Мазмұнға өту
Астана жаңалықтары
29 жазбалар3 тіркелуші

Елорда жаңалықтарын оқып, пікір жаза отырыңыздар

Әйелдер саясаты: Қоғамдағы өзгерістерге қадам

Астанада стратегиялық сессия аясында «Әйелдер көшбасшылығы орталығында» Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамыту тақырыбында тренинг өтті. Шараға Астана қаласы әйелдер ісі жөніндегі Комиссия мүшелері, астаналық үкіметтік емес ұйымдар, «Әйелдер күші Альянсы» мен халықаралық CIPE ұйымының өкілдері қатысты.  Астана қаласы әкімі аппаратының жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспектор-хатшысы Қарлығаш Саркенованың сөзінше, «Әйелдер күші Альянсымен» бірге оқу орындарында клубтар ашылмақ.Астана қаласының «Әйелдер күші Альянсы» заңды тұлғалар ұйымының төрайымы Назгүл Мақжанованың айтуынша, трениң жаңа білім алуға және тәжірибе алмасу үшін кеңістік құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұйымның 5 жылдық жұмыс нәтижесі бойынша, партиялық тіз…

0
0
261

Астаналық ведомство өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті

10 қазан күні №1 Талғат Бегелдинов атындағы мектеп-лицейінде қалалық ведомства өкілдерінің қатысумен шұғыл кеңес өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлының төрағалығымен өткен жиынға қалалық полиция департаменті,  Білім басқармасының мамандары, мектеп және колледж директорлары қатысты.Басқосуда кәмелетке толмаған білім алушылардың тәртібі, қауіпсіздігі және ата-аналары мен мектеп тарапынан бақылау мәселелері көтерілді.ПД-нің бірінші орынбасары Эльдар Данияров мұғалімдерді полициямен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды. Өйткені қай баланың көшбасшы, ал қай баланың буллингке бейім екені ұстаздарына ғана белгілі.Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты деректер де келтірілді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері 186 кәмелетке толмаған жас жауапқа тар…

0
0
324

АЭС бойынша Астанадағы сайлау бөлімшелерінің жұмысы

Астана қаласы бойынша 460 сайлау бөлімшесі жұмыс істеді. Оның 3552-сі ашық сайлау бөлімшелері болса, 34-і уақытша келуге арналған. Ал 72-сі Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау бөлімшелері. Барлық бөлімшенің жұмысы кесте мен хаттамаға сәйкес жүргізілді. №94 сайлау бөлімшесінің төрағасы Батырхан Елікұлы референдум алды жұмыстарының толығымен аяқталғанын жеткізді. Аталған бөлімшеге 2112 адам сайлаушы болып тіркелген. Қала бойынша 499 адам есептен шығару талонын алса, соның 6-ы осы бөлімшеге тиесілі. №3 сайлау бөлімшесінің төрайымы Гүлназым Сәкенқызы 4639 дауыс беруші тіркелгенін айтты. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1 трафарет пен 1 брайлер шрифті қойылған. Қала бойынша 348 бөлімшеге тіркелген мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағда…

0
0
304

«Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына» отбасылық ойындар жарысы

13 қыркүйек күні Астана қаласында V  Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Ұлттық ойындар– бабадан қалған асыл қазына» атты отбасылық жарыс өтті. Шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ ұйымдастырып, оған Т.Айбергенов атындағы №16 мектеп, Абай атындағы №87 мектеп-гимназия, №31 мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары және қала тұрғындары қатысты.Шара барысында «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Арқан тарту» сияқты ұлттық отбасылық ойындар ойнатылып, кітап көрмесі өтті.  Асық ойынын Елорда ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы ашса, Сарыарқа ауданы ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Мырзақанұлы Нұрғазин бұл ойынының тарихы мен мағынасына тоқталып, оны ойнаудың тәсілдерін көрсетті. Асықтың түрлерін айтып берді. Ойын кезінде асы…

0
0
509

Қазақстан АЭС салу барысында өзінің ядролық отынына сенеді

Қазақстан — ядролық отын шығаратын аз елдердің бірі. Отынды отандық бірінші АЭС салуға қолдану жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстандық атом электр стансалары» АҚ директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша бүгін Астанада өтіп жатқан жария талқылау барысында мәлімдеді. «2018 жылы атом стансасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің бірінші бөлімін әзірледік, онда екі өңірде станса салу мүмкіндіктері қарастырылған. Атап айтқанда, бұл өңірлер - Курчатов, ШҚО, қазір ол Абай облысы, екіншісі Оңтүстік Қазақстан облысы, Балқаш маңындағы Үлкен ауылы, бұл Алматы облысы. АЭХА ұсынымдары бойынша кең ауқымды зерттеу жүргізілді, атап айтқанда, қауіпсіздік, қуатты ядролық нысандарды орналастыру шарттары бойынша және Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтер негізін…

0
0
179

Ертеңге деген сенім бүгіннен басталады

2023 жылдың 16 қарашасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша аудару туралы заңға қол қойды. Осылайша, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды.Бағдарлама аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы қазақстандық әр баланың жинақтаушы шотына қаржы аударылады. Қаражат мөлшері 18 жасқа дейінгі балаға теңдей бөлінбек. Балалар кәмелетке толған соң, шоттағы жинақты білімге немесе баспана сатып алуға жұмсайды.Фотоколлаж Azattyq Rýhy2023 жылғы дерек бойынша, елімізде 18-ге толмаған бала саны 6,9 млн болған. Оларға $100,05 аударылған.Астанада 442 502 бала бар. БЖЗҚ-ның мәліметінше, үстіміздегі жылы 18 346 баланың шотына 1 844 139 доллар түскен.Бұл жобаның басты мақсаты – өске…

0
0
238

Елордада мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам субъект бақылаусыз жұмыс істеген

Астана қаласының прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді.Сурет: мұрағатТексеру нәтижелері көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъект жұмыс істейді.Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.Прокурорлық қадағалау актілері бойынш…

0
0
373

"Туысқаның жол апатына ұшырады" деген алаяқтық схемамен жұмыс істеген курьер сотталды

Соңғы уақыттары телефон алаяқтарының азаматтардың ақшалай қаражарттарын иемденіп алу үшін курьерлерді пайдалануы жиілеп кетті.Телефон алаяқтары өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударып беруге тиіс курьер қызметін түрлі сайттар арқылы ұсынып отырған.Үкімде келтірілгеніндей, телефон алаяғы жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша аудару қажет екенін айтқан.Осындай схема бойынша 2 адамды алдап, 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған.Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы  хабарландырудан тауып, қылмыстық топпен сыбайластық әрекетке барған.Келіншек ақшаны алып, өзіне соның10% қалдырып, қалған соманы бел…

0
0
369
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз