Мазмұнға өту
Обложка сообщества Астана жаңалықтары

Астаналық ведомство өкілдері мектеп оқушыларымен кездесті

10 қазан күні №1 Талғат Бегелдинов атындағы мектеп-лицейінде қалалық ведомства өкілдерінің қатысумен шұғыл кеңес өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлының төрағалығымен өткен жиынға қалалық полиция департаменті,  Білім басқармасының мамандары, мектеп және колледж директорлары қатысты.

Басқосуда кәмелетке толмаған білім алушылардың тәртібі, қауіпсіздігі және ата-аналары мен мектеп тарапынан бақылау мәселелері көтерілді.

ПД-нің бірінші орынбасары Эльдар Данияров мұғалімдерді полициямен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды. Өйткені қай баланың көшбасшы, ал қай баланың буллингке бейім екені ұстаздарына ғана белгілі.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты деректер де келтірілді. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері 186 кәмелетке толмаған жас жауапқа тартылған. Оның 110-ы мектеп оқушылары. Одан бөлек, 18-ге толмаған 190 бала әртүрлі қылмыстың құрбаны болған. Бұл цифрлар жастармен белсенді жұмыс істеп, олардың тәртібін қатаң бақылауға алу керегінің айқын дәлелі болып отыр.

Бұдан кейін ведомства мүшелері қала бойынша аудандарға бөлініп, 70-ке жуық білім беру ұйымдарының жасөспірімдерімен кездесіп, қылмыстық істі алдын алуға бағытталатын түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Фото: Астана қаласы Білім басқармасының

баспасөз қызметінен

0
0
270

Осы тақырып бойынша