БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
21 қазанда өткізілген білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес екі мәселені талқылады, олар: 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасының «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойынша 9 ай ішінде атқарылған жұмыстарын тыңдау және «Білім беру сапасын жақсарту» бағытындағы жапсарлама құрлысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы.Кеңеске филиал жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Нугаева З. Төрағалық етті.Бірінші тақырып бойынша Маңғыстау облысытық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы К. Құлатаева тыңдалды. Оның сөзінше облыс бойынша жыл басында 162 білім беру ұйымдары болса, жаңа оқу жылында 169 мектеп жұмыс жасайды.-…
