ru
Default banner
Культура
Культура
743 жазбалар505 тіркелуші
0

Өзіңді дамыту қажет пе, тренд пе?

Қазіргі таңда “даму” сөзі жастар мен блогерлер арасында көп қолданылып жүр. Даму бойынша марафон жүргізіп, кітап жазып, курс сатып жатқандар күннен-күнге көбейіп барады. Бұл қажеттен гөрі, “ трендке” айналып бара жатқандай. Тіпті, бұл табыс көзіне айналды десем де қате болмас. Әрине, жастардың білімді болып, әрдайым ізденісте жүргені жақсы. Бірақ, саны көп болған сайын сапасы да нашарлайтыны тағы бар. Мысалы, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің қай-қайсысын ашсаңыз да “1 апта ішінде өміріңді түбегейлі өзгерт” , “1 айда бізбен-бірге жаңа адам бол” деп, айқайлап тұрған тақырыпшалармен экран беті толып кетеді. Біріншіден, бір апта немесе бір айда түбегейлі өзгеріп кету - мүмкін емес! Екіншіден - әр адам жеке тұлға және жеке тәжірибеден асқан дүние жоқ. Осылай биікке ұмтылып, шыңға шығамын деушілер қаншама. Қолы жеткендер бар, жетпейтіндер бар... Жатпай-тұрмай еңбектеніп, өзін де өзгені де аямай, жан пида болса да сол бір жетістіктің төріне жете алмай жатқандарды көреміз кейде... Демек, айқын мақсат пен тынбас еңбектен де маңызды фактордың болғаны ма? Иә, бұл - дамудың дұрыс жолының болғаны.

Даму - өзіңді түсініп, жүрегіңнің үнімен әрекет ету деп білемін мен. Әлгі фактор не десеңіз, ол - өзіңіз бен әрекетіңізге сенімдідік. Сену - бұл жетістіктің жарты жолы. Жүрегіңе сену, өзіңе сену... Трендке айналған мотивациялық үгіттеулерге ермей, бір сәтке жүрегіңмен тілдесіп көрші. Ол не қалайды? Бәлкім, даму мен жетістікке жетудің төте жолын жүрегің көрсетер... Қанша биікті аңсап, құзды бағындырғыңыз келсе де, оған лайық екеніңізді сезбейінше, сіз өзіңізді тіпті төбешіктің үстінде жайсыз сезінетін боласыз. Жетістікке жететініңе , өміріңе және өзіңе сену - дамудың түзу әрі оңай жолы.
Сенім және әрекет...