Мазмұнға өту
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 жазбалар4 тіркелуші

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

Мұқағали Мақатаев туған күніне арналады

Бүгін — 9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны, мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Ақынның лирикаға толы әсерлі өлеңдері поэзия сүйер жастардың бірнеше буынын қамтып келе жатыр. Қазақ поэзиясында өшірмес із қалдырған Мұқағали өлеңдері әлі де үнін жоғалтпасы анық. Заман талғамайтын лирик ақынның поэзиясы жастар жүрегіне үнемі жақын болып келеді, соның ішінде махаббатты жырлайтын өлеңдерінің бірін «Екпін» журналы видео нұсқа арқылы поэзия сүйер барша қауымға арнайды. Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектескен достарымызға — видео түсірген Ерлан Аменов пен өлеңді мәнерлеп оқыған Дастан Сапашовқа алғысымызды білдіреміз. Бүгін тек қана сүйікті ақынымыздың туған күні емес, қазақ поэзиясының мейрамы десек әбден болады, сондықтан бүгінгі күнмен сіздерді құттықтай отырып,…

5
5
7988

Алматы көшелері: Мұратбаев көшесі

Мұратбаев көшесі Алмалы және Жетісу аудандарында, Шағабутдинов пен Қожамқұлов көшелерінің арасында орналасқан. Қаланы Райымбек даңғылынан солтүстіктен оңтүстікке қарай Мақатаев, Жібек жолы, Төле би, Қабанбай батыр, Жамбыл, Құрманғазы көшелерін қиып өтіп, Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Көшенің жалпы ұзындығы 2030м. Бұрынғы атауы — Гончарная. Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқан күрескер, Жетісу облысы мен Верный қалалық комсомол ұйымдарының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев 1902 жылы Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Ғани кішкентайынан жоқшылық көріп өседі. Анасы ұлы мен қызын өсіру үшін сол кездің байларына жалданып жұмыс істеп жүреді. 1911 жылы анасы Ғаниды орыс бастауыш мектебіне жібереді. Мектепке барып оның…

4
1
3745

«Ғылым Ордасындағы» Табиғат мұражайы

«Ғылым Ордасындағы» бұл мұражай басқа үш мұражайға қарағанда ең ескісі болып саналады. Осы жылы оған 52 жыл толып отыр. Кезінде Ғылым Академиясының көне институттарының бірі — 1932 жылы құрылған Зоология институты материалдарының негізінде құрастырылған. Институт ғалымдары түрлі экспедицияларға шығып, қазба жұмыстары, жергілікті фауна мен флора, көптеген қызықты материалдар жинастырып, зерттеген. Осы жұмыс нәтижесін көпшілік назарына ұсыну үшін осындай мұражай құруға шешім қабылданған еді. Ал бастамаға Ғылым Академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қолдау көрсетіпті.1957 жылы экспозициялар құрылысы мен экспонаттар жасау жұмыстары басталған. Бұл мұражайға сондай-ақ Зоология институтының басқа да зертханалары өз фондтарынан экспонаттар ұсынған. Бүгінде мұражай үлкен жөндеу…

5
5
4037

Шетелдік студенттер Қазақстанда. ІI бөлім

Еліміздің ірі қалаларында, соның ішінде Алматыда, шетелден келген студенттерді жиі көріп жатамыз. Материалымыздың бірінші бөлімінде қытай, жапон, ауған жастарынан сұхбат алсақ, осы жолы Алматыда оқып жүрген қырғыз, испан, ингуш студенттермен әңгімелесіп, таныстық. Рамазан Мухамбет, Қырғызстан, 18 жаста — Қазақстанға қашан келдің? — Мен негізі 1994 жылы Бішкекте туылдым. Бірақ Алматыда 4-6 сыныптарда оқып, қайта Бішкекке көшіп кеткенмін. Бүгінде ҚМЭБИ-дің «Бизнес Басқару» бөлімінде оқимын. Ағам осы университетте оқығандықтан, оқу орны туралы бұрыннан білетінмін. Маған оның атағы мен абыройы ұнады. Сондай-ақ мектепте оқыған кездерден тек жақсы естеліктер қалған, көптеген сыныптас достарым осында. Ал қазірде достар одан сайын көбейіп, Қазақстанның жан-жағынан жиналады. Жалпы бір жыл бұрын Қа…

5
7
1633

«Қаланың кішкене бір бөлігін бақытты қылып жүргенімізге ризамыз»

«Әр адамның бұл өмірде өз орны бар». Бұл сөздің шынайылығы көптеген теориялардан белгілі. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» кітабындағы «Неге арналсаң, соны істе» деген бөлімнен, айналамыздағы өмірлік практикадан да кездестіре аламыз. Бізді қызықтыратыны, әрине, шынайы өмірден алынған мысалдар, қасымызда жүрген адамдар тағдыры. «Екпіннің» бүгінгі кейіпкерлері өмірлік жолын жеті жасында-ақ таңдай білген. Неліктен көпше түрде айтып отырмыз? Өйткені олар әлемнің заманауи өнер алаңында Қазақстанды абыройлы таныстырып жүрген апалы-сіңілі Гүлмира және Гүлнәр Ғаббасовалар. «Gabbassov Sisters Company» битеатрындағы балет сыныбынан естіліп жатқан классикалық музыканың фонында біз олардың Семей «Пионерлер үйіндегі» би үйірмесінен жеке битеатрларын ашқанға дейінгі өнер жолы мен өздерінің мо…

7
1
1722

«Қазақ» газетінің 100 жылдығы

Согласно циркулярному распоряжению от 9-го декабря 1905 года за #14508 уведомляю Главного Управления... ...под ответственным, в полном объеме, редакторством киргиза #5 айла Тусунской волости, Тургайского уезда и области Ахмеда Байтурсунова издавать в г. Оренбурге еженедельную газету на киргизском языке, под названием "Казах" (Киргиз) по следующей программе... ...Губернатор Генерал-лейтенант подп (Сухомлинов) ««Заманына қарай амалы» деген сөз бар. Мұның мағынасы — заманның түріне қарап істеу. Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма? Болмаса, дауыл боп соғып, үйімізді жығып, общинамызды шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз қиюсыз, етект…

7
4
4948

«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайы

Бұл мұражай 2010 жылдың 1 маусымында құрылған. Мұнда XVIII-XIX ғ.ғ. мен XX ғ. 40-жылдар аралығын қамтитын 500-ден астам сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың мол қоры жинақталған. 1-экспозиция «Қазақстан көне дереккөздерде» Еліміздің ең алғашқы табылған жазба тас ескерткіштері. Бұл жердегі таңбалар белгілі бір ақпараттарды көрсетеді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен табылған түрлі жазба ескерткіштер қойылған. Мысалы, Қола дәуірінің белгісі Шығыс Қазақстанда табылған «Ақбауыр» ескерткіштері, «Манат» жазу-сызу өрнектері, Павлодар маңындағы Жасыбай-Өлеңті, Оңтүстік Қазақстаннан табылған қаңлы жазуы, т.б. "Ағаш таяқша", "Ашық тас жазуы", VIII - X ғ. IV-ші Талас жазба ескерткіші тасы 2-экспозиция «Қолжазба – ғасырлар мұрасы» Бұл зал жазу мәдениетімізге ортағасырдағы «Ислам» мәдениетіні…

7
1
5459

Bossa Nova стиліндегі «Қараторғай»

«Екпіннің» бүгінгі кейіпкері талантты да сұлу жас әнші Айсұлу Қойшынова. «Дудар-ай», «Дедім-ай, ау», «Қараторғай» сынды сүйікті әндерімізден бастап, батыстық Sade-ның романтикалық тректерін ғажайып дауыспен орындайтын Айсұлу бірнеше сұрағымызға жауап берді. — Алдымен өзің жайлы айтып берсең? Әнші болуды қашаннан бастап армандадың? — Әкем музыкант болғандықтан кішкентайымнан музыкаға жақын болдым. Үйде баянда ойнаса, мен жанында ән айтып жүретінмін. Өзімнің күйтабақ ойнатқышым болатын. Сонымен Майкл Джексонды, классикалық музыканы және әр түрлі аудио ертегілерді тыңдап өстім. Ең алғаш рет көпшіліктің алдына ән айтуға шамамен 4-5 жасымда шықтым. Басында қорқақтағаным болмаса, халықтың мені қарсы алғаны, шапалақтағаны ұнап қалып, сол кездері алғаш рет әнші болу арманы пайда болды десем болад…

10
4
1463

Шетелдік студенттер Қазақстанда. І бөлім

Еліміздің ірі қалаларында, соның ішінде Алматыда, шетелден келген студенттерді жиі көріп жатамыз. Қытай, жапон, ауған жастары неліктен бізге келіп оқиды, мақсаттары не, ойлары қандай? Саид Самим, Ауғанстан, 22 жаста — Қазақстанға қашан келдің? — Қазақстанда тұрып жатқаныма 3 жылдай болды. Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 2 курс студентімін. Қазақстанға «1000 ауған баланы оқыту» бағдарламасы бойынша 2010 жылы келгенмін. Қазақстанға келгенге дейін Ауғанстанда жазушы болу мақсатымен «Парсы тілі филологиясында» білім алып жүргенмін, кейін осы бағдарлама бойынша емтихандар тапсырып, жоғарғы балл алғаннан кейін Қазақстан елшілігінен Қазақстандық университетке шақырту алдым. Сөйтіп қазақ елінің қандай екенін көрейін деп Қазақстанға келдім. —…

6
4
1913

Жексенбілік дастархан: тез пісірілетін пицца. Пицца рецепт қазақша

Бүгін «Аспаздық» айдарында оқырмандарымызбен пицца дайындау әдісімен бөліскелі отырмыз. Бұл пиццаның дайындалу әдісі оңай, әрі тез. Сондай-ақ қашанда тоңазытқыштан табылатын ингредиенттерден тұрады. Пиццаның қамырын дайындау үшін: — 2 стақан ұн — 0,5 стақан сүт — 2 жұмыртқа — 0,5 шәй қасық тұз — 3 үлкен қасық сұйық май Ал, ішіне өзіңіздің талғамыңызға қарай ірімшік, бұрыш, майонез, кетчуп, қызанақ сынды т.б. нәрселер салсаңыз болады. Пиццаның қамырын дайындау үшін алдымен: Ұн мен тұзды бөлек табада араластырып аламыз. Жұмыртқа, сүт пен сұйық майды екінші табада араластырып аламыз. Сөйтіп ұн мен тұз араласқан табаға дайын сұйықтықты сұямыз. Қамырды илеп, 30 минутқа үстін сүлгімен жауып қойып қоямыз. 30 минуттан кейін қамырды екіге бөліп, оқтаумен илей отырып пиццаның пішініне келтіреміз. Ү…