Мазмұнға өту
Закон  и порядок
561 жазбалар322 тіркелуші

Все о законе и его нововведениях.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

«Сыбайлас жемқорлық қоғамға, 

мемлекеттің конституциялық негізіне 

қауіп төндіреді, сондықтан 

 онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық 

 міндет» 

Н.Ә.Назарбаев

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп қана қоймай, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың  қоғамның негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Бұндай мемлекет пен азаматтар арасындағы қақтығыс еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне кедергі келтіретіні сөзсіз. 

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Елбасымыздың жемқорлыққа қарсы сындарлы саясатын ең басты міндетке ала отырып,елімізді дамыған отыз елдің қатарына қосу үшін қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Персоналмен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Аширбекова Л.Ж.

0
0
1133

Мұраны қабылдау ерекшеліктері.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1042 бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұраның ашылу уақытына қарай мұрагерлік істерді қарау кезінде соттар мұраның ашылу сәтінде қолданылып жүрген заңнаманы қолдануы тиіс. 

Мысалыға, 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылған Казақ КСР Азаматтық кодексінің 542 бабына сәйкес, мұраны алу үшін мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап алты айдың ішінде мұра ашылған орын бойынша нотариаттық кеңсеге арыз беру арқылы мұраны қабылдауға немесе мұрагерлік мүлікті нақты басқаруға міндетті.

1999 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім 1072-2 бап) сәйкес, мұрагер мұра ашылған уақыттан бастап, егер мұрадан бас тартпаса, мұра алу құқығынан айырылмаса және оны мұрагер деп тағайындау туралы өсиеттік өкімді тану салдарынан мұра алу құқығын жоғалтса, өзіне тиесілі мұраға немесе оның бөлігіне құқықты иеленеді.

2007 жылдың 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен Азаматтық кодекстің мұрагерлік мәселелер бөлігіне өзгерістер енгізіліп, мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін екендігі бекітілген.

Айтылғандар негізінде, мұраның ашылу уақытына қарай, сол кезде қолданыста болған заңның талаптары ғана қолданылуға тиіс.

Егер мұрагер мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған жағдайда, мерзімді өткізу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгіну арқылы мерзімді қалпына келтіруге болады.

Заң талаптарына сәйкес, мерзімді қалпына келтіруге мынадай шарттар қажет:

-мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алу;

-мұрагердің мерзімді өткізіп алу себептері жойылғаннан кейін алты айдың ішінде талап арызбен сотқа жүгінуі.

Егер де мұрагер сот алдында мұраны қабылдау мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын анықтайтын тиісті дәлелдер ұсынса, сот мерзімді қалпына келтіре алады және мұраны қабылдады деп тани алады.

Практика жүзінде мұрагерлер өздерінің құқтарын білмеуі салдарынан заңмен белгіленген алты ай мерзімді өткізіп алатыны кездеседі.

Азаматтық кодекстің 1072-1 бабына сәйкес мұраны қабылдаудың екі тәсілі бар. Біріншісі - мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Екіншісі - егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе; мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе және өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

Алматы қаласы Жетісу 

аудандық сотының судьясы С. Қанатбаев 

0
0
1394

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар.

                                    Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар.

              Еліміз тәуелсіздік алғалы бері спорт, мәдени, әлеуметтік салаларында  қарқын даму үстінде, сол салалардың ішіне сот жүйесіде кіреді.  Қазіргі таңда сот жүйесіне және Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға аса қатты көңіл бөлініп отыр, оған дәлел елбасымыздың  «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында айқын көрінеді. Бүгінде Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті, атап айтқанда сот жүйесі озық технологиялермен қамтылған болатын, яғни барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Бейнетіркеу жүйесінің негізгі басымдығы сот отырысына қатысушы барлық тараптарды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды тәртіпке шақырады, процесс барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылықты туғызған даулы сәттер болған жағдайда, тараптардың екеуі де дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады,  бейнетіркеу жүйесі процесте өз қызметтік өкілеттіліктерін жүзеге асыратын судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жапқан немесе осындай жағдайлар болып жатса, белгілі бір кепіл бере алады.

Аудио-Бейне тіркеу жүйесінен бөлек басқа да жаңашылдықтар енгізілген болатын атап айтсақ «Сот қызметін сырттан бағалау» сауалнамасы – аяқталған іс бойынша судьяның, сот хатшысының, іске қатысқан мемлекеттік айыптаушының біліктілігіне баға беруге арналған «талдау форумы», «сот кабинеті» арқылы үйіңізден шықпай ақ талап арыз, апелляциялық шағымды, арыздар бере аласыз, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтынан «Сот актілерінің банкы »  жүйесі арқылы  2010-2017 жылдары соттар шығарған заңды күшіне енген сот актілерін ала аласыз.

          Жылдан жылға заманың талабына сай еліміздің  сот жүйесі дамитын болады және  заманауи технологиялардың бүгінгі күнде сот отырыстарын жеңілдетіп отырғаны байқалады. 

         Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі М.Кимелов

0
0
645

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны

          Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны өте маңызды деуге болады, Сот отырысы хатшысының жұмысы  күрделі, көп функциялды және сонымен бірге өте қызықты болып келеді. Көпшілігі хатшының жұмысы бір қарағанда өте оңай, сот отырысына қатысып, барлық іс қимылдарды хаттамаға түсіріп отырса болғаны деп ойлайды, әрине бұл олай емес, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы сот құжаттарының дұрыс, дәл, құзыретті түрде жасалуы, сот отырысының хаттамасында барлық іс әрекеттердің баяндалуы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына уақытылы қатысуы, азаматтық істерді ретімен дайындауды, сот актілерін және басқа да көптеген құжаттарды есепке алу нұсқауларына сәйкес реттеуді, сот құжаттарын, актілерін тараптарға жолдауды, азаматтық істерді реттеп, тігіп кеңсеге өткізуді, жеке шағым немесе апелляциялық, кассациялық шағым түскен жағдайда жоғары тұрған инстанция жолдауды, т.б жүмыстарды атқарады . Сот отырысының хатшысы ұйымдастырған жұмысынан оның жауапкершілігі, сауаттылығы, адалдығы мен дәлдігі, судьяның жұмысы мен имиджі негізінен байланысты.                                                    

             Сот отырысының хатшысының жұмысы ауыр болғанына қарамастан, атқаратын қызметінің жақсы жақтары жоқ деуге де болмайды, Сот барысында білікті заңгерлерді тыңдау, іс материалдарын зерделеу, белгіленге мәселені мәселені дербес талдай отырып, олардан қорытындыларын шығарып отырады. Талапкерді де, респонденттен де тәжірибелі адвокаттардың қатысуымен әртүрлі заңдық амалдарды қолдана отырып, дәлелді жеңіп алу үшін процестерді қадағалау қызықты екені анық.

            Қазіргі таңда, сот жүйесінде ақпараттық және заманауи технологиялардың дамуына байланысты, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады. Әрине мынадай жаңашылдықтар сот отырысы хатшысының жұмысын әлде-қайда жеңілдетеді.

             Мемлекеттік қызметшілер сияқты, сот отырысының хатшыларына қойылатын талаптары қызметшінің беделін жоғарылату мақсатында көбейтіледі. Сот отырысының хатшылары, сот отырысының ауыртпашылығына, талаптарына қарамастан, мұқият, жауапкершілікті түрде өз міндеттерін атқаруда.             

           Сөзсіз, сот отырысының хатшысының атқаратын  жұмысы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі қте маңызды рөлдердің бірі болып табылады.

            Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Л.Т. Какенова.

1
0
1412
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз