Қазақстан мен Франция ғарыш бағдарламалары саласында ынтымақтастықты күшейтуде
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған Қазғарыш делегациясы жұмыс сапарымен Франциядан оралды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі. Қазғарыштың басшысы жұмыс сапары барысында «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») француз компаниясының басшылығымен кездесті, сондай-ақ «Ғалам» қазақстан-француз кәсіпорнының («Ғалам» ЖШС) Байқау кеңесінің (БК) отырысына қатысты, Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығын аралап көрді. Қазғарыш делегациясы «Astrolabe» кәсіпорнындағы арнайы «Airbus D&S» оптикалық құрал-саймандарының ғимараттарын, «Airbus Geo Intellegence» еншілес кәсіпорнының жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және тарату орталығын, «Intespace» кәсіпорнының вибрациялық стендін, терм…
