Ақжан Абдалиева: ''Стереотиптерді ирониямен көрсетуге тырысамын''
Ақжан Абдалиева елімізде ғана емес, Еуропаның көптеген елдеріне танылған суретші. Швейцария мен Германия галереяларын дүркіреткен қандасымыз өз Отанында биылғы күзде «Жетінші сезім» атты көрмесін де өткізді. Көрменің қаншалықты сәтті өткенін, Ақжанның болашақтағы жоспарлары мен жалпы өнер жайлы толғанысын біліп көрелік. - Ақжан, көрмеңіз қалай өтті? - Көрмем, менің ойымша, өте тамаша өтті. Біз шақыру билеттермен келген қонақтарға сыйлықтар тараттық. 1500 адамдай келді. Ұйымдастырушылармен кішігірім мереке жасадық десем де болады. Осыншама көп адам келеді деп ойламаған едім. - Кішкентайыңыздан суретші болғыңыз келді ме? - Иә. Менің неге суретші болғым келгенін білесіз бе? Кішкентайымда жиі ауылға әжеме баратынмын. Сонда ауылда үйір-үйір жылқылар мен құлындарға қызығып, олардың суретін салғ…
