Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайда қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайында қарсы алды.«Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады», – деп хабарлайды Ақорда. Бұл сапар барысында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.Си Цзиньпин осы жолы Тәжікстанға да мемлекеттік сапармен бармақ.Айта кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Осы жиыннан кейін ШЫҰ-ға ротациялық тәртіппен Қытай төраға (…


