Үкімет пен әкімдіктер берілген құзыретті дұрыс қолданбайды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.Мемлекет басшысы алдағы міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілгенін, алайда оның көп жағдайда дұрыс қолданылмай жататынын айтты. "Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Мұндайды доғару керек. Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет", - деді Тоқаев.Президент мәселені шұғыл шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамас…




