Мазмұнға өту
Маңғыстау облысы
12 жазбалар3 тіркелуші

Маңғыстау облысы – Қазақстанның қиыр оңтүстік-батысында орналасқан аймақ. 1973 жылы Маңғышлақ облысы болып құрылған. 1988 жылы таратылып, 1990 жылы тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайтадан облыс болып құрылды.

47 бала ұсталған: Маңғыстау облысында түлектер арасында жаппай төбелес болды (видео)

undefined

Мектеп бітірушілер арасындағы бұл төбелес Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл (бұрынғы Опорный) ауылында болған.

Жаппай жанжалға ондаған бала қатысқаны бейнежазбадан көрініп тұр. Олардың кейбірі тіпті тас лақтырып жатыр.

Полиция департаментіндегілер болған оқиғаны растады.

Төбелеске қатысқан 47 бала полицияға жеткізіліп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай айтылмайды.

Ал мынау бейнероликті жаңаөзендік түлектер жасаған:

Lada.kz

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында түлектердің кортежіне қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылғанын жазғанбыз.

0
0
447

Ақтауды су басып қалды

Ақтауда нөсер жауын болып, шаһарды су алып кетті. Коммуналшылар су сору ісіне түннен бастап кіріскен.

undefined

Қала әкімі Ұлықбек Тінәлиевтың айтуынша, жұмыстар жеті жерде жүргізіліпті.

"20 мотопомпа, 7 вакуум және 40 шақты маман тартылды. Жүйелі жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Қалада қажетті техника жеткілікті", - дейді ол.

Шаһар тұрғындары болса, су басқан көшелердің бейнежазбаларын әлеуметтік желіде таратып, тіпті бұны қалжыңға айналдыруда.

"Еркектердің мерекесінде осындай жағдай болып қалғанына біз кінәлі емеспіз. Жігіттер, кешіріңдер", - деп күледі көлікте кетіп бара жатқан қыз.

Ескерту: видеода боғауыз сөздер бар

0
0
439
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз