Мазмұнға өту
Культура
Культура

Культура

1 126 жазбалар508 тіркелуші

Культура Казахстана — это уникальное переплетение кочевых традиций, восточной мудрости и современного развития. Она основана на богатом наследии тюркских народов, где особое место занимают гостеприимство, уважение к старшим и гармония с природой.

Ата-ананың отбасындағы парызы қандай?

Отбасында берген тәрбиенің негізгі көзі – балаға туыстық қатынастардың жүйесін, ұлт ішіндегі әлеуметтік рөлдердің мәнін түсіндіру, шежіресін таныту. Ол үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің негізінде алынатын нормалар жүйесі қолданылады. Туыстық байланыстардың беріктігі: ата-ананы сыйлау парызы, қартайған ата-аналардың балаларымен бірге тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершілігі, туыс отбасыларының өзара көмегі және жесірлердің балаларын туыстардың өз қамқорлығына алуы сияқты әдет-ғұрыптар қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып, балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал жасағаны даусыз. Ата-анасы парасатты болып, балаларына өздерінің шыққан тегі, руы, ел-жұрты туралы әңгімелеп, ағайын-туыстар арасындағы қатынасты, жекжат-жұрағатқа сыйластық таныту салт…

0
0
667

Известный мультфильм «Қошқар мен Теке» вышел на русском языке

Как обычно, взрослые смотрят мультфильмы вместе с детьми. В моем случае мультфильм «Қошқар мен Теке» мы смотрели вместе с племянником лет шесть-семь назад. Помню, как он безумно понравился не только племяннику, но и нам – взрослым. Интересно обыгранные вставки, современный и понятный всем юмор сделали этот мультфильм одним из любимых для нашей семьи. Мы рассылали его всем родственникам и знакомым. И даже тем, у кого не было на тот момент детей. Потому что веселый мульт пришелся по вкусу всем – чувствовались легкость и простота. И вот сегодня во вкладке оповещений портала YouTube прочитала сообщение о выходе мультфильма на русском. Просмотрела его от начала до конца. Хотя знаю наизусть сюжет, было интересно, как переводчики обыграли своеобразный юмор и подколы главных героев, а ведь это ос…

2
0
3519

Парадокс !!! немесе ұлттық тәрбие ахуалы

Ұлыс күні қарсаңында елдің салты мен дәстүріне тән игі істерді жүзеге асыру о бастағы әдетіміз еді. Оқып, білуімізше бұл кезең, яғни, күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулы түрлене бастаған қасиетті шақ - бұлақ көзін ашу, көше, ауланы, үйді тазалау, тал егу, араздасқан адамдардың татуласуы, жетім мен жесірге қолұшын беру сынды елдік игіліктерден, ақ тілектерден бастау алуы тиіс еді. Ал, қазір басқаша. Наурыз десе, киіз үй құрып, көже ішіп, бауырсақ жейтін, сосын, балабақшадан бастап, әр сынып, әр мектеп, ауыл, аудан, қалаларда жаппай баланы бесікке салу, тұсау кесу, келіннің беташарын жасау секілді дәстүрлерді көрсету ісі үйреншікті ғадетке айналды. Айналғанда да, соның бәрі «асқа у қосып бергендей», өтірік, жасанды қалпында жүзеге асырылып келеді. Ол бір, екінші мәселе – балабақшалардан ба…

0
0
936

«Сарыарқа самалы» – 90

Олар да қалам тартқан еді... «Қызыл ту» («Сарыарқа самалы»)... Бұл газет менің балғын шағымды есіме салады. Ол кезде Облыстық «Қызыл ту» газеті деп аталатын. Қиыр жайлап шет қонған шопандар ауылына газетті хат тасушы айына бір рет әкелетін. Хат тани бастаған шағым, газетті қызыға ақтарып, кейбір мақалаларды шұқшия оқып отырғанда, үйге көрші ақсақалдың енгенін аңғармай қалсам керек. Ол жаныма келіп: -Өөй, сәлем қайда?- деп ақырып қалғанда барып: - Ата, кешіріңіз, газет оқып отырып сізді байқамай...- деп міңгірлей беріппін. Ақсақал болса: - Бұл газет оқып отырад... Мені аңдамай қалай?.. - деп ренішті үнмен: -Сен газеттің жазатыны шестай өтірік екенін білесің бе?- деп ақырды. Мен атаға қатты ренжідім. Әсіресе газет өтірік жазады дегеніне. Әкеме: -Анада«Қызыл ту» газеті өзіңізбен бірге істейт…

0
0
1284

Қызық қандай адамды қыздыратын

Қызық қандай адамды қыздыратын,

Қайғы қандай қаныңды бұздыратын.

Қанды кек, намысты өштік неден тумақ,

Жібітпей жүрегіңді мұз қылатын.

Ер бар ма елі үшін жан қиятын

Басшы бар ма етегіне ел сиятын.

Жанның бәрі өз ісін мақұлдайды,

Адам қайда сезетін ар-ұятын.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
1943

Шәкен аға

-Шәкен аға фильмдерін көрдің бе? -Көргенмін. -Соның бірін маған атап бер,- дедім. -Алдар көсе. -Дұрыс. -Бірақ Алдар көсе Ғасырларда әлденеше Болған ненің кейіпкері? -Аңыздың. Ол аңызда Алдайтын да, Арбайтын да. Тал бойында Бар өнерін Арам байға, Төрелерге Бүйі дейін тиген елге Қарсы үнемі Жұмсағанда, Шоқтай қарып, от боп жанды. Аялаған адал жанды, Аспандаған асқақ әні. Шәкен ата бейнелеген Алдар көсе Тарих болып қалды мәңгі.

Cүлеймен Баязитов

0
0
569

Биші Шара Жиенқұлова

-Шара әжем би өнерін Түлеткенін білер ме едім?- Дейді Гүлден масаттанып, Би кітабын қолына алып. Қамажайды шалқып билеп, Киіз басып, салады өрнек. Би – өнер, бұл емес ермек, Шара әжесін үлгі тұтқан, Биші қыз ол жүрек жұтқан.

Сүлеймен Баязитов

1
0
1766

Қазақ боксының атасы

Бокс десе ішкен асын, Жерге қойған сыныптасым Маған қарап керіп қасын: -Білесің бе?- деп сұрады, -Бокстың кім айтшы атасы? -Білмеймін. -Алғаш қазақ балаларын Жаттықтырған салып жанын Шоқыр Бөлтекұлы бабамыздың Тарихында ел боксы Сайрап жатыр салған ізі. Талайлардың ашқан бағын, Ниеті ізгі жаны жалын. Шоқыр баба шәкірттері Бабамыздың жалғап жолын, Сан биікке созды қолын. Әр жүректе мақтаныш боп Қалды мәңгі есімі оның.

Сүлеймен Баязитов

0
0
431

Мейірімсіз ажал

Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал-ай! Дегеніне жеткізбей, Қайғыға ойын толтырған. Ойдағысын еткізбей, Бірді бірден айырған Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай! Көңілін жастың мұқатып, Қайғыға ойын толтырған. Тамырына оқ атып, Қызыл гүлді солдырған Түсің суық, ажал-ай! Бақытын жастың ашқызбай, Қапыда алдың, не түсті? Көңілін жастың басқызбай, Арманда алдың, не түсті? Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
442

Партияшыға

Бай едің өз алдыңа шаруа баққан, Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққан. Ойладың осы малдың арқасында Мен-дағы атансам деп бір жез таққан.

Сол сағат келді саған мың пұт өсек. Ал жауды үсті-үстіне кесек-кесек! Жайлықта жеркенетін жексұр шалды Амалсыз қабыл алдың көрпе төсеп.

Келгендер бәрі бірдей мақтай келді, Мал-жанын салмақшы боп жақтай келді. Қымыз ішіп, етіңді жеп болғанша, Іш пікірін ішіне сақтай келді.

Сөзге нанып «ел бәрі мендік» дедің. «Бөлемді аузына ұрып жеңдік» дедің. Біреуі ат сұрады, біреуі ақша, Бәрін бердің: «Бір жолға көндік» дедің.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
1
1913