ru
Feedback Banner
Книги
Книги
816 жазбалар565 тіркелуші
Рецензии, обзоры, мнения
1

Омарбек батыр және дау

Тарих өткен күннің естелігі болса да, қазіргі ұрпақ көкейінен де, болашақ ұрпақ санасынан да өшпейтіні анық. Жазушы, журналист Нағашыбек Қапалбекұлының “Кек” романынан да, осы тарихи күндердің лебі сезіледі. Романның басты кейіпкері Омарбек Жантайұлының елі үшін соңғы демі қалғанша, халқына көрсетілген әділетсіздікпен күрескендігі, бүгінгі ұрпақ көкейінде нағыз ер, патриот ретінде сақталды. Батыр - ол елінің мүддесі үшін сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын адам. Нағыз батыр Омарбек Жантайұлының да есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.

Романда Омарбек батыр мен патша өкілдері және би - болыстарының арасында орын алған дау мәселелерір анық көруге болады. Ал, кез келген дау белгілі бір оқиғаның тарихи фактордың негізінде орын алары сөзсіз. Кек романында кездесетін кейіпкерлер арасындағы дау мәселесі сол күндердегі тарихи оқиғалардан сыр шертеді. Дау бұл әртүрлі тараптар арасында қоғамдық мәселелер бойынша қарама-қайшы көзқарастар барысында туындайтын келіспеушілік. Романның алғашқы«Сабылтайдың әкесінің асында» бөлімінің өзінде бірнеше мәрте дау мәселесі орын алады.

«...Уа, Омарбек, күллі Жетісудағы ерлердің аруағы көтеріліп жатқанда, сенікі не жатыс, бір үн қатпай?!Ел басына күн туған осындай заманда сендей намысты ерлер қол бастамайтыфн ба еді? Тұр, беліңді бекемдеп атқа қон, аттандап, езілген жұртыңның егілген жұртыңның еңсесін көтер! Баста жұртыңды, озбыр жұртқа қарсы! Тап бүгін тұяқ серпер күндерің, бас көтерер сәттерің келді! Тұр деймін саған!..». Түсінде ата-бабалары осылайша Омарбек батырға аян береді. Бұл батырдаң намыс жігерін қайрап, халқы үшін күреске түсуіне себеп болды. Батыр ауқатты отбасынан болса да, жастайынан дала кезіп халық жағдайын көзбен көріп, қарапайым халыққа жақын болып өскен. Дәл осы алғашқы бөлімде «Омарбек өзін дел-сал күйге түсірген түсіндегі дауыстың сырына түсңнбеген қалпы жан-жағына қарады...»-деп баяндалады. Осы тұста батырдың ішкі даусымен күресі айқын көрініс табады. Романның осы сыйпаттауына тоқталсақ, батырға берілген аянның даусы бірақ уақыт бойы мазалап, құлағынан кетпейді. Оның іс-әрекетін сынап, әмір беріп, бұйырып сөйлеген дауыстың мән мағынасын біраз уақыт бойы түсіне алмаған ол ел жағдайын біраз ойлап, көзбен көрген, ортасында жүрген біраз дүниелермен тілдесіп, өз-өзімен ішкі дауға түседі.

Күртінің болысы Сабылтай да, сол тұстағы көптеген би мен шенділер секілді қарапайым халықтан өзін жоғары ұстайтын, әділетсіз, озбыр ел билеушілерінің қатарынан болған. Оны «Сабылтайдың әкесінің асында» бөлімінде былай сыйпаттайды, «Сәл нәрсеге шатынап тұратын қатыгез Сабылтай дүние жинаудың және керек кезде елге жағынудың түрлі әдіс-айласына да шебер болып алған.». Сабылтай ол тек өз пайдасын ойлап қалған, қалай істесем тағыда байыйды екенмін деп жүретін ел арасында сыйлы болса да, шын мәнінде ешкімге құрметі жоқ болыс болған. Сабылтайды ел оның қарапайым халыққа, тіптен өзінің бір туған жақынына көрсеткен озбырлығы үшін де жақтырпайтын.Омарбек батыр мен Сабылтай байдың арасындағы дау мәселесі айқын әділдік пен әділетсіздік тарапынан болды. Батырдың Сабылтай болыс туралы ойы да дәл осы бөлімде көрсетілген. «Ел арасында көптеп бері кембағал мен кедейдің сөзін сөйлеп, момынның мүддесін жақтайтын батыр Омарбек, лауазымды дәуге бас ұрып шенді ұлыққа жағынуды мәртебе көріп жүрген Сабылтайды өзге де жұрт сияқты шын жақтырмайтын» .Ал қарапайым халықпен бірге өскен Омарбек батырды ел шын жақсы көретін, құрметтейтін. Омарбек батыр халықтың бар мұң зарын білгендіктен де Сабылтай болыспен келіспей қалатын кездері де болған. Бұл жер романда былай сипатталады, «Бұрындары ел көзінше екеуі бір-екі мәрте сөзге келіп қалғаны бар» .