Мазмұнға өту
Культура
Культура

Культура

1 126 жазбалар508 тіркелуші

Культура Казахстана — это уникальное переплетение кочевых традиций, восточной мудрости и современного развития. Она основана на богатом наследии тюркских народов, где особое место занимают гостеприимство, уважение к старшим и гармония с природой.

Міне, алақай!

Қараңғы тұман түнде еді,

Қара қазақ баласы.

Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,

Жым-жырт сахра даласы:

Дау мен жанжал, партия

Болған еді арасы.

Жасытып еді бұларды

Қараңғы түннің қарасы.

Жиырманшы ғасыр басында

Міне алланың панасы:

Бір жағынан ай туып,

Бір жағынан күн туып,

Жарық көрді алашы!

Шолпаннан үміт тағы да:

Біріксе елдің данасы;

Бұл үшеуі тізіліе,

Бейне қолдың саласы.

Көңіл менен көзді ашып,

Алға сүйреп барасы;

Бұл жарықтар барында,

Кім адасып қаласы?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
708

Қазақ тілі

Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген Сол тілменен бірінші білгізілген: "Ана" деген сүйгендік сөз әм менен Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін Сол тілменен ойнадым далада еркін Сол тілменен бірінші сыртқа шығып Өмірде ен далада ұққан көркім.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

2
1
1122

Мен қазақ

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Ерікті ен даланың құсынша ұшып,

Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.

... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,

Арасын қоныс қылдым ірге жайып.

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім ен далада лықа байып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,

Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.

Кіргені есік, шыққаны тесік болып,

Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
1
868

Арыстан мен тышқан (мысал)

Ұйықтапты бір арыстан айдалада, Тыныштықтық алу үшін сай-панада. Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада. Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып, Бір уақыт жүгіріпті басқа барып, Арыстан өлтіруге айналыпты, Басын басқан тышқанды ұстап алып. Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!» – деп, – Ағатай, маған зиян келтірме! – деп, – Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық, Азат қыл, байқамадым, өлтірме!» – деп. Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан! Не жақсылық қайтады сен байғұстан? Дүниеде саған қалған күнім құрыстан! Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан. Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді, Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді. Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін Азат қылдым», – деді де, қоя берді. Бір күні арыстаным торға түсті, Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті, Оралып, шырматыылды, шықпаста…

0
0
2253

Ғашықтық ғаламаты М. Шаханов

Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" атты поэмасы бар. Естай мен Қорлан махаббатын жырлайтын поэмадан есте сақталған, ұмытылмас, керемет бірнеше үзінді келтірейін дегенмін.

Бұлттан биік заңғар аз ба? Сұрақ қойған таңдар аз ба? Жазылмаған заңдар аз ба өмірде? Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі, Ғашық жүрек өз тағдырын Өзі ғана шешеді.

***

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде Ғашық болып өлу - қандай мәртебе!

***

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі, Ғашық болу келсе, кімнің қолынан Әлем соған сенеді, Құлай сүю - ерлікпен тең себебі!

Әсіресе мынау, соңғысы, ең нақты, әрі дәл айтылған сөз, сірә:

Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?

Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз