Мазмұнға өту
Закон  и порядок
561 жазбалар322 тіркелуші

Все о законе и его нововведениях.

Тауар таңбасы

Тауар таңбасын тіркеу міндетті емес. Сіз атау немесе логоны шығарып, жария түрде қолдана бастаған сәттен-ақ ол сіздің зияткерлік меншік болады. Дегенмен тауар таңбасын тиімді қорғау үшін, үшсізге тиесілі екенін дәлелдей алу үшін оны тіркеген дұрыс.

Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер тіркелінеді. Яғни ол атау, лого, слоган және басқа өзге форматта болуы мүмкін. Мысалы Coca Cola өз бөтелке формасын, ал Toffifee өз кәмпиттерінің формасын жалпыға бiрдей белгiлі тауар белгісі ретінде тіркеген. Себебі бөтелке немесе кәмпиттегі ерекшеліктер ұзақ жылдар ішінде олармен ассоциация тудыратын белгіге айналған.

Тауар таңбасын kazpatent.kz сайтында онлайн тіркеуге болады. Тауар таңбасын әркім өзі тіркей алады, бірақ қате кетпес үшін заңгер, патенттік өкіл қызметіне жүгінген дұрыс.

0
0
460

Субсидиарлық жауаптылық


Қазір өндірісте бір іс бар: банкрот болған компания директорының мойнына 18 млн. қарыз ілініп, жалғыз үйінен айырылу қауіпі бар. 3 млн. депозитін ұстап алды, ай сайын жарты зенетақысын  алып отыр.

Жалпы іс жүзіндегі компанияның басшылары менің шетелдік клиенттерім. Соларға айтамын да, кезінде 15 минут кеңес алсаңдар осы болмас еді, ал енді қарадан қарап қарияның обалына қалып отырсыңдар.

Заңи мәселелер ауру сияқты ғой, дереу алдын алмасан қиындай түседі. Заң мәселесінде салғырт болмаңыздар. Талай жылғы еңбектің нәтижесі бір мезетте жоқ болуы мүмкін.

Сіз ойламасаңыз оны ешкім ойламайды. Осы істе де, судья отпускке асығып сот отырысына дұрыс шақырмаған, әрі қарияның қатысуынсыз шешім шығарған.

Субсидиярлық жауаптылық туралы қазір нормамлар азаматтарға тек қана формальді негіздер бойынша миллиондаған қарыздарды ілуге негіз болады. Ал банкроттықты басқарушылар болса банкроттың өзге мүлкін іздеместен тек қана субсидярлық жауптылыққа тартумен айналысады. Бұл заңсыз. 

Себебі субсидиарлық жауаптылық тек қана банкроттық процедурасының нәтижесінде, егер өзге мүлік болмаған жағдайда ғана туындайды. Ал банкроттықты басқарушылар болса ондай мүлікті іздемейді де. Салық органдары мен сот бұл бассыздықта көздерін жұмуда. Ертең тығырыққа тірелген азамттар саны критикалық массаны құраған кезде ғана барлығы жүгіре бастайды.

#банкроттық  #банкротство #субсидиарнаяответственность #субсидиарлықжауаптылық

0
0
550

Антикор Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді

Өткен жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 22 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, содан бері тергеу туралы ештеңе белгісіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл іс әлі тексеріліп жатқанын хабарлады.

«Агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.К. Хаменоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында қомақты мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта Хаменова қамауда отыр», - деді ведомство.

Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайтынын атап өтті.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Фото алынды – stan.kz

0
0
309

Ажырысқанда бала тағдырын ақша шеше ме?

Бала туу - екі адамның өлшенген шешімі, бірақ жұп айырылысқанда бала тәрбиелегендегі барлық ауыртпалықтар бір ғана адамның иығына түседі. Баланы балабақшаға, мектепке апарып, кейін алып кету, ауырып қалса - емханаға апару, емдету және тағы да мың мәселе. Сол қиындықтықтарды жеңу үшін жалғыз қалған ана немесе әке алиментке өтініш бере алады. Бұл мүмкіндік неке туралы кодексте бекітілген. Алайда, ол төлемнің екі үлкен мәселесі бар: борышкерлер мен алдаумен азырақ төлегісі келетіндер.

2016 жылы «Алименттер. Төлемеушілерге қарсы 30 қадам» атты жоба басталды. Оның қортындысы бойынша, 424 іс жүргізу аяқталғанын, оның ішінде 304-і тоқтатылғанын, 120-ы қайтарылғанын, алимент төлеуден жалтарған 32 борышкерге әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылғанын, ішкі істер органдарына ҚР ҚК 139-бабы бойынша алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 89 материал жіберілгенін атап өтті.

Тек өткен 2021 жылы 316 борышкер сот алдында жауапқа тартылды, ал 6000 адамға административті іс ашылды. Бүгінгі таңда 8000 адам әлі де баласына борышын берген жоқ.

Магеррамов Магеррам, ҚР мәжіліс депатуты минималды алимент сомасы күнкөріс минимумынан төмен болмауы керектігін айтты. Егер 2022 жылғы орташа жалақы 272 968 теңге болса, кейбірлеулердің алимент сомасы күнкөріс минимумынан аз болу қалай мүмкін? Оған себеп – алимент төлеуші өз жалақысын төмендетіп немесе аз жалақы алатын орынға жұмысқа тұрады не тіпті мекен-жайын ауыстырып, өзін іздетіп қояды.

Көптеген ер адамдар әйелдерімен ажырысқанда, балаларымен де ажырасып жатырмын деп ойлайтын көрінеді. Олардың ойынша, экс-жұптары ақшаны өз керегіне ғана жұмсайды. Бірақ-та олар баланы өзіне ала алатынын білсе, түсінсе келісетіндері шамалы, себебі баланы күту тек ақша жұмсау ғана емес, оған күтім, уақыт бөлу дегенді де білдіреді.

Көрініп тұрғандай, бұл мәселенің шешімі тек заң тарапынан емес, бала ата-анасының қоғамдық және моральдық жетілуінде болып табылады.

Фото https://egov.kz/ алынған

1
0
566

Жануарларға деген қатыгездік

Адамдардың тірі ағзаға деген қатыгез іс-әрекеттері қоғамдағы моральдық-этикалық мәселелерді көрсетеді. Қазіргі таңда көптеген отбасыларда ата-аналар балалардың бойына жанашырлық пен аяушылық, жануарларға деген қамқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіруге аса мән бермейді. Мәселенің түбірі содан басталса керек.

Қостанай облысы, Рудный қаласында биыл қазан айында далада ойнап жүрген Лиза атты тойтерьер мерт болды. Себебі, бейтаныс әйел оны қуалап келе жатқанын қауіпті санап,  жас балалардың көз алдында оны көтеріп, жерге лақтырған. Иесі Светлана Цурканның сөзі бойынша, итіне алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен пайдасы болмаған.  

Ал Тайга есімді итті өз иесі терезеден тастап жібергені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Көршілері оны иті мас кезінде тістегеніне бұлданып, керек етпеген көрінеді деседі. Қуанышқа орай, Тайга тірі қалған, алайда Рудный тұрғынының үстінен арыз жазған көршілері әділдікке қол жеткізе алмағанын @dobro_hvostik_rudny Іnstagram парақшасына жариялаған. Ал түсініктеме қағазына Михаил Катышев итінің байқаусызда қолынан секіріп кеткенін жазғаны мәлім болды. 

Ешкімге зиянын тигізбей жүрген қаңғыбас ит-мысықтардың тамағына у қосып, көше бойына шашып кететін «қара» волонтерлар да өз жұмыстарын бастап кетіпті. Көлігімен көше кезген жануарларды қағып кетіп, оқиға орнынан тайып тұратын жүргізушілер де жоқ емес. Не себепті мұндай жайттар белең алып жатыр? Жануарларды қорлағандар заң бойынша қандай жазаға тартылуы тиіс?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11-тарау, 316-бабында жануарларға қатыгездік жасау туралы былай делінген:

«1. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл іс-әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдiстерді қолдана отырып немесе жас балалардың көз алдында жасалса, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше мәрте жасалған дәл сол іс-әрекет екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады».

2021 жылы 6 қазанда Мәжіліс депутаттары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын және соған байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді қабылдады. 

4-бабында жануарларға қарау мынадай адамгершілік қағидаттары мен ізгілік қағидаттарына негізделеді деп көрсетілген:

  1. жануарларға ауырсыну мен азапты сезіне алатын тіршілік иесі ретінде қарау;
  2. жануардың өміріне, саулығы мен амандығына иесінің дербес жауаптылығы;
  3. жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау;
  4. халықтың жануарларға адамгершілікпен және ізгілікпен қарым-қатынас жасауын тәрбиелеу.

Жануарларды қараған кезде:

  1. ауырсынуды басатын препараттар мен анестетиктерді қолдану жануардың саулығына зиян келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, жануарларға ауырсынуды басуды немесе анестезияны қолдану көрсетілген ветеринариялық және өзге де емшараларды тиісті құралдарды міндетті түрде қолданбай жүргізуге;
  2. бұзақылық пиғылмен не қызметтік міндеттерді атқаруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аңшылыққа байланысты емес мақсаттарда жануарларды басқа жануарларға және/немесе адамдарға өшіктіруге;
  3. жануарларға арналған панажайларға берілгенге дейін немесе өзге де заңды тәсілмен иеліктен шығарғанға дейін жануарлар иелерінің жануарларды асырау жөніндегі міндеттерін орындаудан бас тартуына;
  4. жануарлар төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге;
  5. жануарлардың жарақаттануына, мертігуіне немесе өліп қалуына әкелетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге;
  6. жануарлардың зақымдануына, мертігуіне немесе өліміне әкелетін мүкаммалды және өзге де құрал-жабдықты пайдалануға;
  7. сою немесе жарақат салу және мертіктіру арқылы иттер мен мысықтардан өнім мен шикізат алу үшін осы жануарларды өсіруге, асырауға, пайдалануға, сондай-ақ мысықтар мен иттердің жүнін тарау тәсілімен алудан басқа, осындай өнімді өткізуге;
  8. жануарды өз бетінше эвтаназиялауға тыйым салынады.

Сондай-ақ баптардың бірінде жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салынады.

Құжатта: «Жануарларға қатыгездікпен қарауды, оның ішінде пайда табу мақсатында немесе онсыз баспа, аудиобейне өнімін және басқа да ақпарат арналарын шығару, көрсету, тарату және өзге де пайдалану арқылы насихаттауға және (немесе) соған үндеуге тыйым салынады», - делінген.
0
0
1000

Система е-Өтініш внедрена в рамках АППК

Система E-Отиниш внедрена в рамках АППК. Это новая система и создана она, во-первых, для населения, граждан Казахстана, которым станет проще направлять свои обращения в адрес государственных органов и гарантированно получать ответ. Система новая и мы знаем, что, как и сотрудники гос органов, так и население еще долго будут обучаться и привыкать к новой системе – мы готовы принять конструктивные предложения. Система новая, но уже на сегодняшний день в ней зарегистрировано более 57 000 обращений. Е-отиниш полностью передана в НАО «Правительство для граждан» и специалисты НАО дорабатывают все моменты по юзабилити и т.д.

Что касается кейса Джохара Утебекова – обращение, поступившее в гос орган, канцелярией не было отписано в работу вовремя. АППК предполагает санкции в отношении сотрудников гос органов в случае не предоставления ответа или его некорректности.

С Джохар Утебеков и другими адвокатами на связи, в специальной группе, где получаем необходимый фидбэк по новой системе. После получения обратной связи мы зафиксируем возможности и дедлайны, чтобы обсуждать дальнейшие действия конструктивно. Важно понимать, что обращения в рамках процессуальных действий – прерогатива не НИТа или Правительства для граждан. Мы лишь можем помочь оцифровать этот канал и сделать его доступным на наших сервисах. Нами с Ген прокуратурой ведется диалог о том, чтобы «переписать» существующий сервис на Егов и сделать его только по обращениям в рамках процессуальных действий.

Касательно услуги по приему заявок на гранты в ВУЗы РК  -  сбой наблюдался в один из дней и был незначительным только по данной услуге. На сегодня уже более 32 000 заявок зарегистрировано в системе.

Если говорить о графике работы ЦОНов и обязательном бронировании очереди, то это не нововведение – аналогичное предписание от СЭС мы получали и в прошлом году. Для защиты населения от распространения короновирусной инфекции СЭС обязал все ЦОНы страны перейти на онлайн бронирование очереди.

0
0
2157

Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексі

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында сөз бас маман М.Т. Тохтимаметоваға берілді: ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 санды жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бекітілген. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. Д.Е. Нуркасымов: – «Мемлекеттік қызмет – ол жауапкерлік қызмет, оның басты мақсаты еліміз бен халқымызға қызмет ету. Сол себептен, әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген жауапкершілікті терең сезіну және қайда болса да қоғамдың моральдық-әдептілік қағидаларын сақтап, мемлекеттік қызметкердің беделіне күмән келтірмеу керек» - екенін атап өтті

0
0
1630

Ашық есік күні

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында, Жетісу аудандық Прокуроратурысы өкілінің қатысуымен Алматы қаласындағы жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарындағы студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Іс–шараның аясында студенттер үшін сот ғимаратында таныстыру экскурсиясы жүргізілді. Олар сот отырысы залдарында болып, кіріс және шығыс хат–хабарларды тіркеу кеңсесінің жұмысымен, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен және Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырылды. Сонымен қатар, студенттер сот мәжілісіне қатысты.

Кейін судья Н.З. Батырхан және прокуратура өкілі С. Төреқұл студенттерге сот процессін жүргізу тәртібін, іске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, сот ғимаратында және сот мәжілісінде өзін-өзі ұстаұ ережелерін түсіндірді.

Соңында судья Батырхан студенттердің сот жұмысы бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

0
0
1307

Мүліктік табыс салығы

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Әрі қарай Салық кодексі) 2 тармағы 19 бабына сәйкес Салық органдары салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіруге міндетті екенін басшылыққа ала отырып, Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мүліктік кіріс туралы келесіні хабарлайды.

2018 жылдан бастап күшіне енген Салық кодексі құрылымы жағынан толық өзгерген, яғни осыған дейін Салық кодексінің 180 бабымен реттелген мүліктік кіріс, жаңа кодекске сәйкес 330 бабқа өзгерді.

Салық кодексінің 330-бабына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:

   1) жеке тұлға осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс; 

   2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;

      3) жеке тұлға осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;

 4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;

 5) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;

      6) шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс. 

Бүгінгі таңда көп кездесетін жағдай жеке тұлғаның меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері өткізген кезде құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Аталған мүліктерді өткізу кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

  Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

Тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады.

Сонымен қатар, құн өсімінен түсетін кіріске 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады. Құн өсімін алған жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша есепті (240.00 нысан) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімі

0
0
2220