Талғат Байназаров: «Барлық оқушылардан 100% математик болуды талап ете алмаймыз»
«Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан, Артында ілесе алмай жүрміз әман. Күн сайын өзгеріліп, өнер артып, Бәрі де бара жатыр алға таман», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, күн сайын дамып, ілгерілеп бара жатқан заман талабына ілесу әр кезде де мүмкін болмайды. Ал білім саласында ондай жаңашылдықтарды жыл сайын енгізе беру тіпті қиынның қиыны болмақ. Білім жүйесінің өзгерістері мен сол ауыр артиллерияның сарбаздары: мұғалімдер мен оқушылар турасында жас мұғалім Талғат Байназаровпен әңгімелескен едік. Өйткені Талғат математика пәнінің оқытушысы ғана емес, интернеттегі белсенді жастардың бірі. Қазақтілді «Геогебра» бағдарламасының авторы. «Ұстаздық еткен жалықпас» дегендей, Талғат 22 жасында бала оқытуды (және де қазіргі заман талабына сай оқытуды) - өзінің өмірлік мақсаты деп біледі. - Талғ…
