Омарбек батыр және дау
Тарих өткен күннің естелігі болса да, қазіргі ұрпақ көкейінен де, болашақ ұрпақ санасынан да өшпейтіні анық. Жазушы, журналист Нағашыбек Қапалбекұлының “Кек” романынан да, осы тарихи күндердің лебі сезіледі. Романның басты кейіпкері Омарбек Жантайұлының елі үшін соңғы демі қалғанша, халқына көрсетілген әділетсіздікпен күрескендігі, бүгінгі ұрпақ көкейінде нағыз ер, патриот ретінде сақталды. Батыр - ол елінің мүддесі үшін сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасайтын адам. Нағыз батыр Омарбек Жантайұлының да есімі ел есінде мәңгі сақталмақ.Романда Омарбек батыр мен патша өкілдері және би - болыстарының арасында орын алған дау мәселелерір анық көруге болады. Ал, кез келген дау белгілі бір оқиғаның тарихи фактордың негізінде орын алары сөзсіз. Кек романында кездесетін кейіпкерлер ар…