Мазмұнға өту
Культура
Культура

Культура

1 126 жазбалар508 тіркелуші

Культура Казахстана — это уникальное переплетение кочевых традиций, восточной мудрости и современного развития. Она основана на богатом наследии тюркских народов, где особое место занимают гостеприимство, уважение к старшим и гармония с природой.

"Пошташы бізге не әкелді" (бейне ақпарат)

#балалар_жылы

Журнал беттері қашанда көптеген танымдық ақпараттарға толы.Ал балалар журналдары өз алдына керемет басылымдар.Бала жүрегіне жақын қосымша ақпараттарға толы қызықты да, тартымды өлеңдері мен ертегілері көп журнал беттерін ашып танысуға асығыңыздар. Сондай-ақ, балалар сендерді де өз ұсыныстарынмен біздердің бейнебаяндарымызға қатысуға шақырамыз.

0
0
733

Құрметті отандастар!

Сіздерді тамаша мереке – Нұр-Сұлтан күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Нұр-Сұлтан – бұл қазақтың мерейі, мәртебесі, ел мақтанышы. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаламыз одан әрі гүлденіп, өркендей берсін.

Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

0
0
719

«Мен саған тілеймін, Нұр-Сұлтан...» - «Я желаю тебе, Нур-Султан...»: поздравительный флешмоб

Мереке халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәнге ие және Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы болып табылады.

Бұл күні біз Қазақстанда тұратын халыққа жылулық, бейбітшілік, жақсылық, бірлік, достық тілегіміз келеді.

Елорданы Қостанай қаласының тұрғындары құттықтайды.

Праздник имеет важное историко-культурное значение для народа и является символом достижений Республики Казахстан. В этот день хотим пожелать народу, проживающему в Казахстане, тепла, мира, добра, сплоченности, дружбы. Нашу столицу поздравляют жители города Костанай.

0
0
935

Қазақтың жаны – домбыра

#балалар_жылы

2018 жылдың 13 маусымында ең алғашқы президентіміздің бұйрығы бойынша «Ұлттық домбыра күні» тағайындалды. Табиғаттың үнін, тұлпардың дүбірін, адамның сырын шанағынан төгілген домбыра енді жыл сайын шілденің алғашқы бірінші жексенбісі ұлықталатын болды. Ұлттық домбыра күніне орай «Қазақтың жаны – домбыра» - деп жүрегі соғатын ақын Серікбай Оспанов ағамыздың домбыра туралы мәліметің ұсынамыз!

0
0
614

"Пошташы бізге не әкелді" (бейне ақпарат)

#балалар_жылы

Журнал беттері қашанда көптеген танымдық ақпараттарға толы. Ал балалар журналдары өз алдына керемет басылымдар. Бала жүрегіне жақын қосымша ақпараттарға толы қызықты да, тартымды өлеңдері мен ертегілері көп журнал беттерін ашып танысуға асығыңыздар. Сондай-ақ, балалар сендерді де өз ұсыныстарынмен біздердің бейнебаяндарымызға қатысуға шақырамыз.

0
0
481

#Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
481

Әдептілік – мәдениеттілік белгісі.

Мәдениетті ұрпақ өсуіне үлес қосу біздің парызымыз. Сондықтан № 24 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына «Әдептілік – мәдениеттілік белгісі» атты іс – шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында балаларға ертегілердің кейіпкерлері арқылы жаман және жақсы деген қасиетті анықтауға мүмкіндік болды.

0
0
582

Қауіпсіздік әліппесі

№ 10 орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары үшін «Қауіпсіздік әліппесі» атты ойын -сауық іс шарасы өткізілді.

Кездесу барысында балаларды жолда жүру ережелерімен танысытырып, көптеген ойындар өткізіліп, жұмбақтар жасырылды.

#балалар_жылы

0
0
502

Мәңгі есімдер: Жанатай Шәрденов

Қазақ бейнелеу өнерінде өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленген суретшілер аз емес. Суретшілік өте маңызды мамандардың бірі. Ежелгі тас ғасырында суретшілер сол замаңды бейнелеп қалдырып кеткен, яғни тарихқа тікелей себепші болған. Суретшілер жаңа нәрсе немесе ескі рейнкарнат жасауға қабілетті дарынды адамдар. Суретші бейнелеу өнерінің шедеврлерінің продюсері ретінде құрметті.Біз қайсыбір суретшіні еске алсақ та, оны өзіне тән айқын мәнерімен айшықтауға тырысамыз. Қазақстанның еңбек сіңірген Жанатай Шәрденовтың шығармалары құпияға толы сезіммен баурап алатын қасиеті баршылық. Суретші өзінің бүкіл өмірін, шығармашылығын пейзаж, яғни табиғатқа, әсіресе әсем қала Алматының көрікті тауларына арнады. Ол табиғатты сезініп, ерекше сипаттағы көріністерін шынайы көрсете білді.

0
0
426

Кітап мерейтойлары: Ер Тарғын (подкаст)

Сіздердің назарларыңызға батыр Ер Тарғынның 160 жылдығына орай дайындалған подкасты ұсынамыз. Эпосты оқу барысында балалар қазақ халқының өткенімен, ел қорғаудағы ерлігімен танысады. Ер Тарғынның ақылы, адамгершілігі, ерлігі жас ұрпақтың бойына Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ұялатады.

0
0
498