Мазмұнға өту
История

История

223 жазбалар207 тіркелуші

Сообщество для любителей истории

Арыстандай екі бұтын алшайтып,Арғымақ мінген өкінбес!..

Мен бір қазақтай әлем әдебиетін, әлем поэзиясын білем. Небір ғажап дүниелер бар онда. Әсіресе рухты бекітетін жапонның «Хагакурэ»-сі, Хокку мен Танка-сы, Лонгфелло-ның «Гайавата жыры»... тағысын тағы, толып жатыр кереметтер... бірақ мынадай рухты бекітіп қана қоймай, оны әспететтейтін, шыңдайтын дүниелер, кесіп айтам, кездестірмедім:

... Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес,

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес,

Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес, - !!!!

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес,

Құрама шаппақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес,

Екі арыстан жау шапса,

Оқ қылқандай шансылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

(Аймадет Ер Доспамбет, XV ғасыр)

-1
0
732

Дандайсуға жөніміз бар, немесе Бүткіл дүние - түріктердің мекені

Қазір бүкіл әлем қызықтап көріп жатқан викинглер (скандинав тілдерінде де көптік түрі – vikinger) туралы америка және еуропа сериалдарында жаугер теңіз көшпелілерін Британ аралдарының момын жұртшылығы – «ДАН» дейді. Жалпы, бұл этнониммен (елесіммен) осы күнгі Дат (Дан) түбегінің тұрғындарын байырғыдан атайды. Еуропа ғалымдары бұл атауды Один Құдайы патшаның дүдәмал ұлы Данға әкеп тірейді.Бұл амалсыздан туған жансақ пікірге ұқсайды. Біріншіден, скандинав деректерінде Одиннің бұндай ұлы болғаны туралы деректер жоқ, екіншіден орыс тілтанушы ғалымы профессор Ю. Н. Дроздовтың айтуы бойынша «көне еуропалық этнонимиясында (елесімдерді зерттейтін ілімде) бұндай патроним (атадан тараған есім) Еуропада мүлдем кездеспейді». Дроздовтың тұжырымы мынадай: 1. Дан – көне түркі сөзі, 2. грамматикалық порм…

-1
0
590

Шыңғыстау алтыны

Осы тақырыптың алды-арты зерттеулер: "Найман & Арғын. Аралас тарих" https://yvision.kz/post/888335; "Тобықты - Арғынның бір бұтағы" https://yvision.kz/post/892097; Елатан - Тобықты https://yvision.kz/post/892334; Жандос-Жігітек батыр https://yvision.kz/post/892702; Ер Мамайдың алдында шаһид болдым, өкінбен! https://yvision.kz/post/893577Сонымен, Шыңғыс ханның қаһан көтерілген жері Шыңғыстау екені туралы куәліктер көп. Хорезмшахқа аттанарда Шыңғыстауда отырғаны да шын. Мәуреннахрды түбегейлі басып аларда қалың қол Шыңғыстаудан шыққаны туралы деректер көп. Ақселеу Сейдімбеков: «Абайға әкесі: Шыңғыс хан Бұқарды шабарда екі рет қыстаған», - деуі содан. Ауызша әңгімеге дес берсек (ауызша историография тегі жазбашадан мықтырақ, өйткені бұрмалау жоқ), бұл өңірде (Шыңғыстауда) бүгінгіге дейін (Шы…

-1
0
912

Люди-Вороны (Қарға тамырлы Қазақ)

Laura Nurmuhambet Usanma в комментах к моему опусу про Аристова / Николай Аристов: Хунны и Казахи – уан пипл, один народ, см. ниже) написала: А вот скажите, wu-sun (‘ву-сунь’) это те же уй-сунь?, далее: вот читаю-слушаю: (по-турецки) Говорят wusun’lar Kıpçakların ataları...В всех китайских источниках Уйсуны (Усуни) - потомки народа Сэ (сэ – это саки, С.П. Толстов, и др.), «Небесные Люди, Вороны».Согласно греческих авторов, Усуни - это Исседоны. Разумеется, античная традиция не знала ни этнонима усунь, ни этнонима юэчжи. Но предположения о тождественности их с «исседонами» античных источников высказывали многие востоковеды. А. Н. Бернштам соотносит античный этноним «асии» с самоназванием «усунь». Он пишет: «Асии — это древние исседоны, восточная ветвь массагетов». Почти к такому же выводу…

-1
0
591

Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша Қазақстанның тарихы, дәстүрлері мен әдебиетін білуде №1 МЛ 4 «Д» сынып оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. Достық жеңді.

В отделе для дошкольников и младших школьных классов была проведена интеллектуальная игра «Брейн-ринг» посвященная дню независимости Казахстана. Учащиеся 4 «Д» ШЛ №1, по итогам которой показали неплохой результат в знании истории, традиций и литературы Казахстана. Победила дружба. #балаларжылы

0
0
621

«Азаттық үшін күрес»

2022 жылы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі және Қазақ хандығының соңғы билеушісі, сұлтан Қасымның ұлы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымовтың 220 жылдығы атап өтіледі. Қазақ халқының тарихында ол ұлтаралық қайшылықтарды еңсеруге тырысқан және халықты біріктіру үшін өз өмірін аямаған ұлы қолбасшы, саясаткер, дипломат ретінде қалады.

№18 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушылары үшін мерейтойға орай «Азаттық үшін күрес» атты тұлғалық сағаты өткізілді. Іс-шара тарих пәнінің мұғалімі Куатбаева Айгуль Серкибаевнамен бірлесіп дайындалды. Бірнеше оқушы Кенесары ханның қаһармандық өмірі туралы баяндамалар жасады. Ақпарат қызықты және өзекті болды, өйткені тарих сабақтарында балалар тарихи тұлғалармен танысады. Кездесу қызу өтті, балалар сұрақтар қойып, әңгімеге қатысты.

#балаларжылы

0
0
234

Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жаса…

1
0
340

Есім таңдау да өнер?

Әкемнің бала күннен бірге оқыған жолдасы бар - аты-жөні Нұрханов Сейітбек, Өзі ғылым жолына түскен, кезінде мажарлар (венгрлер) мен қазақтардың арасындағы туыстық туралы жазған адамдардың бірі, алғаш рет біздің елге Кеңес дәуірінде сол кісі арқылы мадиялар келген болатын. Әкеммен бірге мектепте қатар оқыған, кейін әкем ауылдағы жеті жылдық мектепті тәмамдаған соң, экстернмен тапсырып Торғайдағы Иванов мектебін орысша бітіреді. Таң қалам, білімнің қадірін қатты түсінген ғой, өз бетімен оқып, орысша үйреніп қана қоймай аталған мектепті аяқтаған соң Меңдіғардағы педагогикалық училищеге түседі. Біздің "ішкі жақ" деп аталатын өңірде (Қостанай жағын айтамын) оған түсу және аяқтау Университет білімін алумен парапар. Медіғараның білімінің жоғары болатын себебі - онда кезіндегі Расулия, Ғалия сияқ…

0
0
684

"Айқапта" көтерілген әйелдер мәселесі

Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздердің библиографиясы күні бүгінге дейін толық жасалып бітпесе де, ұлт тарихында айрықша маңызға ие басылымдар бар. ХХ ғасырдың бас кезінде орын алған толассыз толқулар уағында жарық көрген газет-журналдарға көз жіберіп, ақтарып көретін болсақ, олар революцияның үскірік желі шалып өткен Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан біршама дерек береді. Патша өкіметі алдында қазақтың «қап!» деп неше жерден қапы қалғанын, қапияда өткен істердің де көп болғандығын көрсететін «Айқап» журналы соған дәлел.М.Сералиннің редакторлығымен және жауапкершілігімен шығып отырған «Айқап» сол кездегі көкейтесті мәселелерді хал-қадірінше көтеруге, халыққа таныстыруға тырысты. Бұл журнал – күрмеуі көп, шешуі қиын күрделі құбылыстар туралы сан алуа…

1
0
602