Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21 қазанда өткізілген білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес екі мәселені талқылады, олар: 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасының «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойынша 9 ай ішінде атқарылған жұмыстарын тыңдау және «Білім беру сапасын жақсарту» бағытындағы жапсарлама құрлысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Кеңеске филиал жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Нугаева З. Төрағалық етті.

Бірінші тақырып бойынша Маңғыстау облысытық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы К. Құлатаева тыңдалды. Оның сөзінше облыс бойынша жыл басында 162 білім беру ұйымдары болса, жаңа оқу жылында 169 мектеп жұмыс жасайды.

-Өткен оқу жылында қашықтықтан оқыту білім сапасына айтарлықтай әсерін тигізді. Дегенмен де, күрделі кезеңге қарамастан оқушылар арасында жетістіктер де бар. Соңғы үш жылмен салыстырғанда «Алтын белгі» иегерлері 30%-ға, үздік аттестатпен бітіргендер 40%-ға артты. Облыстағы туу көрсеткішінің жоғары болуы және миграциялық жолмен өсуі үш ауысымды мектептерді жоюға кедергі келтіріп отыр. Осы оқу жылында негізгі мақсатымыз білім сапасын көтеруге бағытталады. Барлық білім беру ұйымдарында mektep.edu.kz эектронды журналы қолданылады. Сондай-ақ, педагогтар мен білім алушылар үшін Bilimland.kz, Daryn.online платформаларындағы функционалды сауаттылыққа негізделген үлгі сабақтарды пайдалану білім сапасының жоғарылауына септігін тигізері сөзсіз,-деді К. Құлатаева.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облысытық құрылыс, сәулет және қала құрлысы басқармасының бас маманы Ж. Бисенбаев тыңдалды.

Оның айтуынша партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 26 мектептің құрылысы жоспарланған. Соның ішінде, 2021 жылы 3 жапсаржай құрылысы аяқталуы тиіс.

-Биыл Ақтау қаласының жаңа шағынаудандары мен Мұнайлы ауданында жаңа 5 мектептің құрылысы басталды. Барлық нысан 2022 жылға өтпелі. Бұдан басқа, бірнеше жобаның құрылысын салуға конкурс жарияланды. Конкурстық рәсімдердің барлығын жыл соңына дейін қорытындылап, нысандардың құрылысын 2022 жылдың басында бастауды жоспарлап отырмыз, -деді Ж. Бисенбаев.

0
0
283

Еще по теме

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ - Yvision.kz