Мазмұнға өту
Обложка сообщества Книги

Эрих Распе «Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясы»

Неміс жазушы Эрих Распеның «Приключения барона Мюнхаузена» деген шығармасы алғашқы рет 1937 жылы қазақ тіліне аударылған. Авторы Сәлкен деген лақап атымен шықты. Кейіннен Оспахан Әубәкіров, Сатыбалды Даумов деген қазақ жазушылары да қызықты етіп қазақша сөйлетті. Кітап латын қаріпінде де шыққан екен.

Қазақтың «Қырық өтірігіндегі» Тазша бала тыңдаушыларын алдамай, өтірік екенін сездіре тұра, өтіріктерді қызық үшін құрап айту өнері – қай халықта да болғанға ұқсайды. Бұл өнер тапқырлықты, логикасы мықты қабілеттерді талап етеді. Немістің әңгімелеріндегі барон Мюнхаузен де сондай кейіпкер.

Бұл кітап тек қана балаларға емес, үлкендерге де қызықты болады. Ал бірге оқыса одан да керемет жақсы болар еді.

0
0
353

Осы тақырып бойынша

Эрих Распе «Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясы» - Yvision.kz