Instagram-да қыздардың жүрегін жаулап алған түрік кім?
Әлеуметтік желілерде соңғы уақытта танымал болып жүрген қарапайым адамдардың саны күн санап артып келеді. Солардың бірі Мұстафа Мерт Коч. Instagram желісінде: mustafamertkoc деген атпен отырады. Соңғы ай ішінде жанкүйерлерінің саны 695 мыңға жеткен! Көліктің ішінде 15 секундтық өлеңге қосылып айтқан видеосын көрмеген адам қалмады. Бойындағы тартымдылығы мен сымбаттылығының арқасында тек Түркия елінде ғана емес, Қазақстанда да өз сүйікті жанкүйерлерін тапқан сыңайлы. Бағы жанып режиссерлердің көзіне түскен Мұстафа сериалға түсу ұсынысын қуана қабыл алған. Ол жерде Мерт есімді жас дәрігердің рөлін сомдайды. Ендеше әр бейсенбі сайын Түркия елінің сағаты бойынша сағат 20:00-де АТВ арнасында «Yeter» (Жетеді) сериалын жіберіп алмаңыздар! Сонымен Мұстафа Мерт жайлы қысқаша ақпарат назарларыңызда…
