Мазмұнға өту
Культура
Культура

Культура

1 126 жазбалар508 тіркелуші

Культура Казахстана — это уникальное переплетение кочевых традиций, восточной мудрости и современного развития. Она основана на богатом наследии тюркских народов, где особое место занимают гостеприимство, уважение к старшим и гармония с природой.

Мәңгі таудан Бестауға дейін немесе қарашай жұрты туралы

Бас қаладан трасса бойымен Қарағанды шаһарына қарай жолға шықсаңыз, жолда «Минги-Тау» деген кешеннен өтесіз. Студент кезімде бұл не қылған «Минги-Тау» деп ізденіп көріп едім, жалпы, қызығушылық деген нәрсе адам баласына тән жайт қой, кейін оның қарашай халқының атамекеніндегі таудың атауы екенін білдім. Сонымен, бүгінгі тақырып, қарашай ағайындар туралы болмақ. Қарашай бауырлар Солтүстік Кавказда өмір сүреді, Қап тауының қапталында олардан өзге түркі жұртына құмықтар, қарашайлар, балқарлар, ноғайлар, әзербайжандар (оңтүстік Дағыстанда), кейбір деректерде табасарандар (күмәнділеу, дегенмен сөздік қорының 50 проценті түркі сөздері) да жатады. Солтүстік Кавказдағы түркілердің жалпы саны 1 млн. адамнан асады. Енді, қарашайларға кеңірек тоқтала кетсек. Қарашайлардың саны шамамен ширек миллион,…

0
0
861

«Ұлттық рухани жаңғыру» - приоритет результата над процессом

В Послании 2020 президент РК Касым-Жомарт Токаев заявил о необходимости перейти от госпрограмм с большим количеством показателей и индикаторов к формату лаконичных национальных проектов, понятных всем гражданам. «В качестве целеполагания следует определить главенство результата над процессом», - отмечал глава государства.При этом РК Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что «польза от реализации национальных проектов должна быть нацелена на обеспечение благосостояния наших граждан». Он поручил обеспечить жесткий контроль за расходованием средств на реализацию национальных проектов.Оценку нацпроектов по модернизации общественного сознания дает наш эксперт Казбек Майгельдинов, политолог, руководитель Центра по изучению общественных процессов Казахстанского института общественного развития «Рухани…

0
0
1042

Қазіргі студент бейнесі

Студент дегеніміз кім? Студент ол - 11 жылдық мектепті аяқтаған бұрынғы оқушы. Университет қабырғасында оқитын, оқумен қатар белгілі бір іс-шараларды, тіпті жұмысты алып жүретін, өз алдына жауапкершілігі мол адам деп елестетемін. Ал мен, қазіргі студенттің психологиялық портретін 2 жақтың көзқарасымен сипаттайын. Бірі - менің, екіншісі - мұғалімдердің.Менің көзқарасым бойынша: Қазіргі студенттер көңілді уақыт өткізуге тырысады және онымен шектелмей, олар сабақты да барынша тырысып оқиды. Ең бастысы - интернетті тек қана көңіл көтері үшін емес, оқу үшін де, өз-өздерін дамыту үшін де пайдаланады. Заманауи студент - жаңа білімге, жақсы өмірге ұмтылғыш, ізденімпаз, ашық-жарқын, ментальды және психикалық жағдайына аса мән береді, салауатты өмін салтын ұстануға тырысады.Мұғалімдердің көзқарасы…

0
1
5219

Достық туралы өлең

«Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды»

Деп мен емес,

Атам қазақ үн қатқан,

Достық жайлы талай ақын жырлатқан.

Мен де бүгін тебіреніп, толғанып,

Жыр жазайын достық жайлы қуанып.

Қуанамын, шүкіршілік етемін,

Жауға бермес достарымның барына.

Мені қолдап, күлкі сыйлап әрдайым

Жүрсе екен мәңгі жадырап жанымда.

Еліктің еркелеген лағындай,

Бір үйдің бес қызындай жүрдік біз.

Күліп-ойнап тастан-тасқа секіріп,

Талай қызық кезеңдерден өттік біз.

Шын достықтың мәнін бірге ұғынып,

11 жыл бойы бірге жүріп келеміз,

Сынақтардың бәрін бірге жеңеміз.

Биыл біз де...

Төрт жолдың төрт торабына кетерміз,

Асу-асу белестерден өтерміз.

Бірақ, мен сенемін, білемін

Әлі де бірге жүреміз, әлі де бірге күлеміз.

0
1
2014

Ана туралы өлең

Сізде ғой жақсылықтың бар асылы,махаббатым.

Жүрегімнің түбіндегі сезімдер,

Бір өзіңізге арналады,жанашыры.

Сізге деген махаббатым толастаған-

Жарласам да, әндетсем де бітпейді,

Кейбіреулер мүны - шексіздікке теңейді.

Ал мен болсам, теңеймін өзіңізді -

Жарқыраған жарық жұлдызға!

Қолдаған, демеу болған әрдайым ұлыңыз бен қызыңызға.

Ана, сіз бақыттысыз, бақытқа лайық жансыз,

Құдды бір толқындардан құтқаратын қайықтайсыз.

Ана - сіз бақытты боласыз да,

Себебі, сіз бақытқа лайық жансыз!

Балаларыңыз сізбенен мақтанада,

Сіз барда көңіліміз шаттанады.

Мейірімдісіз, көңілдісіз, қамқорсыз,

Қызыңыз әлі талай қияларға самғатады!

0
0
478

Жаңа әдебиет журналының қазіргі кейпі қандай?

Жұлдыз журналын оқи отырып, осыдан бір жыл бұрын “жас толқын” айдарына журналист Дана Асылжанованың«Үш тұғырлы тіл аясында ағылшын тілін оқытудың жүйесі» атты мақаласы жарияланғанын байқадым. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” - деп Қадыр Мырза Әли айтқандай, қазіргі 21 ғасырда кем дегенде екі немесе үш тілде еркін сөйлеуің керек. Біздің де мемлекет «Үш тұғырлы тіл» жобасын қолға алып, бұл қоғамның ең өзекті тақырыбының біріне айналды. Мақалада үш тұғырлы тіл бағдарламасына халық қарсы екені және бұл жобаға тағы да салиқалы пікірлер қажеттігін айтып, журналист өз жұмысымен қоғамның үнін жеткізе білді.Енді, мен де осы жөнінде өз ойымды білдірсем. Әрине, тіл үйреніп, жақсы жұмыс істеп, шет елге шыққанда еркін сөйлеу - керемет. Осыған талпыну керек. Бірақ, ең алдымен өзге тілді еме…

0
0
371

Әлихан Бөкейханов. 155 жыл

Әлихан Бөкейханов – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті.Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы:Бірінші, Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін, ең алдымен, "жер, жер және жер" болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек.Екінші, Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі бар байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, "қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс".Үшінші, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемле…

1
0
422

Қазақстандағы "сөз бостандығы" ...

Міржақып Дулатовтың бұл мақаласы - оқырманды тәнті етіп, автордың батырлығы мен өткірлігіне таңқалдыратыны анық. Мақала “Серке” газетіне шығарылғаннан кейін, газеттің бірден жабылып қалуынан-ақ материалдың саяси астары мен мәні зор екенін аңғарсақ болады. Жазушы бәріне түсінікті жалпақ тілмен, көп адамның айтуға батылы жетпейтін ащы шындықты ашып көрсеткен. Мысалы, Ресей қазақ халқына үстемдік көрсетіп, түрлі салық төлетіп, дін және неке мәселесіне араласып, тіл мен әдет-ғұрпымызды, жерімізді тартып алып, түбегейлі жойып жібергісі келетіндерін еш жасқанбай жазған. Осы мақала арқылы қазақ жерлерін тартып алып жатқан және қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы шықты. Менің ойымша, бұл мақаланың саяси мәні - Ресей бодандығынан құтылып, қазақтың шұрайлы жерлерін қайтару болды.…

1
0
834

Өзіңді дамыту қажет пе, тренд пе?

Қазіргі таңда “даму” сөзі жастар мен блогерлер арасында көп қолданылып жүр. Даму бойынша марафон жүргізіп, кітап жазып, курс сатып жатқандар күннен-күнге көбейіп барады. Бұл қажеттен гөрі, “ трендке” айналып бара жатқандай. Тіпті, бұл табыс көзіне айналды десем де қате болмас. Әрине, жастардың білімді болып, әрдайым ізденісте жүргені жақсы. Бірақ, саны көп болған сайын сапасы да нашарлайтыны тағы бар. Мысалы, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің қай-қайсысын ашсаңыз да “1 апта ішінде өміріңді түбегейлі өзгерт” , “1 айда бізбен-бірге жаңа адам бол” деп, айқайлап тұрған тақырыпшалармен экран беті толып кетеді. Біріншіден, бір апта немесе бір айда түбегейлі өзгеріп кету - мүмкін емес! Екіншіден - әр адам жеке тұлға және жеке тәжірибеден асқан дүние жоқ. Осылай биікке ұмтылып, шыңға шығамын деу…

0
2
635