Елімізде жалпы құны 375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Бас прокуратура басқа да жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті кешенді шаралар атқаруда.Негізгі мақсат – мұндай активтерді Қазақстан тұрғындарының игілігі үшін заңды айналымға шұғыл тарту.Активтерді қайтару процесі қатаң түрде Заңға сәйкес және Заңның өлшемшарттарына сәйкес келетін адамдарға ғана қатысты жүргізілуде. Қазіргі уақытта Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдауда. Талдаумен тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар т…
