Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Мұқағали Мақатаев туған күніне арналады

Бүгін — 9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны, мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Ақынның лирикаға толы әсерлі өлеңдері поэзия сүйер жастардың бірнеше буынын қамтып келе жатыр. Қазақ поэзиясында өшірмес із қалдырған Мұқағали өлеңдері әлі де үнін жоғалтпасы анық.

Заман талғамайтын лирик ақынның поэзиясы жастар жүрегіне үнемі жақын болып келеді, соның ішінде махаббатты жырлайтын өлеңдерінің бірін «Екпін» журналы видео нұсқа арқылы поэзия сүйер барша қауымға арнайды.

Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектескен достарымызға видео түсірген Ерлан Аменов пен өлеңді мәнерлеп оқыған Дастан Сапашовқа алғысымызды білдіреміз.
Бүгін тек қана сүйікті ақынымыздың туған күні емес, қазақ поэзиясының мейрамы десек әбден болады, сондықтан бүгінгі күнмен сіздерді құттықтай отырып, Мұқағали поэзиясының нәзік лирикасынан ләззат алуларыңызға тілектеспіз!

видеодағы музыка Yurima - Kiss the Rain

HD сапасында тамашалауға болады

Достарыңызбен бөлісе отырыңыздар!

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе зынданыңа салып сақта
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен мына тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің ешкім де оны басынбасын,
Сен мені өз басыңмен бірге қорға
Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын.
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!

© Екпін

5
5
7941

Осы тақырып бойынша