Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

АҚ БИДАЙ

Өтебай ҚАНАХИН АҚ БИДАЙ Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетiмен өседi екен. Бiр жылы қатты қуаңшылық болады. Күннiң оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсiмдiк бiткен сұмдық тарығады. Сол бiр кезде тiршiлiк үшiн жанталасқан өсiмдiк атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды. Тамыры мықтылары Бидай өсiп тұрған жердiң астындағы суды тартып алады. Оның маңындағы қорегiн жырып әкетiп жатады. Кейбiр бойшаң бұталар күннiң көзiне қасақана тұрып алып, жарық түсiрмей бағады. Сөйтiп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында, өлер халге жетедi. Сосын ол олай-былай жүгiрiп, жортып өткен әр қилы аңдардан жәрдем сұрайды. Үстiнен әрлi-берлi қалықтап ұшып өткен үл-кен-кiшi құстарға да жалбарынады. Бiрақ оның өтiнi-шiне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ…

0
0
3976

ЖАЙЫН IЛЕРДЕ

Хамза ЕСЕНЖАНОВ ЖАЙЫН IЛЕРДЕ Мен томпаңдап папамнан қалмай келем. Папам аршындап аяңдайды. Соңында мен барын ұмытып кеткен шығар. Балық жұмысы асығыс жұмыс және алакөбеңнен жиналатын бiр қауырт кәсiп қой. Байқаймын: андағы-мұндағы көзге шалынғанша су басына жету керек, сондықтан да бүгiн папам сақардан тұрды. Борсаңдап терлей бастадым. Аяқта киiз байпақты етiк, баста құлақшын, үстiмде күпi. Жылы киiнбесе де болмайды. Мұз үстi суық. «Ақырын жүрсе еттi» деймiн iшiмнен. Бiрақ папама жай жүр деуге батылым бармайды. «Жүре алмасаң, неге ердiң», – дей ме деп жасқанам. Әрине, неге ердiң деп айтпайды папам. Өйткенi менi ертiп жүрудi iшi жақсы көредi, тек атамнан қорқады. Өйткенi мен атам баласымын ғой – өзiнiң тiзесiнен басқа жерге отыртмай, папама да сүйгiзбей өсiрген баласымын ғой. Сондықтан ата…

0
0
737

ШОПАН ДАҢҚЫ

Сапарғали Бегалин ШОПАН ДАҢҚЫ «Жусаның бөрiктей, жазда жидең өрiктей» деп «Жалғызтау», «Жаман Абралыны» Шыныбек ақын бос-қа айтпаған. Қыста қар жатпайтын, жазда самал есiп тұратын үш тау – маңырап тұрған қойдың қонысы. Бiрақ сол жердiң өрiсi малға толып, қонысы көрiктi ауыл, көрiктi өмiрмен безенгенiн Әшiмбек қарт жаңа ғана көрiп отыр. «Отанға немiс жауыздары шабуыл жасады, барлық ер-азамат майданға аттанып, жаумен соғысады» дегендi, Әшiмбек те бүкiл халықпен бiрге есiтiп, бiрге күйзелдi. Тiзесi, белi ауыратын ескi сырқаты ұстап, бойын жаздырмаған соң, дәрiгерге көрiнгелi ауданға келдi. Сол дәрiгердiң үйiнде отырып, радиодан Сталин жолдастың сөйлеген сөзiн тыңдады. – Ер-азамат майданға аттанса, еңбекке елмен бiрге бiз де барамыз да, – деп өзiмен қатар отырған Хасенге қарады Әшiмбек қарт.…

0
0
1167

МҰСТАПА ҚАРТТЫҢ ӘҢГIМЕСI

Сапарғали Бегалин МҰСТАПА ҚАРТТЫҢ ӘҢГIМЕСI Уықтөбе биiгiнiң солтүстiк сiлемi ұзын-ұзын сала болып, тепсеңi көл қамыс жазығына қарай созыла көлбейдi. Бұлтсыз көгiлдiр аспаннан жарқыраған ай сәулесi, әлде небiр ерекше көңiл сырын қозғағандай тамылжиды. «Желсiз түнде жарық ай» деген данышпан ақынның көркем де әсерлi лебiзi шырқалып тұрған тәрiздi. Осы бiр әсем түннiң мөлдiр де мүкiсi жоқ табиғатына тербелген Мұстапа қарттың ерте кезде басынан кешкен бiр уақиға, сондағы бiр осы өлкенiң түнгi бейнесi елестедi. Ол алдында өркештене үюлi жатқан маржан дәннiң саяларына көз тастап бiр қозғалып қонды. Осы кезде Мұстапаның қасына жас жiгiт Нұржан келiп: – Ата, бағанағы машиналар әлi оралған жоқ па? – Келетiн уақыты жаңа болып келедi ғой. Кешегi бидайдың өзi сыймай қамба да аузы-мұрнына шықты десiп е…

0
0
937

ЖЫЛҚЫШЫ

Сапарғали Бегалин ЖЫЛҚЫШЫ Мұқаш пен Ысқақ екеуi де майданға аттанды. Олардың қысы, жазы бағып өсiрген жүйрiк әрi күштi тұқымды «Таңат» колхозының жылқысы – жас жылқышылардың қолында қалды. Колхоз бастығы Исатайдың жаз шыққалы жылқыны көргелi келгенi осы. Исатай егiс шаруасы жайланып көңiлi орнықса, әдейi келiп жыл-қыны аралайтын. Кейде күнiмен жылқы iшiнде болып, демалатын. Қар кеткелi Исатайдың жылқыға келгенi бүгiн едi. Ол алдымен көк айғырдың үйiрiне келiп, оның сұлу мүшелi дөнен, бестiлерiн, саңлақты сақа биелерiн көрiп, аттан түсiп бiраз отырды. Бiрақ осы жылқының iшi Исатайға онша қызықты емес тәрiздi. Әлдененi қо-ңылтақсығандай, самарқау ойда. Оған мұндай ой сал-ған осы жылқыны жаз ыстыққа күйiп, қыс аязға тоңып бағып өсiрген iнiлерi жоқ. Олар сонау жаумен алысып қан майданда жүр.…

0
0
1303

АЛДАНҒАН ЖОЛБАРЫС

Сапарғали Бегалин АЛДАНҒАН ЖОЛБАРЫС Iленiң Балқашқа құйған сағасы қалың құрақ, жалпақ көгалымен көктемде ерекше бiр көркiне кiрiп едi. Айдынын аққу, қаз, алуан түрлi үйректер мекендеген қамыс iшiнiң алаңдарындағы көк үйiрiмдер құс базарына ұқсайды, күндiз-түнi тынымсыз үн қатады. Бұл мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылдың көктемiндегi Iле құйғанының бiр күнi едi. Жаңадан ғана ұйымдасқан «Құйған» колхозының мал фермалары қатарласа қонған. Олардың ортаға жаңа ұйымдасқан түлiктерi – түйесi боздап, қойы қоздап, сиыры мөңiреп, осы сағаны думанға бөледi. Көлде құс үнi, көктiгiнде мал дыбысы, белесiнде егiс дүбiрi Iле сағасынан өмiр үнiн көтерген. Осы думанның қалың ортасы Ғайни басқарған түйе фермасының ауылы. Есейiп, отыққан боталарын енесiне ертiп, боталы iнгендерi бiр топ болып мамырлап өрiсi…

0
0
3417

БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ

Ыбырай Алтынсарин БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты: – Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық. Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүр-леуге түсiп жүре бердi. Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады: – Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi: – Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар…

2
0
5546

АТЫМТАЙ ЖОМАРТ

Ыбырай Алтынсарин АТЫМТАЙ ЖОМАРТ Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн.…

1
0
4796

ӨРМЕКШI, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ

Ыбырай Алтынсарин ӨРМЕКШI, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады: – Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр? – Көремiн, өрмек тоқып жүр. – Анау құмырсқаны көремiсiң? – Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады. – Жоғары қара, аспанда не көрiнедi? – Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар. Сонда атасы айтты: – Олай болса, шырағым, ол кiшкентай жәндiктер саған үлгi. Өрмекшi маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзiне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бiр нанның уалшығын тапқан соң өзi жемей, аузына тiстеп, қуанғаннан үйiне жүгiрiп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя iстеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бiр жан жоқ. Сенi де құ-дайтағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс iстеуге әде…

1
0
3745

МОГИКАННЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ — XXXIII тарау

Фенимор КУПЕР МОГИКАННЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ (қазақ тіліндe) Oрыс тілінeн аударған Тельман Жанұзақов МАЗМҰНЫ I тарау........................................................................................5 II тарау.....................................................................................12 III тарау...................................................................................21 IV тарау....................................................................................29 V тарау.....................................................................................40 VI тарау....................................................................................48 VII тарау...................................................................................61 VIII тарау....................…

1
0
695