Жас ата-аналар тәжірибесінен
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні Мәдина мен 7 жасар қызы Толқынай. — Қызыңыздың мінезі қандай? — Қырсықтығы бар. Егер өзіне бірдеңе ұнамаса, істеткізу өте қиын. Алайда істегісі келмей тұрған істі жақсылап түсіндірсең және ол қажет екендігін өзі түсінсе, бәрін өзі-ақ істейді. Бір жағынан бұл жақсы деп ойлаймын. Себебі әр адамның өзіне тән мінезі болуы керек. — Демалыс күндеріңізді қалай өткізесіздер? — Саябаққа, ойын-сауық орталықтарына барамыз. Анда-санда кинотеатрға, хайуанаттар әлеміне барып тұрамыз. — Қызыңыздың ерекше ұнататын ісі қандай? — Ең жақсы көретін ісі — мектепке бару және кітап оқу. Оқығанды өте қатты жақсы көреді. Тіпті соңғы қоңырауда жылады (күліп). — Толқынайды үйірмелерге алып барасыз ба? — Иә, бұрын домбыраға қатысқан. 6 жасыннан бастап биге барады. — Балан…
