Путинді Бектенов қарсы алды
Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд болды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі - $19,1 млрд. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы - $7,4 млрд.
