Мазмұнға өту
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 жазбалар4 тіркелуші

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

Алматы көшелері: Бағаутдин Шағабутдинов

Шағабутдинов көшесі Алмалы, Жетісу және Бостандық аудандарында, Шәріпов пен Мұратбаев көшелерінің арасында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Мақатаев көшесінен Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Көше Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы көшелерін қиып өтеді. Шағабутдинов көшесі соғысқа дейінгі уақытта пайда болып, оның бойында бір қабатты тұрғын үйлер тұрғызыла бастаған. Алғашында Кордонная деп аталған бұл көшеге кейіннен Шағабутдинов Бағаутдиннің есімі беріледі. Көшенің ұзындығы - 2750 метр. Қызыл Армияның командирі, Түркістан мен Жетісу аумағында Кеңес үкіметін орнатуға және нығайтуға белсене қатысқан революцияшыл қайраткер Шағабутдинов Бағаутдин 1893 жылы Ресей Империясының Тамбов облысы, Азиево…

6
2
1376

Ғалымдар үйіндегі мұражай: «Латын графикасындағы қазақ кітаптары» көрмесі

Көпшілік назарына ұсынылып отырған басты көрме — «Латын графикасындағы қазақ кітаптары» көрмесі. Мұнда өткен ғасыр, яғни 1920 жылдары, Кеңес үкіметінің құрамына қосылғандағы еліміздің жазба мәдениетінің қай бағытта даму қажеттігін көрсететін үлкен басқосудың нәтижесі көрінеді. 1926 жылы Әзірбайжан, Баку қаласындағы үлкен түркологтар съезінде еліміздің жазба мәдениеті латын графикасына өткен. Ғалымдар түрлі пікірлер айтқанымен, Орталықтың саяси шешімі Қазақстан Орталық Азияның дәл ортасында тұрғандықтан, оның графикасы не шығыстық емес, не ресейлік емес, батыстық болсын деп шешіпті. Сол жылдары жазылған негізгі еңбектер: «Қазақстан» көркем очерктер жинағы Абай еңбектері Жамбыл Жабаевтың туындылары: «Сұраншы батыр», 1916 жылға арналған еңбек «Қазақ Совет фольклоры» «Батырлар жыры» «Амангелд…

8
9
3542

Айқап: «Қазаққа алалық қайдан келді»?

1915 жыл «Қазаққа алалық қайдан келді»? Петерборск императорск публичный библиотекада Росийский закондарын жинаған кітаптарды ақтарғанда, оқып қарағанда екінші Екатерина патшаның шығарған құпия указ қағазы ұшырайды. Сол указ көшіріліп алынса да бүгін де қағаздар арасынан табылмай жүр. Солай болса да 1775 һәм 1780 жылдардың арасында шыққан закондар арасынан іздеген кісіге табылса керек?! Бұл указ өткен уақытта құпия болса да бүгінде закон болып шыққандықтан, әркімге оқуға болады. Указ Орынборск генерал-губернатор жәнәптеріне жазылған екен. Сөзі ойдан шығып ұмытылмаса, былай сықылды еді: 1) Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларыменен араз етіп, бірі менен бірін қас етіп, бірінің етін бірін жеуге себеп болыңыз. 2) Сұлтандарын бірі менен бірін араз қылып, бірі мен бірін и…

6
7
2503

«Қазақ журналистикасының тарихы» видеолекциясы: Түркістан уалаятының газеті 1.1

Құрметті достар, «Екпіннің» бүгінгі санында алғашқы видеолекциямызды ұсынып отырмыз. Бұл лекция қазақ журналистикасының тарихына арналады. Бірінші бөлімде 1870 жылдың 28 cәуірінде жарыққа шыққан «Түркістан уалаятының газеті» атты басылым турасында айтылады. HD сапасында көруге болады. Лектор: Мейрамхан Жәпек (журналист, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы веб-ресурстар бөлімінің жетекшісі) Қосымша материалдар: «Түркістан уалаятының газеті» Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы. Ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет Орта Азия халқының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Г…

3
7
4770

«Екпін» 1 жасқа толды

Редакция ұжымына cөз берсек... Әлия Сембай: Өткен аптада бір шетелдік сериалдан: «Бұл әлем сенсіз де өмір сүре алады, оған несіне ренжисің» — деген сөзді естіп, еріксіз мойындадым. Қазіргі заманда әр маңызды ақпарат, қуанышты жаңалық не трагедия 1-2 күн ғана өмір сүреді. Кешегі жұлдыз бүгін сөніп, орнына жаңасы туады, кеше тамашалаған кинотуындыны бір айдан соң ешкім де еске түсірмейді, твиттерде 50 ретвитке ие болған маңызды хабарлама мыңдаған хабарламалардың астында бірер күннен соң табылмай қалады. Біз ұмытшақпыз. Тренд, сән, «медиа шуға» құмармыз. Өзгерістен қалып қоюға қорқамыз; асығыс шешім қабылдаймыз. Достарымызды әлеуметтік желілердегі френдтерге әлдеқашан ауыстырып, қағаз кітапты электронды сияға айырбастадық. Симфониялық концертіміз құлаққапта, дәрістеріміз мониторда, ал киім-к…

Интернетке «байланғандар», немесе алматылық FaceBook кездесуі қалай өтті?

Сәлем, достар! 12-қаңтарда өткен алматылық Фэйсбук қолданушылары жиынына «Екпін» командасы да барып, қазақтілді ғаламтордың белсенді қыз-жігіттерімен сұхбат жүргізіп қайтты.

Кездесуге келген адамдармен бұрыннан араласып тұрғандықтан, және де интернетте дос болып үлгергендігімізден, видеоблогта біраз әзілдеп, қалжыңдауды бұрыс көрмедік. Біздіңше, кезекті видеоблогымыз қызықты да, «ескі достардың жиыны» стилінде шыққан тәрізді. Тамашалаңыздар!

Оператор, монтаж: Ерлан Аменов

P.S. лайк басып, пікір қалдырып, каналға жазылуды ұмытпаңыздар! :)

Шетелде білім алу: Universität Greifswald

Қазақтың білім-ғылым жолын насихат еткен аузы дуалы шешендері мен данышпан даналары көп болғаны тарихтан белгілі. Сондықтан, болашағымызды жарқын ететін қыз-жігіттеріміздің білімсіз болуға хақысы жоқ. Екібастұз қаласының тумасы Салтанат Бейсенова Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде биология мамандығының докторантурасында білім алып жүріп, қазіргі кезде Алманиядағы Э.Морица атындағы Грайфсвальд университетінде ғылыми білімін жетілдіріп жүр. Осы материалда «Шетелде білім алу» айдарының жалғасы ретінде болашақ философия (PhD) докторымен болған сұхбатымызды ұсынамыз. — Салтанат, білімнің ғылым атты жоғары сатысына қалай келдің? Бұл саланы таңдауының себебі неде? — «Жастық, жалынды шақ — бұл тамаша дүние, оны рәсуа ету қылмыс». Атақты ағылшын жазушысы Бернард Шоудың осы сөзінде т…

5
5
2263

«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі

ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ АТАЛАРЫНА Қымбатты аталарымыз! Біз-дағы сіздердің ер балаларыңыз секілді балаларыңызбыз. Ер балаларыңыз қанша жақсы, білімді, үлгілі болса, соншама сіздерге абыйыр емес пе?! Сол сияқты біздер де білімді, үлгілі болып, надан болмай, тәрбиелі болсақ, сіздерге абыйырлы болмас па едік? Шариғат бұйрығынша ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланы артық көріп тәрбие қылсын да, қыз баланы кем көріп тәрбие қылмасын деген шариғат бар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттік белгісі емес пе? Осы белгілі-сын аталарға нық орнап қалған секілденеді. Неге десеңдер, сіз қыздарыңызды тәрбиелеуде кем тұтынасыз. Кем тұтынғандығыңыз ер балаларыңызды оқытасыз да, қыз балаларыңызды оқытпайсыз. Қыздарымыз оқыса бұзылады дейсіз де біздерді оқудан махұрым қалдырасыз. Бұрынғы ғаялдардың бұзылғ…

Глэм-рок бағытындағы жас әнші Тоғжан

Әр бүлдіршін кішкентай кезінен «өскенде бәленше боламын» деп армандайды. Бірақ есейе келе, күнделікті тіршілік қамымен бе, әлде пессимист қоғамның әсерінен бе, кешегі бала арманы ұмытыла береді. Осылайша кейбір ересектердің көздерінен кім үшін өмір сүрдім, арманым неге орындалмады деген риторикалық сұрақтар оқылып тұратындай. Алайда өз арманын сатпаған, қандай қиындық болмасын, ең бастысы, жан-дүниесін тыңдай білген бақытты адамдар да өмірде аз емес. Сол қатарға жататын арулардың бірі, жұмысына кәсіби түрде келетін, әр қимылынан индивидуалдылығы көрінетін, өзінің қуатты тембрымен тыңдарманға позитив сыйлайтын Тоғжан Ерсімбекпен болған әңгімемізді қабыл алыңыздар. Глэм-рок — (ағылш. glamorous — «эффектілі») — 70-ж.ж. басында Англияда пайда болған рок-музыканың бір бағыты. Глэм-рок жанрында…

7
5
2302

Жексенбілік аспаздық: үй торты

Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу жолы қиын болғандықтан батылым жетер емес. Содан бір күні «Наполеонға» ұқсайтын, бірақ жасалу жолы оңай торт жасаудың әдісін ойлап, асханаға келдім. Сөйтіп торт жасауға арналған заттарды алып, торттың қамырын дайындадым. — Май — 100 гр. — Қант — 1 стақан — Бал — 2 ас қасық — Жұмыртқа — 2 дана — Ұн — 400 гр. — Сода Алдымен баяу жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз. Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз. Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз. Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз. Дайын қамырды бөліктерге бөлеміз. Қамырды жайып, майланған табаға салып, піскен кезде қамыр үрленіп кетпес үшін қамырға тес…