денсаулығына арналған мақал-мәтелдерге тоқталмақпын. Әуелгі байлық — ден саулық,Екінші байлық — он саулық,Үшінші байлық — ақ жаулық. Міне, тіпті ата-бабамыз осылайша 3 байлықты бөліп талдап берген. Жарлының байлығы —Дәнінің саулығы. *************************** Жеңіл…

1
0
904

Кәріс қызы инстаграмды дүр сілкіндірді!

Кәріс қыз сахнада бидің түбін түсірді. Қыздар түрік жүргізушісі Мұстафа Мерт Кочке ғашық болып жүргенде, ұлдар кәріс қызға көңілдері ауып кеткен сыңайлы. Бір-екі күннің ішінде инстаграмдағы видеоны 208 597 көрермен көрген, ал репост жасаған адамдардың санын айту тіптен мүмкін емес. Алайда "өзіміздің қазақ қыздары мен қазақ жігіттеріне жетер ешкім жоқ қой, сірә!" деушілердің саны да аз емес. Намысымыз қайда кеткен?! Бөтен елге көзімізді сатып, сілекейімізді ағызамыз да тұрамыз. Сол видеода қызығуға тұрарлық түк те жоқ. Dubsmash арқылы түсірген 15 секундық видеолардың саны көбейіп кеткен, ал сапасы жоқ. Қысқа видеолар не бір үлгі бермегеннен кейін, не терең ой салатын дүние болмағаннан кейін соқыр тиынға да татымайды. Атақ деген бүгін бар, ертең жоқ. Қазағым еліктеушілікке бой беріп, қызықт…

2
0
1593

Республиканың көптеген облыстарын тұман басып, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады.

Ресейдің Еуропалық аумағының шығыс бөлігіндегі циклон Батыс Сібір жаққа қарай жылжып келеді. Осыған байланысты Қазақстандағы ауа райы да өзгермек. Алдағы 3 тәулік ішінде еліміздің көптеген аумақтарында күн күрт суып, бұлттанып, жауын-шашын болады. Ал Батыс және Солтүстік Қазақстанда түнде сулы жаңбыр жауады деп күтілуде.

3
0
778

Абай-дана тұлға!

Абай Құнанбайұлы дара және дана тұлға.  Еңбегі біз үшін таусылмас асыл, рухани қазына. Оның қара сөздері құдды бір жүрекке  еніп, қазіргі өмірдің сабағындай болмақ. Бұл уақытта  ұлы Абайдың сөздері  сәбидің ағзасына ана сүтімен дариды. Ана сүті ағзаға қорек болса, ал Абайдың сөздері санаға қорек.  Абайды тек қазақ ұлты емес, бүкіл ұлт, мемлекет таниды. Тіпті өзге мемлекеттер де оған арнап ескерткіштер  қойған. Абайды танитын өзге ұлт демек, Қазақстанды танитыны сөзсіз. Абай қаншама ғасыр артта өмір сүрсе де, оның өлең-жыр шумақтары әлі күнгіге дейін ойып алар  орны ерекше.

2
0
17524

Өз бетпердеңізді кім шешпек?

Сабырлы, сабырсыз, қарапайым, дөрекі, сыпайы, мәдениетті, мәдениетсіз, көргенсіз, сараң, жомарт, қырсық, ержүрек, батыл, жігерсіз, корқақ сынды т.б. теңеулер кез келген адамның бойынан табылуы мүмкін. Күнделікті адамдар арасында біздер аталған мінездерді жиі қолданып жататынымыз анық. Жаман мінезіміз арқылы жақындарымыздың көңілін қалдырып алып жатқан кезіміз де аз емес. Әр адам бұл өмірге тап таза жүрекпен келгенімен, мінезі анасының жатырыныда жатқанда ақ қалыптаса бастайды. Дегенмен, сол берілген мінезді жақындарымыздың жанына қаяу салмас үшін өзгертуге болады екен. Әрине, әркім өзінікін... Ол үшін өзіңізді жақсы жаққа қарай тәрбиелеп, сабырлы болуға тырысып, қырсықтығыңызды кішкене коюға талпынсаңыз жеткілікті... Барлық ортада өзімізді арыстандай ұстап, қасқырдай көрсетіп, түлкідей қу…

4
1
1086

«Ninety One» тобын қолдайтын танымал журналист

Атышулы Ерболат Беделханның "Ninety One" тобына қатысты шулы даулар әлі де басылар емес. Осы орайда елімізге танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт инстаграмдағы парақшасында бұл топты қолдайтындығын жазған еді. "Ерболат Беделxанға айтарым: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылады, табанды еңбек етіп, бір күн көл, бір күн шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, "мына істеп жүргенің қате" деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде!", - деп жазды Дана Нұржігіт. Бұдан кейін тележүргізуші Ринат Зайытовтың өктем сөздеріне сабырлық танытқан Ерболатты қолдайтынын айтты. "Зайытовтың "91" тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, "жиіркенемін"…

4
1
749