Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Субсидиарлық жауаптылық

Қазір өндірісте бір іс бар: банкрот болған компания директорының мойнына 18 млн. қарыз ілініп, жалғыз үйінен айырылу қауіпі бар. 3 млн. депозитін ұстап алды, ай сайын жарты зенетақысын алып отыр. Жалпы іс жүзіндегі компанияның басшылары менің шетелдік клиенттерім. Соларға айтамын да, кезінде 15 минут кеңес алсаңдар осы болмас еді, ал енді қарадан қарап қарияның обалына қалып отырсыңдар. Заңи мәселелер ауру сияқты ғой, дереу алдын алмасан қиындай түседі. Заң мәселесінде салғырт болмаңыздар. Талай жылғы еңбектің нәтижесі бір мезетте жоқ болуы мүмкін. Сіз ойламасаңыз оны ешкім ойламайды. Осы істе де, судья отпускке асығып сот отырысына дұрыс шақырмаған, әрі қарияның қатысуынсыз шешім шығарған. Субсидиярлық жауаптылық туралы қазір нормамлар азаматтарға тек қана формальді негіздер бойынша миллиондаған қарыздарды ілуге негіз болады. Ал банкроттықты басқарушылар болса банкроттың өзге мүлкін іздеместен тек қана субсидярлық жауптылыққа тартумен айналысады. Бұл заңсыз.

Себебі субсидиарлық жауаптылық тек қана банкроттық процедурасының нәтижесінде, егер өзге мүлік болмаған жағдайда ғана туындайды. Ал банкроттықты басқарушылар болса ондай мүлікті іздемейді де. Салық органдары мен сот бұл бассыздықта көздерін жұмуда. Ертең тығырыққа тірелген азамттар саны критикалық массаны құраған кезде ғана барлығы жүгіре бастайды.

#банкроттық #банкротство #субсидиарнаяответственность #субсидиарлықжауаптылық

0
0
435

Осы тақырып бойынша