Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

936 жазбалар569 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары»

Бұл екі кітаптің авторы – Айгиз Ғиззатұлы Баймұхаметов. Ол 1988 жылы 27 қазанда Башқұрстандағы Белорецк ауданы, Абзаков ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған соң балалар үйінде тәрбиеленген. Башқұрт мемлекеттік университетінің башқұрт филологиясы мен журналистика факультетін аяқтаған. Айгиз Ғиззатұлы – журналист, жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі.«Ертегісіз өткен балалық» бұл кітап «Тастамашы, ана!» повесінің жалғасы болып табылады. Бұл шығарма орыс, татар, чуваш, азербайджан, монгол тілдеріне аударылған. Сонымен бірге қазақ тіліне де аударылған, оның авторы Саят Қамшігер.Басты кейіпкер – Ілияс. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі. Баланың басынан кешкен оқиғалар баяндалған. Кітаптың тілі қарапайым, оқуға жеңіл. Бұл туынды өмірді…

0
0
1689

Ойла: Ecosophy немесе киелі табиғат

Балалар мен жастарды тәрбиелеу үшін іргетас ретінде қалануы мүмкін болатын «Экософия немесе киелі табиғат» кітабы, Абзал Құспан атап өткендей, 2019 жылы жарық көрді. ЭКОСОФИЯ - адамның табиғатқа қатынасын қарастыратын қазіргі экологиялық санадағы бағыттардың бірі. Тұжырымдаманы 1973 жылы норвегиялық және француздық философ Арне Несса ("терең экологияның" негізін қалаушы) жасаған. Экософия - экологиялық философия - жастарды тәрбиелеуге арналған, бала кезінен табиғатқа, қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншілікті оятады деп айтуға болады.

0
0
510

Ертегі кейіпкерлерінің энциклопедиясы: Қыдыр ата

Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

0
0
580

Омарбек батыр және дау

Тарих өткен күннің естелігі болса да, қазіргі ұрпақ көкейінен де, болашақ ұрпақ санасынан да өшпейтіні анық. Жазушы, журналист Нағашыбек Қапалбекұлының “Кек” романынан да, осы тарихи күндердің лебі сезіледі. Романның басты кейіпкері Омарбек Жантайұлының елі үшін соңғы демі қалғанша, халқына көрсетілген әділетсіздікпен күрескендігі, бүгінгі ұрпақ көкейінде нағыз ер, патриот ретінде сақталды. Батыр - ол елінің мүддесі үшін сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын адам. Нағыз батыр Омарбек Жантайұлының да есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.Романда Омарбек батыр мен патша өкілдері және би - болыстарының арасында орын алған дау мәселелерір анық көруге болады. Ал, кез келген дау белгілі бір оқиғаның тарихи фактордың негізінде орын алары сөзсіз. Кек романында кездесетін кейіпкерлер ар…

1
0
509

Төлеген Айбергенов - заманның дара тұлғасы

XX ғасырдың 60 жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталған кезең болды. М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаевтар өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңіне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді. Міне, осы буын жасаған поэзияда ерекше орны бар үлкен талант, дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны - Төлеген Айбергенов. Жыр бәйгесінде өзінің талғампаздық, өнерпаздық құныңды, суреткерлік қасиетіңді, азаматтық абыройыңды сақтап қалу үшін шынайы талантпен қоса дамылсыз ізденіс те керек. Міне, осы көкіректегі дарын мен көңілдегі ой-сезімді фонтан суындай көкке бір-ақ шапшытып, өнерпаз маңдайын айдай жарқыратар ізденіс-халқымыздың дарынды ұлдарына ғана тән қасиет.Сондай ұлдарының бірі де бірегейі шоқ боп маздаға…

0
0
724

Өңір таныған мақтаныштарымыз

Учащиеся 2 класса частное учреждение "Үндестік" посетили выставку посвященную нашим казахстанским писателям«Өңір таныған мақтаныштарымыз» на которой познакомились с творчеством наших земляков С. Оспанова, А. Шаяхмет, А. И. Сусловой , Т. А. Кайгородцевой.

Ребята с удовольствием разгадывали загадки, послушали стихи о дружбе.

#балаларжылы

0
0
410

Абай Құнанбайұлы өлеңдері

«Жазғытұрым», «Жаз», «Қансонарда», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» сияқты Абай өлеңдері – ірі шеберлердің бояумен салған суретші картиналарындай өте көркем, өте ұғымды және тек қазақ даласына ғана тән бейнелер...» - деп жазды Сабит Мұқанов.

0
0
587

Әдеби бағдарлама: Ж.К. Роулиң «Хәрри Поттер»

Бүгін сіздердің назарларыңызға белгілі Ұлыбританиялық жазушы Жоан Роулиңнің жазған Хәрри Поттер кітабының қазақша нұсқасын ұсынатын боламыз. Қиял-ғажайып оқиғаларға толы бұл кітап 7 томнан тұрады. Бәріңізге белгілі бұл кітаптың бас кейіпкері Хәрри Поттер. Кітапта Хогуартс сиқыр мектебінің оқушысы Хәрри Поттер мен оның достарының бастан кешкен оқиғалары туралы баяндалады. Кітапханамызға келіп, қазақ тілінде қиял-ғажаыпқа толы кітапты алып оқыңыздар.

0
0
350

«Өңір таныған мақтаныштарымыз»

Көрмеде Қостанай облысының балалар әдебиетін жандандырып, бүлдіршіндерге арнап ертегі, әңгіме, өлең, жұмбақтар жазып жүрген қаламгерлеріміздің еңбектері жиналған. Жазушыларымызға тоқталсақ, олар: Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, С. Мәуленов, С. Оспанов, А. Шаяхмет, А. Суслова, Н. Мұқатов, Т. Кайгородцева және т.б. жазушыларымыз топтастырылған. Осы кітап көрмесін тамашалауға қала қонақтарын, тұрғындарын және оқырмандарымызды қуана күтеміз.#балалар_жылы«Өңір таныған мақтаныштарымыз»17 октября будет организована книжная выставка, посвященная писателям Костанайской области, под названием «Өңір таныған мақтаныштарымыз». В экспозиции собраны произведения местных авторов, таких как: И. Алтынсарин, А. Байтурсынулы, С. Мауленов, С. Оспанов, А. Шаяхмет, А. Суслова, Н. Мукатов, Т. Кайгородцева, котор…

0
0
276

М. Мақатаев «Өмірдастан»

«Болсаң, темірдей бол!» - деп М. Мақатаевтің автографпен басталатын «Өмірдастан» өлең жинағы, 1976 жылы ақынның көзі тірісінде жарық көрген. Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жайып, биіктеп барады. Көпшіліктің сұрауы бойынша «Өмірдастан» оқырмандарына еш өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.

0
0
694