Қостанай облысында егін жинау науқаны басталды
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп, егін жинау барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.Пресс-тур қатысушылары тиімді егіншілік, мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдалану және өндіріске инновацияларды енгізудің табысты үлгілерін көрсетіп жүрген екі ірі шаруашылық — «Темте» ЖШС және «Агропарасат» ЖШС-не барды.2025 жылы «Темте» 14 мың гектар алқапқа егін ексе, оның 8 мың гектарын — дәнді дақылдар, 4 150 гектарын — майлы дақылдар, 900 гектарын — бұршақ тұқымдастар, 950 гектарын — мал азығы дақылдары құрады. Дәнді дақылдар алқаптарын 40%-ға қысқарту есебінен майлы дақылдар егісін екі есе арттыруға мүмкіндік туды.«Биыл біз 45 тонна элиталық тұқым және бірінші репродукциялы бидайдың 730 тонна тұқымын сатып алдық, бұл сорт алма…



